Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құқық қорғау қызметі -

Құқық қорғау қызметі

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2059 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Құқық қорғау қызметі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға құқық қорғау қызметі туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;
6)іздені,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;
7)ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Қоғам дегеніміз – адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі.
Құқық қорғау органдарына:
- сот,
- прокуратура,
- ішкі істер органдары,
- ұлттық қауіпсіздік,
- әділет органдары,
- кедендік бақылау органдары,
- жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.
Заңдылық-бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидасы, әдісі мен тәртібі. Заңдылықты мәні-құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.
Заңдылықтардың қағидалары:
- Жалпыға бірдейлік
- Бірлік
- Заңның үстемдік
- Заңдылықты іске асырудың тұрақтылығы
- Заңдылық пен мақсатқа лайықтылықты қарсы қоюға болмайтындық
- Заңдылық пен мәдениеттілік
Құқықтық тәртіп – бұл заң мен құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың тәртіптілік жан-күйі. Бұл құқықтық талаптарды іске асырудың құқықтың нормаларды, яғни заңдылықты сақтаудың, орындаудың түпкі нәтижесі.
Құқық қорғау қызметі – кез келген тәсілмен ғана емес, ықпал етудің заңдық шараларын қолдаудың көмегімен жүзеген асырылады. Олардың қатарына заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу және жазалау шараларын жатқызуға болады. Олар:
- Қылмыстық құқық
- Азаматтық құқық
- Әкімшілік құқық
- Тәртіптік
Сот әділдігі-қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау және шешу жөніндегі қорғау қызметінің бір түрі. Сот билігін жүргізуші – судья.
Сабақты қорытындылау: Құқық қорғау қызметі заңды ықпал ету шараларымен заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §26, 142-148 бб. мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.