Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құқық туралы жалпы түсінік. -

Құқық туралы жалпы түсінік.

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4125 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы:§ 29. Құқық туралы жалпы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға әлеуметтік норма мен құқықтық норма ұғымдарына түсінік беру. Құқық пен заң арсындағы байланыстарды түсіндіру.
Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылығы мен тәуелсіздігі деген ұғымдар нені білдіреді?
2. Зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ұғымдарына қысқаша сипаттама беріңдер?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. Конституциялық мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Әлеуметтік нормалар.
2. Құқық және мемлекет.
3. Құқық жүйесі.
4. Құқықтың қоғам өміріндегі ролі.
5. Құқық және заң.
Қоғамдық ортада адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз.
Әлеуметтік нормалар адам өмірінің барлық жағын – оның қоғамық қызметін атқару кезінде немесе тұрмыстағы өмірінде өзге адамдармен қарым-қатынас жасау үдерісіндегі сөйлесу, өзін ұстау, қимылдау, киіну,сезімін білдіруде ұстанатын құндылық бағдарларын қамтиды.

Құқықтың пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты. Мемлекет тарапынан бақылауға алынған, нормативтік актілерде нақтыланған, орындалу тетігі қалыптастырылған жиынтық болғандықтан, құқық ережелерін сақтау мемлекеттін барлық азаматтары үшін міндетті болып табылады. Құқық дегеніміз- мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқық негіздеріне мемлекеттің басты негізгі заңы- Конституциясы, салалық заңдары және басқа құқық нормалары тұжырымдалған мемлекеттік нормативті актілер жатады.
Құқықтың ерекшелігі- оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатынында. Ал моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің жазғыруына душар болады, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Діни нормалар, ғұрып нормалар, корпоративтік нормалар болып бөлінеді.
Құқықтық нормалардың жиынтығы ретіндегі құқық қоғам өмірінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қатынастарда реттілік орнатуға бағытталады.
Құқықтық жүйе мемлекеттік құрылысты, қалыптасқан экономикалық қатынастарды, мемлекеттік және жекеменшікті қорғау мақсатын көздейді. Құқықтық тәртіпті қорғау үшін, заңды бұзушыларды жауапқа тартатын арнаулы органдар – полиция, сот, прокуратура, әскер құрылған.

Құқық- мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі.
Құқықтық идиеология- мемлекетте танылған құқықтық көзқарастар, идеялар, мәдениет.
Мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау құқығы берілген.
Құқық жүйесінде заңдар ерекше орын алады. Заңға мемлекеттік биліктің жоғары органы- парламент қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер жатады. Заң – ең жоғары юрисдикциялық күш.Заңдар адамның құқықтық мәртебесін анықтайды.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Әлеуметтік нора мен құқықтық норма ұғымдарының арасында қандай айырмашылықтар бар?
2. Құқық пен заң арасында қандай байланыстар бар?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Құқық дегеніміз не?
2. Құқықтық жүйе дегеніміз не?
3. Діни нормалардың ерекшеліктері қандай?
4. Зайырлы мемлекеттегі діни нормаларға көзқарас қандай?
8. Үйге тапсырма:§ 29. Құқық туралы жалпы түсінік.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.