.
.
Тақырыбы: Құқық туралы жалпы түсінік Құқық туралы жалпы түсінік
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3399 | Размер: | Автор: Нартай4540Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Құқық туралы жалпы түсінік туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз (грек. socitas — қоғам, лат. norma — ереже, үлгі).
Құқықтық нормалар. Құқыктың пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты. Мемлекет тарапынан бақылауға алынған, нормативтік актілерде нақтыланған, орындалу тетігі қалыптастырылған нор¬малар болғандықтан, құқық ережелерін сақтау мемлекеттің барлық азаматтары үшін міндетті болып табылады. Құқұық дегеніміз — мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқық негіздеріне мемлекеттің басты негізгі заңы — Конституциясы, салалық заңдары және басқа құқық нормалары тұжырымдалған мемлекеттік нормативті актілері жатады. Құқықтың мазмұны құқықтык нормалардың жиынтығынан тұрады.
Құқықтың ерекшелігі — оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатынында. Ал моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Діни нормалар. Түрлі діндердің міндеттелетін қағидалары, ережелері, салттары болады. Діни нормалардың
қайнарлары — Құран, Библия басқа қасиетті кітаптар. Кейбір елдерде діни нормалардың заңды күші бар.
Ғұрып нормалары деп ұзақ уақыт бойы адамдар арасындағы қатынастарды реттеу үшін қолданылып келген ұстану ережелерін айтамыз. Олардың кейбіреулері мемлекеттің араласуынсыз қоғамда қалыптасып кеткен. Мұндайда ғұрып нормаларын бұзуға қоғам тарапынан да, мемлекеттік органдар тарапынан да мәжбүрлеу қолдануға түрткі болуы мүмкін.
Кортюративтік нормалар қоғамдык ұйымдардың жарғыларымен, ережелерімен, басқа актілерімен орнатылады. Корпоративтік нормалар тек олардың өздерінің құқықтарын, міндеттерін, жауапкершіліктерін айқындайды. Корпоративтік нормалар саяси партиялардың, кәсіподак және жастар мен балалар ұйымдарының, әскердің, полицияның жарғыларында жазылады.
Мемлекет пен оның органдары тарапынан құқыктық нормалардың орындалуы, заңдардың бұзылмауы қадағаланды. Құқыктық тәртіпті қорғайтын, заңды бұзушыларды жауапқа тартатын арнаулы органдар — полиция, сот, прокуратура, әскер құрылды.
Құқық жүйесі үш құрауыштан — құқықтан, құқыктық идеологиядан және құқықтық мекемелердің қызметінен тұрады. Құқық — мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі. Құқықтық нормалар тек заңдардан ғана тұрмайды, басқа нормативтік құқыктық актілерде де көрсетіледі. Мемлекеттік органдарға нормативтік құқыктық актілер қабылдау құқығы берілген. Президент — нормативтік жарлықтар, Үкімет — нормативтік қаулылар, министрліктер — нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар — нормативтік шешімдер қабылдайды.
Құқық және заң. Құқық жүйесінде заңдар ерекше орын алады. Заңға мемлекеттік биліктің жоғары ор¬ганы — парламент қабылдаған нормативтік актілер жатады. Заң — ең жоғары юрисдикциялық күш. Заңдар адамның құқықтық мәртебесін анықтайды.
Капитализм тұсында ғана жұмысшылар мен шаруалар азаматтық мәртебеге ие болды, бірақ өмір сүру үшін олар жеке кәсіпкерлерге жалданды.
Француз революциясының негізгі құжаты — "Адам мен азамат құқықтарының декларациясы" (1789) тарихта тұңғыш рет азаматтардың заң алдындағы теңдігін, жеке адамның бас бостандығын жариялады
Бекіту кезеңі:
1. Әлеуметтік норма мен құқықтық норма ұғымдарының арасын ажыратып көрсетіңіздер.
2. Құқық пен заң арасында қандай байланыс бар?
3. Діни нормалардың ерекшеліктері қандай?
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 29
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.