.
.
Сабақтың тақырыбы:§ 33. Құқықтық мемлекет Құқықтық мемлекет
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3730 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға құқықтық мемлекет деген не және оның белгілерін түсіндіре отырып, құқықтық мемлекеттің мақсаты мен қажеттілігін, құқықтық мемлекет құру жолдарын ашып көрсету.
Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.
Көрнекілігі: ҚР Конституциясы
Әдісі: баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Азаматтық алу үдерісіндегі қан құқығы және топырақ құқығы ұстанымдарының қайсысы жөн деп есептейсіңдер?
2. Қос азаматтық дегеніміз не?
3. ҚР-ның азаматтығын алу үшін өтініш қандай жағдайларда қабылданбайды?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. Азаматтық дегеніміз не, оның мемлекетпен қандай байланысы бар? (пікіраламасу)
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Құқықтық мемлекет.
2. Құқықтық мемлекеттің белгілері.
3. Құқықтық мемлекеттің мақсаты мен қажеттілігі.
4. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолдары.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің даму стратегиясындағы басты нысаналарының бірі ретінде құқықтық мемлекет құру бағытын жариялады. Құқықтық мемлекет ұзақ тарихи даму үдерісінде қалыптасады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Еліміз құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолына түсті» деп жазылған.
Құқықтық мемлекет дегеніміз – Заңның жоғарылығы, барлық азаматтардың заң алдыңда теңдігі, биліктің бөлінуі, соттардың тәуелсіздігі ұстанымдарына негізделген құқық жүйесі қалыптасқан мемлекет,
Құқықтық мемлекеттің ең басты және айқын белгісі – заң бәрінен де жоғары тұрып, қоғамдық өмірде үстемдік етеді. Қоғамдық өмірдің барлық маңызды жақтары заң шығарушы билік органы осыған ыңғайлап құрылады.
Құқықтық мемлекттің тағы бір маңызды ұстанымы – барлық мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға заң талаптарының орындалуын міндеттеуі.
Қоғам адамдарды жынысына, тегіне, нанымына, лауазымына, ұлтына, материалдық жағдайына, жасына, өзге де әлеуметтік белгілеріне қарап алаламауы керек. Заң алдында адамдардың бәрі тең. Бұл биліктің рәмізі секілді, қоғам мүшелерінің адамгершілігінің асқақтығының айғағы болатын, қоғамның рухани жетілгендігін, оның шын мәніндегі өркениеттілігін көрсететін, бүкіл адамзат қабылдаған құқықтық саналықтың өлшемі. Өркениетті елдердің конституциялары азаматтарды түрлі әлеуметтік белгілеріне қатысты алалауға, кемсітуге жол берілмейді. Қазақстан Республикасының Конституциясы да осы ұстанымды басшылыққа алған.
Бұл ұстанымның мазмұны биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлініп тұруынан көрініс береді. Бұл ұстаным бойынша биліктің әр тармағы өзінің құзіреттілігі шеңберінде ғана әрекет етеді. Билік толығымен үш тармақтың үшеуінің де қолына түспей, олардың әрқайсынан тең алыстықта болады. Сонымен қоса, билік тармақатары бірін-бірі өзара тежей және арасалмақтылыққа келтіре отырып, демократиялық нормалардың бұзылуына, билік құруға шектен тыс әуестеніп кетушілікке қарсы кепілдік факторы болады.
Құқықтық мемлекеттің тағы маңызды белгілерінің бірі – азаматтардың заңдарды мүлтіксіз сақтауы. Азаматтар өз құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, заңдарды, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді жақсы білуі қажет.
Шын мәніндегі құқықтық қоғам орнатуды көксеген мемлекет өз азаматтарының құқықтық санасын қалыптастырады. Халық бұқарасына жаппай құқықтық білім беру мәселелері Қазақстан Республикасында қарастырылған. 1995 жылы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің «Құқықтық жаппай оқытуды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шықты. Құқықтық мемлекет қалыптасуын қамтамасыз ету идеясы көтерілген бұл актіде балаларды құқықтық және әдептілік нормаларға мектепке дейінгі жасынан бастап үйрету көзделген.
Құқықтық мемлекеттің келесі маңызды қағидаларының бірі соттардың тәуелсіздігінің баянды етілуі болып табылады. Құқықтық мемлекетте сот мемлекеттік биліктің үш тармағының біреуі болып саналады. Даулы құқықтық мәселелердің барлығы сотта шешіледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясында жазылғандай: «судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады». Соттың ісіне қол сұғу, билігіне араласу заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың бірі – олардың өмір бойына тағайындалуы.»
Мемлекет, алдымен, дамыған ұлттық құқықтық жүйенің болуы және оның нақты қызмет істеуі арқасында құқықтық деп танылады. Мемлекеттің құқықтық сипатының деңгейі, оның демократиялық, прогресшіл және адамгершілікті құқықтық идеяларды өз бойына жинақтауы халықаралық құқыққа қалай қарайтындығымен де анықталады.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Құқықтық мемлекеттің қандай белгілері бар?
2. Құқықтық мәдениеттің маңызы қандай?
3. Қазақстандағы биліктің бөлінген үш тармағы қалай деп аталады?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Соттардың тәуелсіздігі жайлы пікір алмасу.
2. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру үдерісі қалай жүріп жатқаны жөнінде пікір алысу.
8. Үйге тапсырма:§ 33. Құқықтық мемлекет.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.