Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құқықтық мемлекет -

Құқықтық мемлекет

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2850 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Құқықтық мемлекет
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Құқықтық мемлекет туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Құқықтық мемлекет дегеніміз - құқық жүйесі қалыптасқан, заң бәрінен жоғары туратын, заң талаптарының барлық субъектілерге міндеттілігі қамтамасыз етілетін, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметі тугелдей қабылданған заңдарға негізделіп жургізілетін мемлекет.
Құқықтық мемлекеттің белгілері. Құқыктық мем-лекеттің ең басты және айқын белгісі — заң бәрінен де жоғары тұрып, қоғамдық өмірде үстемдік етеді. Қоғамдық өмірдің барлық маңызды жақтары заң арқылы реттеліп отырады. Конституция бойынша заң шығарушы билік органы осыған ыңғайлап құрылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасының Парламенті қызметінің заң шығарушылық және оны жүзеге асырушылық сипаттары айқындалған. Парламент аса маңызды қоғамдык қатынастарды реттейтін, жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігін айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік бола алатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырылуы мен олардың қызметінің сипатын көрсететін, мемлекеттік және әскери қызметтің мәніне қатысты қағидалар мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруы керек.
Заң шығару — парламенттің төл қызметі. Бұл миссиясын Парламент ешбір өзге органға бермеуі керек және өзінің шығарған заңдарымен, нормативтік актілерімен қоғам өмірінің негізгі жақтарын тегіс қамтуы керек.
Кейде заң шығару құқығының ел Президентіне уақытша берілуі құқықтык мемлекетте де болуы мүмкін. Қоғам өмірі өте күрделі, онда да түрлі алдын ала қарастырылмаған жағдайларға ұшырасып отырады. Саяси дағдарыстар кезінде парламент таратылып жіберілетін жағдайлар болады немесе парламент толық құраммен кезекті демалысқа шығарылады.
Құқыктық мемлекеттің тағы бір маңызды қағидасы — барлық мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға заң талаптарының орындалуын міндеттеуі. Заңдардың өзін қабылдайтын мемлекет пен оның органдары болғандықтан, заң талаптарын орындаттыру міндеттерін де, алдымен, сол мемлекеттің өзі мойнына алуы керек.
Бұқараның құқықтық мәдениеті. Құқықтык мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі — азаматтардың заңдарды мүлтіксіз сақтауы. Азаматтар өз құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, заңдарды, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді жақсы білуі қажет. Ол үшін Конституцияны, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысы бар заңдарды, барлық нормативтік-құқықтың актілерді баспасөз бетінде жариялап отыру қарастырылған. Заңдарды баспасөз бетінде жариялау оларды қолданудың алғышарты болып табылады. Мұның азаматтарды құқықтық жағынан сауаттандыру үрдісіндегі маңызы зор. Конституциялық ереже азаматтардың құқықтары мен міндеттері нақты-ланған салалық актілердің мазмұнының жұртшылыққа жеткізілуін қамтамасыз етуді талап етеді.
Соттардың тәуелсіздігі. Құқықтық мемлекеттің келесі маңызды қағидаларының бірі — соттардың тәуелсіздігінің баянды етілуі болып табылады. Құқықтық мемлекетте сот мемлекеттік биліктің үш тармағының біреуі болып саналады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында жазылғандай, "судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады". Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді. Соттың ісіне қол сұғу, билігіне араласу заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 33
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.