Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«қылмыс» ұғымы және оның белгілері. Қылмыстық жауапкершілік және қылмыстың құрамы -

«қылмыс» ұғымы және оның белгілері. Қылмыстық жауапкершілік және қылмыстың құрамы

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1630 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Пән Құқықтану
Сынып: 11 «Б» Сабақ:4 Күні:
Тақырыбы: «қылмыс» ұғымы және оның белгілері. Қылмыстық жауапкершілік және қылмыстың құрамы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға «қылмыс» ұғымы және оның белгілері. Қылмыстық жауапкершілік және қылмыстың құрамы туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;
6)іздені,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-бабында берілген: «осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады»
Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар 4 топқа бөлінеді:
- онша ауыр емес қылмыстар;
- орташа ауыр қылмыстар;
- ауыр қылмыстар;
- ерекше ауыр қылмыстар;
Қылмыстың жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалауы немесе қылмыстық-құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндет.
Қылмыстың жауапкершіліктің мынадай элементтері болды:
- жасаған қылмысты үшін адамның жауап беру міндеті;
- соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;
- кінәлі адамға қылмыстық-құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;
- жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық;
қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстың жауапқа тартылады. Ал 14 жасқа дейінгі жас балалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Қылмыс – бұл Қылмыстық кодекспен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс – қимыл.
Сабақты қорытындылау: қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің қоғамға қауіптілігі мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне басшылық еткен адам есі дұрыс деп танылады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §12, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.