Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қылмыстық құқық -

Қылмыстық құқық

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4929 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қызылорда облыстық білім басқармасы
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі

Құқық негіздері пәнінен ашық сабақ
жоспары

Тақырыбы: Қылмыстық құқық

Дайындаған оқытушы: Мустафаева Қарлығаш Ибадуллақызы

Мустафаева Карлыгаш Ибадуллаевна
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда
агарлық-техникалық колледжінің
«Қоғамдық пәндер» циклінің құқық негіздері
пәнінің оқытушысы, юриспруденция магистрі
Қызылорда қаласы

Сабақтың тақырыбы: Қылмыстық құқық
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік-оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған
жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар-намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын-алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындағы туралы түсіндіру.
ә) тәрбиелік- адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейрімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін бағыттай отырып құқықтық тәрбие беру.
б)дамытушылық-оқушылардың бойында құқықтық білімді қалыптастыра отырып, саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу.
Сабақтың түрі:Практикалық (семинарлық сабақ).
Сабақтың типі: Білімді бекіту

Сабақтың оқыту әдістері: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиясының элементтері, театрландырылған көрініс, сұрақ-жауап, іздену, ойын элементтері және т.б.

Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдығы: Интерактивті тақта, қанатты сөздер, кітап көрмесі, тірек сызбалар және флипчарттар, слайдтар т.б.

Пәнаралық байланыс: Қылмыстық іс-жүргізу, Саясаттану және әлеуметтану негіздері, Қылмыстық атқару құқығы, Құқықтық статистика т.б.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, дәрісхана тазалығына назар аудару.
ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару, құқықтық білімге деген қызығушылығын арттыру.
Екі топқа бөлінген оқушылар жеке –жеке отырғызылады, топ лидерлері сайланады, эксперт тобы құрылады.
1-топ «Заңгерлер»
2-топ «Бейбітшілік»
Жоспары:
1.Ой қозғау: Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Қылмыс дегеніміз не?» деген сұраққа ассоцация жасау.
2. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- мақал-мәтел сайысы
3. «Білгенге маржан»- терминдермен жұмыс
4. Театрландырылған көрініс
4.1.«Тергеуді мамандар жүргізеді»
4.2«Сот процессі»
5.«Біліміңді көрсет» кезеңі (ҚР-ның қылмыстық кодексінің кейбір баптарына өзіндік анализ жасайды).
6. «Аттестатция» (әр топ құқықтық криптограмманы шешеді).

7. Кім жылдам? - (Капитандар жарысы).

Сабақта жасалатын әрекеттер:
-топқа бөлу,
-жеке жұмыс,ой-өрісін тыңдау (ой-шақыру),
-слайдтармен жұмыс,
-пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа сұрақ беріледі, топ лидері мен топ мүшелері жауап береді)
-шығармашылық жұмыстармен таныстыру,
-эксперттер тобының жұмысы (бағалау),
-мұғалімнің қорытынды сөзі.

Оқытушының сөзі: Құрметті оқушылар!Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізде қабылданған Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтарымен бостандықтары» деп көрсетілген.
Бүгіндері құқықтық мемлект құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай , тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.Сондықтан,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Қылмыстық құқық деп аталады.

1.Жарыс сабағымызды жүргізу үшін 2 топқа жетекшілер сайлап алайық. Топтарға сәттілік тілейміз.
1.Сайысымыздың алғашқы бөлімі Ой қозғау: Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Қылмыс дегеніміз не?» деген сұраққа ассоцация жасау.



2-кезеңіміз «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- мақал-мәтел сайысы деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар мақал –мәтелдің жалғасын табу беріледі және сол табылған жалғастың ішіндегі сөздің екі тілде аудармасын айтады. Егер жалғас дұрыс табылып , екі тілдеде аударма дұрыс берілген жағдайда әрбір дұрыс жауап 20 ұпай алады,егер бір ғана аударманы дұрыс берсе 10 ұпай,ал аудармаларберілмей тек мақал-мәтелдің жалғасы дұрыс табылса 5 ұпайдан беріледі.

1.Бір қазаға екі..........................жоқ.(жаза)
2.Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі....................табар.(куә).
3.Би екеу болса, ..............................төртеу.(дау).
4.Әр елдің...................басқа, иттері қара қасқа.(заңы).
5.Елшіге.................жоқ.( өлім).
6.Тақыр жерге су төксең жүруге тайғақ болар, Жаманға сырыңды айтсаң.............., ......................болар.(айғақ,айғақ).
7.Ата-ананың қадірін қадірін балалы болғанда білерсің, анық достың қадірін, .............................болғанда білесің.(жалалы).
8............................істің- арты игі.(әділ).
9. Жолға шықсаң сайлан, бес ........................байлан.(қару).
10.У ішкен бір өледі,....................ішкен мың өледі.(ант).

3. Білгенге маржан -(Терминдермен жұмыс).

Конституция-ең жоғарғы заңды күші бар акті.

Кодекс-қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқық нормалары біріктірілген және жүйеленген нормативті акті.

Амнистия-қылмыс жасаған адамды жазасын өтеуден толықтай немесе ішінара босату, не әлігі адамға сот тағайындаған жазаны жеңілдету немесе жазадан босату.

Санкция-қолданылатын жағымсыз шара.

Жаза-соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Прецедент- нормативтік актілердің бірі.

4-кезең - театрландырылған көрініс

1-топ Заңгерлер «Тергеуді мамандар жүргізеді»
2-топ Бейбітшілік «Сот процесі»

5-кезең«Біліміңді көрсет» кезеңі (ҚР-ның қылмыстық кодексінің кейбір баптарына өзіндік анализ жасайды).
1-топ Заңгерлер «Көліктегі қылмыстар».
2-топ Бейбітшілік «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жауапкершілігі».

6- кезең -«Аттестация» -«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады » демекші сайыста озып шығу үшін білімді болудың маңызы зор. Сондықтан бұл бөлімде әр оқушының білімін бағалау үшін әр топ құқықтық криптограмманы шешеді.

25 23 9 19 23 15 5 23 25
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.