.
.
Тақырыбы: Қылмыстық құқық құрылымы мен функциялары Қылмыстық құқық құрылымы мен функциялары
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1873 | Размер: | Автор: Нартай4540Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қылмыстық құқық құрылымы мен функциялары туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Қылмыстық құқық деген не? Қылмыстық құқық — адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтың жеке саласы. Қылмыстық құқык нормасы арқылы қоғамдық қатынастардың реттелуі қылмыс істеуге байланысты, қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында көрініс береді. Қылмыстық құқық жазамен қорқытып, тыйым салынуға тиіс әрекеттердің істелуінен туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қыл¬мыстық құқық нормасы азаматтарға қылмыстық әрекеттермен қиянат келтірілгенде, олардан адамның қорғануына байланысты қатынастарды ретке келтіреді.
Қылмыстық құқық — жалпы құқық жүйесінің негізгі саласы және жеке тәртіп. Ол қылмыстың не екенін, қылмыстық жауапкершілікті, жаза және жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың реттілігі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады. Құқықтың басқа салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылык базасы — Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Қылмыстық құқық қылмыс істелуіне байланысты адамдар арасында немесе адам мен қоғам арасында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Қылмыстық құқықтық қатынастардың субъектілері болып, бір жағынан — қылмыс істеген адам немесе адамдар тобы, екінші жағынан — қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық қорғау және құқықтық жаза қолдану органдары есептеледі. Белгілі бір әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызу, оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық әрекетті болдырмау, бола қалса, ол үшін қылмыстық жауапқа тартатын нормаларды белгілеу — мемлекеттің құзыреті.
Қылмыстық құқықтың құрылымы. Қылмыстық құқық
- Жалпы бөлімде қылмыс пен жаза туралы ұғым; қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері; қылмыстық жауапкершілік негізі; қылмыстың құрамы туралы түсінік; қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші; әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын жайлар; сондай-ақ, қылмыс істеу, қылмысқа қатысу, жазаның мақсаты, жүйелері, жаза тағайындау; қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату жағдайлары қарастырылады.
- Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және олар үшін белгіленетін жаза түрлері көрсетіледі.
Қылмыстық құқықтың функциялары. Қылмыстық құқық функцияларына: қорғаушылық, сақтандырушылық және тәрбиелік маңызы жатады. Қылмыстық құқықтың негізгі функцияларына:
- адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
- қоғамдық тәртіпті сақтау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны бүлінуден қорғау;
- Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын сақтау;
- қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау;
- бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу жатады. Бүл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауапкершілік негіздері белгіленеді;
- жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті әрекеттердің қылмыстық мәні айқындалады;
- кінәлілерге жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтың ықпал ету шаралары белгіленеді.
Қылмыстық құқықтың қағидалары. Қылмыстық құқық өзінің алға қойған функцияларын тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық қағидаларды сақтау негізінде жүзеге асыра алады. Қылмыстық-құқықтық қағидалар заң шығарушыға, құқық қорғау және қолдану орган¬дары мен азаматтарға қылмысқа қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады. Олардың негізгілері мыналар:
— Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде халықаралық қылмыстық құқықтың жалпыға ортақ қағидалары мен нормаларының толық ескерілуі;
— қылмыстық заңның Конституцияға негізделуі;
— қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол бермеу;
— азаматтардың заң мен сот алдында теңдігі;
— ешкімнің жауапкершіліктен құтылмайтындығы;
— әділеттілік ұстанымы;
— ізгілік ұстанымы.
Құқықтың салалық жүйесі. Өмірде түрлі қоғамдық қатынастарды заңдық нормаларға сәйкес құқықтың салалары реттейді. Құқықтың салалары өзара байла¬нысты, қоғамдық өмірде белгілі бір салада реттелетін нормалардың жиынтыгын құрайды.
Тапсырмалар
1. "Қылмыстық құқық" ұғымына жазбаша сипаттама жазыңыздар.
2. Қылмыстық құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерін салыстырып қараңыздар.
3. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидаларын атап
көрсетіңіздер.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 47
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.