.
.
«Үздiк құқықтанушы» сайысы «Үздiк құқықтанушы» сайысы
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2339 | Размер: | Автор: Нартай4540 Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісіне керек екенін ұғындыру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, оқушылардың ой- өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, сөздік қорын молайту, оқушылардың бойына құқықтық патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Сайыстың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру
2. Мәлімет беру. Қазақтан шыққан ең алғаш кәсiпқой- заңгер- Ж. Ақпаев
Жақып Ақпаев
Ақбаев(Ақпаев) Жақып(1876-1934)- қазақтың тұңғыш құқықтанушы- заңгері, Алаш зиялысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. Қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. 1903 жылы Санкт- Петербург университетінің заң факультетеін алтын медальмен бітірді. Мемлекеттік сынақ комиссиясында “Қазақтардың некелік құқығы” атты еңбегін түрмеде отырғанда аяқтап, 1907 жылы Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында жарияланды.1907- 1927 жылдары аздаған үзілістермен Семей, Сырдария округтік губерниялық соттарында қызмет атқарды. Ресейдегі төрт өкімет тарапынан қуғын- сүргінге ұшырады. 1919 жылғы шілдеде ақ қазақтардың далалық соты атуға үкім шығарды. Қарақарлы, Семей, Омбы, Алматы түрмелеріне қамалып, әлденеше рет жер аударылды.
3.Сайысқа қатысушыларды шақыру
Мұхтарғали Әлинұр
Туған жылы: 1992 жыл
• Жұлдызы: шаян
• Сүйікті пәні: физика
• Киносы: 1001 түн
• Музыкасы: терме
• Сүйікті әншісі: М. Беспаев
• Актері: Н.Төлендиев
• Ақын- жазушысы: М. Мақатаев,
• Т. Айбергенов
• Спортшысы: И. Ильин
• Түсі: көк, қара
• Сүйікті ісі: газет, кітап оқу
• Сүйікті кітабы: Ақиқат пен аңыз
Сембеков Қазбек
Туған жылы: 1992 жыл
Жұлдызы: бикеш
Сүйікті пәні: биология
Киносы: Ағайынды
Музыкасы: терме
Сүйікті әншісі: М. Беспаев
Актері: Д. Керри
Ақын- жазушысы: Абай
Спортшысы: Б. Сарсекбаев
Түсі: көк, қара
Сүйікті ісі: валейбол ойнау
Сүйікті кітабы:
Махаббат қызық мол жылдар
Советжанов Асқар
• Туған жылы: 1993
• Жұлдызы: тауешкі
• Сүйікті пәні: дүние жүзі тарихы
• Киносы: 1001 түн
• Музыкасы: Мейрамбектің термесі
• Әншісі: М. Беспаев,
• Е. Нұржанов
• Актері: Сон Ил Гук
• Ақын- жазушысы: М. Мақатаев
• Спортшысы: М. Мәзімбаев
• Түсі: көк, қара
• Сүйікті ісі: баскетбол ойнау
• Сүйікті кітабы: энциклопедия
Тілеубеков Ермек
• Туған жылы: 1993 жыл
• Сүйікті пәні: дене шынықтыру
• Киносы: Ағайынды
• Музыкасы: Терме
• Әншісі: М. Беспаев
• Актері: Сан Ил Гук
• Ақын- жазушысы:
• М. Мақатаев
• Спортшысы: А. Назаров
• Жұлдызы: Егіздер
• Түсі: қызыл
• Сүйікті ісі: баскетбол ойнау
• Сүйікті кітабы: әдебиет
Мұқаш Таңат
Туған жылы: 1994 жыл
Жұлдызы: тауешкі
Сүйікті пәні: тарих,
география
Киносы: Құйынды мекен
Музыкасы: терме
Сүйікті әншісі: М. Беспаев
Актері: Н.Төлендиев
Ақын- жазушысы:
М. Мақатаев
Спортшысы: Б. Артаев
Түсі: жасыл
Сүйікті ісі: футбол ойнау
Сүйікті кітабы:Абай жолы
Алашханов Мерей
Туған жылы: 1994 жыл
Жұлдызы: мерген
Сүйікті пәні: тарих, кұкық
Киносы: Жумонг
Сүйікті әншісі: А. Пердешев
Актері: Сон Ил Гук
Ақын- жазушысы: М. Мақатаев,
Спортшысы: М. Мәзімбаев
Түсі: жасыл
Сүйікті ісі: жүгіру
Сүйікті кітабы:
Махаббат қызық мол жылдар
4. Сайыстың шарттары:
1. Іріктеу
2. Шынығу
3. Сен білесің бе?
4. Жалғасын тап
5. Тосын жағдай
6. Сөз шебері
5. Сайысымызға қазылық жасайтын қазылар алқасын тағайындайық.
6.«Іріктеу» кезеңі. Бұл кезеңде сайыскерлер тест сұрақтарына жауап беру қажет, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Жоғары ұпай жинаған бес адам келесі кезеңге өткізіледі.
1. ҚР азаматы бола алады
А. 3 жыл тұрғандар
Б. 5 жыл тұрғандар
В. Барлығы, кез- келген адам
2. ҚР азаматы басқа жерге қуылады, егер
А. Ауыр қылмыс жасаса
Б. Шетел азаматы
В. Егер, ол кісі елдің саясатын қолдамаса
3. Ата- анасының шетелде тұрғылықты жері болып біреуі ҚР азаматы болса, ҚР- нан тыс туылған бала қай елдің азаматтығын алады?
А. ҚР азаматы
Б. Шетел азаматы
В. Ата- анасының жазбаша келісімі
4. Ата- анасының екеуі де белгісіз баланың азаматтығы
А.ҚР азаматы
Б. Азаматтығы жоқ
В. Асырап алушының азаматтығымен бірдей
5. Азаматтығына дәлел құжат
А. Куәлік, төлқұжат
Б. Студенттік билет
В. Зейнетақы кітапшасы
6.Құқықтық нормалар және ережелер кімдерге арналған
А. Заңгерлер
Б. Халық
В. Адам
7.ҚР 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған заң
А. ҚРК
Б. ҚРАК
В. ҚРҚК
8. Сенат депутаты неше жылға сайланады?
А. 7
Б.5
В. 6
9. Бала құқығы туралы конвенция неше баптан тұрады?
А. 56
Б. 54
В. 55
10. Мемлекеттік биліктің бірден- бір бастауы
А. Халық
Б. Президент
В. Парламент
2- кезең- «Шынығу» кезеңі. әр сұрақ бойынша жасырын сөздерді табу.
• Двакато- азаматтар мен ұйымдарға заң мәселелері бойынша консультациялар мен түсініктемелер, заңдар жөнінде анықтама береді.
• Иваз- әр мемлекеттің аймағына кіруге және шығуға немесе өтуге берілетін рұқсат.
• Инзцялеи-мемлекет құзырлы органның экспорттық не импорттық тауарларды әкелуге немесе әкетуге, сондай- ақ патентке өнертапқыштыққа тауар белгісін пайдалануға беретін арнайы рұқсатнама.
• Енцрауз- бұқаралық ақпарат құралдарының және оларда жарияланатын кейбір материалды немесе мәліметтермен деректі шектеу не тыйым салу.
• Цакия- бағалы қағаз.
• Аңзегр- арнайы заң оқу- орындарының құқықтану немесе заңтану саласын бітірген маман.
Дұрыс жауаптары:
• Двакато- адвокат
• Иваз- виза
• Инзцялеи- лицензия
• Енцурауз- цензура
• Цакия- акция
• Азңегр-заңгер
Сайыскерлердің ең төмен ұпай жинағаны ойыннан шығарылады.
3 кезең «Сен білесің бе?» деп аталады. Бұл шартта сұрақтардың дұрыс, бұрыс екендігі анықталады. Сұрақтар Бала құқығы туралы конвенциядан алынды.
• 1. Бала құқығы туралы конвенция 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ- ның Бас Ассамблеясы қабылдады?
Ж: Дұрыс
• 2. 18 жасқа толған жеткіншек бала деп саналады
Ж: Бұрыс
• 3. Мемлекет баланы зорлық- зомбылықтың барлық түрінен қорғауға, оның құқығын қорғауға тиісті шараларды қолдануға міндетті.
Ж: Дұрыс
• 4. Әрбір бала өмір сүру құқығына ие
Ж: Дұрыс
• 5. Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқығы жоқ
Ж: Бұрыс
• 6. Бала қандай шекара болмасын өз ойын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, ақпарат таратуға құқысыз.
Ж: Бұрыс
• 7. Конвенцияның 18 бабында ата- ана жауапкершілігі туралы айтылған.
Ж: Дұрыс
• 8. Заң бұзған бала өзінің ар- намысын, тұлғалығын оятатын, дамытатын лайықты ілтипат алуға құқысыз.
Ж: Бұрыс
4 кезең «Жалғасын тап» деп аталады.
• Тура биде туған жоқ,
(Туғанды биде иман жоқ)
• Дау мұраты
(біту)
• Жігіттің құны- жүз жылқы,
(Ары- мың жылқы)
• Қылмыскер кісіден қорықпайды,
(ісінен қорқады)
• Заңның құрығы
(бәрінен ұзын)
• Әділ істің
(арты игі)
• Сөз шынына тоқтайды,
(Пышақ қынына тоқтайды)
• Атаның баласы болма,
(Адамның баласы бол)
Ең төмен жинаған сайыскеріміз ойын алаңын босатады.
5 кезең «Тосын жағдай» деп аталады. Эверестикалық тапсырмаларға жауап берейік.
1 тапсырма
• Сыныптастарының туған күнін атап өткен 10- сыныпта оқитын мектеп оқушылары түн ортасында тұрғын ійлердің айласында би кешін ұйымдастырды. Музыканың үні мен шулаған оқушылардың айқай- шуынан тұрғындар ұйұыларынан оянып, шуды тоқтатуды өтінген. Тұрғындарадың өтінішіне құлақ аспаған олар полиция қызметкерлері келгенше биді жалғастыра берді.
Сұрақ:
1. Мектеп оқушылары қандай құқық бұзушылыққа жол берді
2. Олады жауапкершілікке тартуға негіз бар ма?
3. Әкімшілік жазаны қалай қолдануға болады?
2 тапсырма
• Аудандық ІІБ- не 8- сынып оқушысының ата- анасынан арыз түседі. Онда 11- сынып оқушысы С. Өзінен төменгі сыныптағы балаларды қорқытып, ақша, бғалы заттарын алып қоятының мәлімдеген. Осындай тінту, күш көрсетідің нәтижесінде баласының соққыға жығылғаның жазады.
Сұрақ
1. С-ның әрекетін заң тұрғысынан қалай бағалауға болады?
2. Жауапкершілікке кімді тартуға болады?
3. Зиян қалай өтеледі?
3 тапсырма
• Қарттар үйінде екі жылдан бері тұрып жатқан Ахмет атай өзі қайтыс боларының алдында өсиет жазып қалдырады. Онда өзінің барлық қаржысы мен тұрғын үйін қарттар үйінде жәрдем көрсеткен мейірбикеге қалдыруды жөн көреді. Қарт өзінің соңғы тілегін қағаз түсіру үшін мекеменің бас дәрігерін шақыртып қол қоюды өтінген. Дәрігер растап қол қояды. Жерлеу рәсімінен кейін шет елде тұратын баласы өсиеттің заңсыз екендігін айтып, мұраны беруден бас тартады. Мейірбике сотқа шаымдануға мәжбүр болады.
Сұрақ:
Ахмет атаның жасаған өсиетінің заңдық күші бар ма?
Мұраны кім алуға құқылы?
Жауаптарынды дәлелде.
4 тапсырма
• Соңғы кезде Парламент 16 жасқа толмағандарға темекі, спирт ішімдіктерін сатуға тиым салу туралы заң жобасын енгізді.
Сұрақ:
1. Сенің көзқарасың?
2. Кәмілетке толмағандар арасындағы құқық әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нешінші баптарында айтылған?
3. Кәмілетке толмағандардан өндіріп алынуы тиіс айыппұл кімдерден алынады?
6 кезең «Сөз шебері». Бұл шартта сайыскерлер таңдаған еркін тақырыптары бөлімдері бойынша өз ойларын ортаға салады.
• Ішімдік ішу- ұлт болашағына зиян.
• Президент- лауазымды тұлға.
• Адам құқықтары Конституцияда.
• Қазақ халқының дәстүрлі құқығы.
• Жаза және тәрбие.
• Ата- аналардың міндеттері мен құқықтары.
Құқық пәнiнiң мұғалiмi: Жүнiсова Әсел
С. Бекбосынов атындағы орта мектеп
Абай ауданы, Арқат ауылы, Шығыс Қазақстан облысы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.