Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жастар  және мәдениет -

Жастар және мәдениет

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2161 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Жастар және мәдениет
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Жастар және мәдениет туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Жастар мәдениеті. "Жастар мәдениеті" деген ұғымның даусыз, бірізді айқындамасы жоқ. Әдетте, біз жастар мәдениеті дегенге демографиялық санат ретінде жас деп аталынатын адамдар тобыныц басым көпшілігінің тұтынатын және әуестенетін мәдени туындыларының жиынтығын сыйдырамыз. Демек, бұл жерде сөз 16 мен 30 жас аралығындағылардың мәдениет туындыларына сұранысы мен олардың қанағаттандырылуы туралы болып отыр деп түсіну керек.
Жастар мәдениеті мәселелерінің басын ашып алу үшін кейде субмәдениет деген ұғым қолданылады.
Субмәдениет (латын. sub — астында, төменде) — екі түрлі мағынада қолданылады
а) белгілі бір әлеуметтік, демографиялық топтың мәдениеті;
ә) тұтас ұлттық мәдениет жүйесіндегі әлеуметтік қауымдастықтың шектеулі мәдениеті, сол топтағылардың өмір салты жене ойлау стилі.
Қазіргі жастар талғамдары жағынан өзіндік стильдерімен ерекшеленеді. Стильдің үш негізгі элементі бар:
1) Сыртқы ұсқын (бұған киіну стилі, шаш қою, әшекейлер, бояну жатады);
2) Өзін ұстауы, мәнері, жүздесу ұстанымдары (бейнелілік, қимылы, ымишара, жүрісі);
3) Сөйлеу ерекшелігі (арнайы сөздік қоры).
Жастардың өзіндік мәдениеті деп макромәдениет ішіндегі жастардың өздерінің бейнесі, қылықтары, стильдері көрініс беретін; олардың санасына сыйымды, қабылдауына жақын; моральдық, көркемдік-эстетикалық талаптарын қанағаттандыратын микромәдениетті айта¬мыз. Екінші сөзбен айтқанда, жастардың өзіндік мәдениеті (субмәдениет) дегеніміз — олардың эстетикалық талғамдарына сай келетін, мәдени сұранысын белгілі деңгейде қанағаттандыратын, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады.
Жастар — мәдени дәстүрді, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушылар. Жастар қашанда жалпы мәдениеттің ішінен қүрып алады. Олардың кей-біреулері мәдениетті мектеп бітіру, жоғары оқу орнында оқу, бірнеше тіл білу, дискотека мен түнгі клубтарға бару деп түсінеді.
Жастардың тиянақты, сапалы білім алуы. "Адамды білім сақтайды", — деп А. Йүгінеки айтқандай, білім — мәдениеттің маңызды бөлшегін құрайды. Білімсіз ұрпақ — келешегі жарқын қоғамды құра алмайды. Жастар өздерінің рухани байлығына ерекше көңіл бөлуі керек.
"Адамның бойындағының бері — оның келбеті де, киімі де, жан дүниесі де, ойы да сұлу болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарағанда көз сүйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан дүниесіне үңілсең — құдаи сақтасын! Әп-әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап-қара болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре ал-майсың", — деген екен орыстың ұлы жазушысы А.Чехов.
Түрлі ұрпақ өкілдерінің арасындағы мәдени сабақтастық. Мәдениеттің даму үрдісінің екі жағы болады. Бірі — тұрақты, екіншісі — дамушы, жаңалыққа толы жағы. Тұрақты жағы — тарихи даму үрдісіндегі адамзаттың жинақтаған тәжірибесі. Бұл — мәдени дәстүр. Жаңа ұрпақ сол тәжірибеге сүйене отырып, оны кеңей-теді, дамытады. Мәдени сабақтастық — қоғам дамуының барлық сатыларында кездесетін заңды құбылыс. Өйткені, ол ұрпақтан-ұрпаққа жетістіктер мен құндылықтарды, тәжірибе мен дағдыны жалғастырып отырады. Ата-бабаларымыздан қалған тарихи мәдени ескерткіштер қазіргі кезде де өзінің рухани, ізгілік қызметін көрсетіп келеді. Мәдени мұралар әрқашанда ұрпактың рухани азығының негізі болған. Дүниежүзілік мәдениеттің озық туындылары, сонау антикалық дәуірден сақталған ескерткіштер талай мыңжылдықтар өтсе де, өзінің тарихи маңызын жойған жоқ. Әр ұрпақ жинақталған тәжірибе мен игерілген жетістіктерді қабылдап, өрі карай оған жаңа қүндылықтар қосып отырады. Тарихи мұралар, аңыздар, жырлар мәтін мен бейне арқылы бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беріледі. Түрлі ұрпақ өкілдерінің арасындағы мәдени сабақтастыктың жарқын мысалдары қазақ халқының ұлттық мәдениетінің даму үрдісінде аз болмаған.
Мысал
1841 жылы Орда жерінде алғашқы орыс-қазақ мектебін әйгілі Жәңгір хан ашқан болатын. Жетісу өлкесінде Есенқұл мен Сейітбаттал Мамановтар ашқан мектеп "Мамания" мектебі деген атпен белгілі болды. Маман ұрпақтары мешіт салдырды, қазақ әдебиетінің көсегесін көгерту үшін, бәйге тігіп, қазақ топырағында тұңғыш роман жарысын өткізді, өз мектептерінен шыққан ынталы оқушылардың қаражатын көтеріп, ірі шаһарларға оқуға жіберді. "Қазақ" газетіне қиындық туғанда да баспахана ашу үшін қаражат аударды. "Мамания" мектебінде Білел Сүлеев, Ілияс Жансүгіров, Мұхамеджан Тынышбаевтар оқыды. "Мамания" мектебін 200-ге жуық шекірт бітірді.
Мәдени дәстүрлер және жастардың талғамы. Мәдени дәстүр — мәдениеттің дамуындағы тұрақты жағы. Адам¬дар мәдениетке қандай да бір жаңалық енгізетін болса, сол дәстүр көлемінде енгізеді.
Мәдени дәстүрлер адамдарды өз халқын, Отанын сезінуге, оларды мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиеледі. Отбасында мейірімділік пен ізгілікке баулуды, үлкендердің кішіге, кішінің үлкендерге ілтипатын, еңбек ету дағдыларын қадір тұту, ұлттық мәдениетке үйрету, тарихын құрметтеу, жастарды жігерлілікке тәрбиелеу, туған жеріне деген сүйіспеншілік, оны қорғауға дайын болу, эстетикалық талғам мен көркем әдебиетті сақтаудың бәрі мәдени дәстүрлер негізінде орнайды. Әр кезеңде қоғам алға басқан сайын мәдени дәстүр де қалыспай, көнеден жаңаға өтіп отырады.
Сұрақтар
1. Мәдениеттің жастар өміріндегі маңызы неде?
2. Мәдени сабақтастық дегенді қалай түсінесіздер?
3. Мәдени дәстүрлерге не жатады?
4. Қазіргі жастардың талғамдары қандай?
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 52
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.