Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы -

Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1904 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға жеке адамға қарсы қылмыстар туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;
6)іздені,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар
- Жауапкершіліктен босату деген не?
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жазалаудан босатудың қандай түрлері қарастырылған?
- Жазадан босатудың негізгі түрлері?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Жеке адамға қарсы қылмыстар Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекеттерді айтады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы
«Жеке адамға қарсы қылмыстар» деп аталады.
Жеке адамға қарсы қылмыстарға:
1. Өмірге қарсы қылмыстар
2. Денсаулықтарға қарсы қылмыстар
3. Адамның өмірі мен денсаулығын қауіпті жағдайға қалдыратын қылмыстар
4. Жыныстық қылмыстар
5. Жеке адамның бас бостандығына қарсы қылмыстар
6. Адамның қадір – қасиеті ар-намысына қарсы қылмыстар
Қазақстан Республикасының Конституциясына сейкес ана мен бала, отбасы мемлекеттің қорғауында болды. Балаларға қамқорлық, оларды тәрбиелеу – ата-аналардың тең құқығы және міндеті. 18 жасқа толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке қабілетсіз ата – аналарын қамқорлыққа алулары тиіс.
Сабақты қорытындылау: Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп айқын көрсеткен
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §17, 93-100 бб. Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.