.
.
БҚО 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 10030 | Размер: | Автор: araiЖәнібек ауданы
ЖББ Ұзынкөл орта мектебі
Ұзынкөл ауылы
Алтын Әліпқалиқызы-математика пәнінің І санатты мұғалімі
Сабақ тақырыбы: 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері
Тақырыпты меңгерту мақсаттары:
1.Білімділік: Оқушыларды
Жұп, тақ цифрларды ажырата білуге үйрету;
Жұп, тақ сандармен таныстыру;
Санның соңғы цифрына қарап, оның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін ажырата білуге үйрету;
10-ға бөлінетін сандардың барлығының да 2-ге, 5-ке бөлінетіндігін пайдалана білуге үйрету
2. Дамытушылық: Оқушылардың
Өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;
Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
Ауызша және тез есептеу дағдыларын жетілдіру;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды
Еңбекқорлыққа;
Өз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі:
Техникалық құралдар; Ауызша журнал; Жұмыс дәптерлері
Тақырыпты меңгерту кезеңдері:
І – кезең: Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық / 5 минут /
а) Ұйымдастыру
1. Мақсаты: ұйымдастыру сәтін өткізу.
2. Мазмұны: сыныпта жоқ оқушыларды және сынып бөлмесінің, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Үй жұмыстарын тексеру
1. Мақсаты: кеше өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап келу дәрежесі тексеріледі. Оқушылар бір – бірімен дәптерлерін ауыстырып, мұғалім айтып тұрған жауаптармен салыстырып «+» немесе «-» белгілерін қояды.
№ 252 - есеп / үлестірмелі бетке жазылады/
Жұлдызшаның орнына тиісті цифрларды қойып, 3-ке еселік сандардың ең кішісін жазыңдар:
5*9* - 5091; 971* - 9711; **51 – 1251; 6*7* - 6072; 30*41 – 30141; 2*721 – 20721; *4121 – 14121; 6*233 – 61233;
2. Мазмұны: кешегі өткен тақырыптың ІІІ кезеңінің деңгейлік тапсырмалары
3. Әдісі: Оқушылар бірін – бірі тексереді.
4.Ұйымдастыру формасы. фронталды
5.Пайдаланылатын құрал: Жұмыс дәптері
6. Оқушының танымдық іс - әрекеті: оқушылар кезек – кезек өткен тақырып бойынша кеше сыныпта және үйде жинаған ұпайларының қосындысын айтады. Жұмыс дәптерінің соңындағы мониторингке тиісті нүктесін қояды.
7.Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: Ұпайларды тақтадағы ашық журналға жазу. Соңынан, осы сабақтың ішінде, 2-кесте бойынша бағаға аударып журналға қою.
8.Нәтижені бағалау: алдында өткен тақырып бойынша қабілетіне, еңбегіне сәйкес әділ бағасын қою.
в) «Көпір тапсырмалары» / үйге берілген болатын/ тексеріледі.
Бұлар өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар.
1.Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгеруге қажет болатын өткен материалдардан қайталау тапсырмаларын үйден орындап келгендігін тексеру.
2.Мазмұны:
1. Өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтарға жауап жазып кел. Олар сендерге бүгін өтетін тақырыпты меңгеруге негіз болатын қажетті мәліметтер бола алады.
а) Жұп цифрларды жаз: / 0; 2; 4; 6; 8 /
ә)Тақ цифрларды жаз: / 1; 3; 5; 7; 9 /
б) Қандай сандар жұп сандар деп аталады ,мысал келтір / жұп цифрлармен аяқталатын сандар жұп сандар деп аталады. Мысалы: 18; 96; 100; 2964; /
в)Қандай сандар тақ сандар деп аталады ,мысал келтір / тақ цифрлармен аяқталатын сандар тақ сандар деп аталады. Мысалы: 23; 85; 1931; 8963;/
г)Санның бөлгіші дегеніміз не? Мысал келтір / а санын қалдықсыз бөлетін сандар сол санның бөлгіштері деп аталады. Мысалы: 12-ң бөлгіштері – 1; 2; 3; 4; 6; 12; Ең кіші бөлгіш 1-гетең, ең үлкен бөлгіш сол санның өзіне тең.
в) Ссанның еселігі дегеніміз не? Мысал келтір / а санына
д) 10-нан 30-ға дейінгі сандардың ішінен 2-ге еселік сандарды жазыңдар. Бұл сандардың соңғы цифрлары қандай цифрлар? / 10; 12; 14; 16; 18; 20; 22; 24; 26; 28; 30; соңғы цифрлары – жұп цифрлар
Е) 10-нан 40-қа дейінгі сандардың ішінен 5-ке еселік сандарды жазыңдар. Бұл сандардың сонғы цифрлары қандай? / 10; 15; 20; 25; 30; 35; 40; бұл сандардың соңғы цтфрлары 0 және 5 /
Ж) 146,160,213,230,281,450 сандардың қайсысы 10-ға бөлінеді? Қайсысы 10-ға бөлінбейді? Айырмалары неде? / 10-ға бөлінетіндері: 160; 230; 450; бөлінбейтіндері: 146; 213; 281; Сонда 10-ға бөлінетіндер тек 0 цифрімен аяқталады./
3. Әдісі: Сұрақ – жауап
4.Ұйымдастыру формасы: жеке, фронталды
5. Пайдаланатын құрал: Жұмыс дәптері
6.Оқушының танымдық іс - әрекеті: Тапсырмалардың жауабын айтады.
7.Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: Сұрайды
8.Нәтижені бағалау: Тек ауызша марапатталады.
ІІ – кезең: Жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту
а) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру
1. Мақсаты: жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп көруге мүмкіндік туғызу
2. Мазмұны:
а) «Білу» мақсатына сәйкес : Тақ сандардың жазылуы қандай? Мысал келтір
Жұп сандардың жазылуы қандай? Мысал келтір
б) «Түсіну» мақсатына сәйкес:
а) 2-ге еселік сандардың астын сыз:
17,413,796,543,722,9999,78,824,751,456,1008000,946,479,203,804
б)5-ке,10-ға еселі сандарды бөлек теріп жаз:
45;90;240;306;715;104;800;1100;7001,33000.
в) «Жинақтау» әрекетіне сәйкес:
.Қорытынды жасай отырып 2-ге, 5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілері ережесін жаз:
3. Әдісі: Мені түсін
4. Формасы: тапсырмаларды жұппен орындарында орындау
5. Пайдаланатын құрал: оқулық, жұмыс дәптері, техникалық құрал, көрнекіліктер
6. Оқушының танымдық іс - әрекеті: барлық оқушы қатысады. Қабілетіне қарай , олардың әрқайсысы өз үлесін қосады.
7. Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: оқушылар жұпта дайындалып болғанша журналға кешегі тақырыптың бағасын қою.
8. Нәтижені бағалау: Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тек ауызша марапатталады немесе ескертулер алады.
б) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау
1. Мақсаты: оқушыға өзіндік ой – пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру, ой ояту. Тақырыпты қаншалықты меңгергенін қадағалау. Танымдық қызметін басқарып, бағыт бағдар беру.
2. Мазмұны: 1. Тақ сандардың жазылуы қандай? Мысал келтір
Жұп сандардың жазылуы қандай? Мысал келтір
2. а) 2-ге еселік сандардың астын сыз: 17,413,796,543,722,9999,78,824,751,456,1008000,946,479,203,804
б)5-ке,10-ға еселі сандарды бөлек теріп жаз: 45;90;240;306;715;104;800;1100;7001,33000.
3.Қорытынды жасай отырып 2-ге, 5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілері ережесін жаз:
3. Әдісі: Сұрақ – жауап
4. Формасы: фронталды
5. Пайдаланатын құрал: оқулық, көрнекіліктер.
6. Оқушының танымдық іс - әрекеті: мұғалімнің басшылығымен жаңа тақырып мазмұнын меңгеруге берілген тапсырмаларды талдайды.
7. Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: ең нашар оқушыға дейін талдау жұмысына қатысуын қадағалау
8. Нәтижені бағалау: Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тек ауызша марапатталады немесе ескертулер алады.
в) Алған теориялық білімін практика жүзінде пысықтау
1. Мақсаты: 2-ші кезеңде меңгерген теориялық білімдерін практикада бекіту
2. Мазмұны: №213; № 214; №219; №22; №223; №226
3. Әджісі: Есептер шығару
4. Формасы: жеке тақтада, жұппен орындарында
5. Пайдаланатын құрал: оқулық, тақта.
6. Оқушының танымдық іс - әрекеті: бірнеше оқушы тақтамен, қалғандары өз беттерімен жұмыс жасайды.
7. Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: оқушылардың бекіту жұмысын дұрыс орындау дәрежесін қадағалау, көмектесу.
8. Нәтижені бағалау: Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тек ауызша марапатталады немесе ескертулер алады.
ІІІ-кезең.
Кері байланыс / технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім /
І деңгей
1. Мақс аты: деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жоғардағы 2-ші кезеңде алған білімдерін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оқу жетістіктерін 12 ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау. Оқушыларға 3 деңгейлік тапсырмалар беріледі.
2. Мазмұны: 1 – ші деңгей / өнімсіз – репродуктивтік деңгей – мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды.
• Екінші кезеңде қарастырылған ережелерді білу талап етіледі.
• Оқушының теориялық тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады.
• Үлгі бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау арқылы – біліктілігін анықтау.Бірінші деңгейдің қорытындысы: «есептелінде» алады, ол 5 баллмен бағаланады.
1.а 1)90-нан үлкен 100-ден кіші барлық 2-ге бөлінетін сандарды өсу ретімен жаз: 92; 94; 96; 98;
б)80-нен кіші 70-тен үлкен барлық тақ сандарды кему ретімен жаз: 79; 77; 75; 73; 71;
2.144,171,184,278,391,415,520,997,990,646,825,975 сандарының ішінен 2-ге,5-ке,10ға бөлінетін сандарды бөлек теріп жаз:
2-ге бөлінетін: 144; 184; 278; 520; 990; 646;
5 – ке бөлінетін: 415; 520; 990;
10 – ға бөлінетін: 520; 990;
3. Дәптердің бағасы 35 тг. Оқушы бірнеше дәптер сатып алды. Дәптерге неше тенге төледі. 83 тг, 105 тг, 126тг . Оқушы неше дәптер сатып алды?
Шешуі: Дәптерге 105 теңге төледі .Өйткені 105 саны 35 – ке қалдықсыз бөлінеді. 105:35 = 3 .
Ж/бы: Оқушы 3 дәптер сатып алды.
3. Әдіңсі: Репродуктив әдіс
4. Формасы: Жекеше
5. Падаланатын құрал: Жұмыс дәптері
6. Оқушының танымдық іс - әрекеті: Барлық оқушы орындауға міндетті. Үздік оқушылар автомат – зачет алуға құқылы
7. Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: өзім бақылап тексерем. Ең нашар оқушыға дейін кем дегенде осы деңгейге жетуін
қамтамасыз ету.
8. Нәтижені бағалау: «есептелінді» , «есептелмеді» бағалау арқылы екіліксіз оқуға кепілдік беру. Зачет алған оқушы / 5 ұпай/
келесі деңгейге көшеді. / «3» журналға қойылады./
ІІ денгей
1. Мақсаты:
• алғашқы білімдерін түрлендіріп қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін жетілдіру;
• тапсырмаларды талдау біліктілігін тексеру;
2. Мазмұны:
• 1-ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп – салдарын анықтайтын тапсырмалар орындайды
• өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі; оқу материалдарын талдау іскерлігі талап етіледі;
• 4 балдық жүйемен бағаланады; 2-ші деңгей + 4 балл - 9 балл
1. Х‹56 теңсіздігі тура болатын х-тін мәндерін ішінен
а)10-ға еселік сандарды жаз: /10; 20; 30; 40; 50;/
б)5-ке еселік сандарды жаз: / 5; 10; 15; 20; 25; 30; 35; 40; 45; 50; 55;/
в)2-ге еселік сандарды жаз: / 2; 4; 6; 8; 10; 12; 14; 16; 18; 20; 22; 24; 26; 28; 30; 32; 34; 36; 38; 40; 42; 44; 46; 48; 50; 52; 54; /
2. 9,5,2,0 цифрларын пайдаланып:
10-ға еселік сандарды жаз: 2590; 2950; 5290; 5920; 9250; 9520;
5-ке еселік сандарды жаз: 2590; 2950; 5290; 5920; 9250; 9520; 2905; 2095; 9205; 9025;
2-ге еселік сандарды жаз: 2590; 2950; 5290; 5920; 9250; 9520; 5902; 9052; 9502;
3. Әдісі: Өз бетімен жұмыстану
4. Формасы: Жекеше, жұптық
5. Пайдаланатын құрал: жұмыс дәптерлері
6. Оқушының танымдық іс - әрекеті: Бірін – біріне көмек ұйымдастырады
7. Нәтижені бағалау: Әр оқушы өз ұпайын санайды. 9 балл жинаса «4» журналға қойылады.
ІІІ деңгей
1. Мақсаты:
• Алғашқы екі деңгейде алған білімдерін жетілдіріп жинақтау, қорытынды жасау
• Тақырыптың мазмұнына баға бере білу
2. Мазмұны.
• 1.Алғашқы 10 жұп санды, 10 тақ санды жазып көрсетіңдер, жұп және тақ сандардың жалпы түрін әріпті өрнек түрінде жаз.
Жұп сандар: 2; 4; 6; 8; 10; 12; 14; 16; 18; 20; жалпы түрі: 2а, а-натурал сан;
Тақ сандар: 1; 3; 5; 7; 9; 11; 13; 15; 17; 19; жалпы түрі: 2а + 1, а-натурал сан.
• 1 020, 6 500, 1 100, 5 001, 6 000, 704 000, 6 800, 690 500 сандарының қайсысы 100-ге, қайсысы 1 000 – ға бөленеді? 100- ге және 1 000-ға бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңдар.
100-ге бөлінетіндер: 1100; 6500; 6000; 704000; 6800; 690500;
1000-ға бөлінетіндер: 6000; 704000; 690500;
Соңғы цифры 2 нолмен аяқталатын сандар 100-ге бөлінеді; соңғы цифры 3 нолмен аяқталатын сандар 1000- ға бөлінеді.
• 3.403, 322, 505, 940, 87, 708, 609 999 сандарын 10-ға бөлгенде: а) қандай қалдық қалады; 2) 10-ға қалдықсыз бөліну үшін бұл сандарға қандай сандарды қосу керек?
3. Әдісі: іздену, өз бетімен жұмыстану;
4. Формасы: жекеше, жұптық
5. Пайдаланатын құрал: жұмыс дәптері, көрнекіліктер
6. Оқушының танымдық іс - әрекеті: іздену, қасындағы оқушыға көмектесу;
7. Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: оқушының өзін - өзі тексеріп басқаруға үйрене бастауына бағыт беру, қадағалау; оқушының қорытынды ұпай санына сәйкес бағаларын келесі сабақта журналға қою.
8. Нәтижені бағалау: Үйде жалғастырып орындағаннан кейін 3 ұпай қосып, барлығы 12 ұпай жинаса журналға «5» қою. Келесі шығармашылық деңгейдің нәтижесі бөлек 12 ұпаймен бағаланады.
Үйге тапсырма: № 218; 221; 223;
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.