.
.
Сабақтың тақырыбы: Қайталауға есептер шығару Қайталауға есептер шығару
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2343 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Біліміділік: Жыл бойы өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін , өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу , пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Типі: қайталау
Түрі: ойын сабақ
Әдісі:есептер шығару
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, слайд
Барысы:
Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Бүгінгі сабақта өрнектер, формулалар, натурал сандардың бөлінгіштігі тарауларын қайталаймыз. Сабақты бастамас бұрын бір қорапшада әр түрлі гүлдер бар , сол гүлдерді бір-бірден алайық. Ал енді бәріміз шеңбер құрып тұрайық. Ал балалар бұл гүл жәй гүл емес «Сәттілік гүлі» , тізбек бойы әдемі тілектерімізді, жақсы сөздерімізді бір-бірімізге арнай , атымызды айта отырып гүлдерді бір-бірімізге сыйлайық.
Бүгінгі сабақ ойын түрде . Тақтада сандар жазылған ұяшықтар берілген. Сол ұяшықтың астында шартты белгілер көрсетілген. Шартты белгілер әр түрлі тапсырмаларды білдіреді. Сынып оқушылары ұяшықтардың тапсырмаларын мұқият орындап, ұпай жинауы тиіс. Сол ұпайларына байланысты сабақ соңында кімнің жақсы қатынасқаны анықталып, бағаланады.
Енді сол шартты белгілер нені білдіретімен танысайық.
Жекпе-жек. Бұл тапсырманы барлық оқушылар орындап, ұпай алу мүмкіндігіне ие болады.
Сыйлық. Ең жеңіл тапсырма.
Деңгейлік тапсырма. 3 тапсырма беріледі. Қай тапсырманы таңдау өз еркінде. Алқызыл түс тапсырмасын таңдаса 1 ұпай, жасыл түсті таңдаса 2 ұпай, сары түсті таңдаса 3 ұпай иеленеді.
Сұрақтарға жауап беру
Музыкалық сергіту сәті. Барлығымыз қосылып ән айтамыз. Ұпай таңдаған оқушыға беріледі.
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10
11 12 13 14 15
16 17 18 19 20
Жекпе-жек.
Мектепте спорттық үйірмелерге 80 оқушы қатысады. Олардың 24-і еркін күреске қатысады. Мектептегі спорттық үйірмелерге қатысатын оқушылардың неше проценті еркін күреске қатысады?
Жауабы: 80оқушы – 100%
24 оқушы -х%
Х=24*100/80=30
2. Деңгейлік тапсырмалар:
Алқызыл түс.
28кг картоптан 5,6кг крахмал алынады7 35кг картоптан неше кг крахмал алынады?
Жауабы:7кг крахмал алынады.
Жасыл түс.
Сүттің 7 пайызы қаймақ. 200кг сүттен неше кг қаймақ алынады?
Жауабы:
200кг-100
Х-7кг
Х=200*7/100
Х=14кг
Сары түс.
Мирас 195 санын 20пайызға кемітті де, оның 75 пайызын есептеп тапты. Мирас қандай санды есептеп тапты?
Жауабы:117саны
195-100
Х-20
Х= 195-39=156
156-100
Х-75
Х=117
3. Жекпе-жек
Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар:
6/11=x/55
Жауабы: 30
4. Сұрақтар
Екі санның қатынасы дегеніміз не?.
Жауабы: Екі санның бөліндісі сол сандардың қатынасы деп аталады. А: В
Жекпе-жек
Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар:
4/х =6/18
6. Сұрақтар
Пропорция дегеніміз не?
Жауабы: Екі қатынастың теңдігі а/в =с/к
7. Сыйлық.
Қорапшадан бір сан таңдап сол санға мақал айту
8. Сұрақтар
Периметр дегеніміз не?Үшбұрыштың, тіктөртбұрыштың периметрі қалай табылады?
9. Жекпе-жек
500г ертіндіде 40г тұз бар. Осы ерітіндінің 200 грамында неше грам тұз бар?
Жауабы: 16грамм тұз бар
10. Деңгейлік тапсырмалар
Алқызыл түс.
Қосудың қасиеттерін пайдаланып, өрнекті ықшамда.
(9+а)+11 Жауабы: 20+а
Жасыл түс.
3х/32=3/2
Жауабы:х=16
Сары түс.
Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76 пайызын жыртқанда, 6га жер жартылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жер жыртуға тиіс еді?
Жауабы: х-100%
6-24%
Х=6*100/24=25 /га/
11. Деңгейлік тапсырмалар
Алқызыл түс.
3 пен 4 ең кіші ортақ еселігін тап Жауабы: 12
Жасыл түс.
16, 5 сандарының бөлгіштерін жаз Жауабы:16:1,2,4,8,16 5:1,5
Сары түс
Токарь 5 айда жылдық жоспардың 47,5 пайызын орындады. Токарь осындай тұрақты жұмыс өнімділігімен 12 айда жылдық жоспарды неше пайызға орындайды?
Жауабы: 114пайыз
12. Музыкалық сергіту сәті.
МАТЕМАТИКА ( «Ананың тілі» әнінің мотиві)
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім.
Сан менен өрнек, теңдеу мен бөлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Математика – бар ілім басы,
Математика – ғылым патшасы.
Математика- өмір тірегі
Математика – шәкірт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз.
Барлығы бірігіп айтады. Бірақ ұпай таңдаған оқушыға беріледі.
13. Жекпе-жек
Тік төртбұрышты жер телімінің ұзындығы 64 м, ені одан 8 есе кем.
Тік төртбұрышты жер телімінің ауданын табыңдар.
Жауабы:512 кв метр
14. Деңгейлік тапсырмалар
Алқызыл түс.
5,8 және 9 цифрларын пайдаланып, неше екі таңбалы сандарды жазуға болады?
55, 58,59,85,88,89, 95, 98,99
Жасыл түс.
6,7 цифрларымен 2-ге бөлінетін ең кіші санды жаз. Жауабы: 76
Сары түс
45 ке-бөлінетін ең үлкен 3 таңбалы санды жаз.
Жауабы: 990
15. Жекпе-жек
Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар:
8/х=104/117
16. Сұрақтар
Пропорцияның негізгі қасиетін айт
Жауабы: Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі Ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.
17. Сыйлық .
Қорапшадан бір сан таңдап сол санға мақал айту
18. Деңгейлік тапсырмалар.
Алқызыл түс.
Қатынастың белгісіз мүшесін тап:
x:12=8
Жасыл түс.
Пропорция түрінде жазыңдар:
3*8=4*6
Жауабы: 3/4 =6/8
Сары түс
Х-ті табыңдар:
9(5х+13)-143 =109
45х+117-143 =109
45х =143-117+109
45х =135
х = 4
Жауабы: 4
19. Жекпе-жек
Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар:
8/14 =х/35
20. Сыйлық .
Қорапшадан бір сан таңдап сол санға мақал айту
Үйге тапсырма: №1598, 1600
Бағалау . Барлығымыз қолымыздағы жетондарымызды есептейік.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді мына смайліктерді арқылы көрсетейік.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.