.
.
Ю.А.Гагарин атындағы № 8 жалпы білім беретін орта мектеп «Алгебралық бөлшектерді көбейту»
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2080 | Размер: | Автор: arai«Алгебралық бөлшектерді көбейту»
(ашық сабақ)
7 «В» сынып
Қалмаханова Баян
Байқоңыр
2013 ж
Күні: 29.01.2013ж.
Өтілетін орны: 204 кабинет
Пәні: Алгебра
Сынып: 7 «В»
Пән мұғалімі: Қалмаханова Б.
Сабақтың тақырыбы: Алгебралық бөлшектерді көбейту.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: оқушыларды алгебралық бөлшектерді көбейтуде көпмүшені жіктеу тәсілдері мен қысқаша көбейту формулаларын қолдануды үйрету.
Ә) Дамытушылық: есеп шығару дағдысын қалыптастыру, ережелерді тиімді қолдана білуді меңгерту, есеп шығаруда ойлау, ауызша есептеу, ой қорыту қабілеттерін дамыту.
Б) Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, жүейлі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, репродуктивті, практикалық, инсерт әдісі, сейкестендіру тест.
Пайдаланатын көрнекіліктер және құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, үлестірмелі таратпалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.
«Кім жылдам?»
«Формула білеміз бе?»
IV. Мақсат қою кезеңі.
V. Жаңа материалды түсіндіру.
VI. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.
Сергіту сәті
VIІ. Бекіту кезеңі.
VIII. Үйге тапсырма.
ІХ. Оқушылар білімін бағалау кезеңі.
Рефлексия «Көңіл-күйіміз қалай?»:
Ал, енді, балалар, сабағымдызды бастамас бұрын, сендердің сабақ алдындағы көңіл-күйлеріңді байқайық. Ол үшін алдарыңда тұрған үш түрлі көңіл-күйді көрсететін суреттердің ішінен өздеріңнің көңілдеріңе сәйкесін көтеріп көрсетіңдер (1-слайд)
Көңіл-күйлеріңнің жақсы екендігін байқап тұрмын. Онда сабағымызға кірісейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (2-3-слайдтар).
№ 432 (6)
№ 440 (4)
Өткен тақырып бойынша сұрақтар (4-слайд):
1. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз?
2. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай азайтамыз?
3. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз?
4. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай азайтамыз?
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.
«Ой қозғау»: берілген өрнектерді математика тілінде оқу (5-слайд).
«Кім жылдам?». Берілген есептерді ауызша есептеу (6-слайд)
«Формуланы аяқтаңдар». Интербелсенді тақтада қысқаша көбейту формулаларын аяқтап жазу (7-слайд).
IV. Мақсат қою кезеңі.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Алгебралық бөлшектерді көбейту» (8-слайд).
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда алгебралық бөлшектерді көпмүшені жіктеу тәсілдерін және қысқаша көбейту формулаларын қолдану арқылы көбейтуді үйренеміз.
V. Жаңа материалды түсіндіру.
Оқушы тақтаға шығып есепті шығарады. Жай бөлшектерді көбейту ережесін айтады (9-слайд).
Демек, алгебралық бөлшектреді көбейту амалдары жай бөлшектерді көбейту ережесі бойынша орындалады (10-слайд).
Жай бөлшектерді дәрежелеуге оқушы шығып, есепті шығаруға қолданған ережесін айтады (11-слайд).
Алгебралық бөлшектерді дәрежелеудің формуласы мен мысал қарастырылады (12,13-слайд).
Алгебралық бөлшектерді қысқаша көбейту формуласын қолдану арқылы көбейтуге мысал қарастырылады (14-слайд).
VI. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі (15-слайд).
Сергіту сәті (16-слайд)
Оқулықпен жұмыс (17-слайд)
5 оқушыға үлестірмелі таратпа беріледі.
VIІ. Бекіту кезеңі.
Өтілген тақырыпқа байланысты сәйкестендіру тесті «Дәлдеп көзде» беріледі (18-слайд).
Сыни тұрғысынан оқыту әдісі бойынша оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдері туралы айтып өтеді (Нені білдім? Нені оқуым керек? Нені білгім келеді?) (19-слайд)
VIII. Үйге тапсырма (20-слайд).
ІХ. Оқушылар білімін бағалау кезеңі.
Рефлексия «Көңіл-күйіміз қалай?» (21-слайд):
Ал, енді, балалар, сабағымдыздың соңында бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлеріңді байқайық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.