Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Аралас сандарды  азайту -

Аралас сандарды азайту

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 270 | Просмотров: 1619 | Размер: 109.0 Kb | Автор: arai
. Математика 5 «Б» сыныбы

Сабақтың аты Аралас сандарды азайту
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты  Аралас сандарды азайту туралы мағлұмат беру.
 Аралас сандарды азайту тәсілдерін үйрету.
 Тапсырманы орындауда өзара жұптасып, топтасып жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже  Аралас сандарды азайту туралы мағлұмат алады.
 Аралас сандарды азайту тәсілдерін үйренеді.
 Тапсырманы орындауда өзара жұптасып, топтасып жұмыс жасайтын болады.

Негізгі идеялар І.Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін :
1. олардың бүтін бөліктерінің айырмасын , бөлшек бөліктерінің айырмасын табу керек.
2. бүтін бөліктерінің айырмасы мен бөлшек бөліктерінің айырмасының қосындысын аралас сан түрінде жазу керек
ІІ.Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін :
1. аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
2. бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек.
Тапсырмалар Топтық жұмыс (Мәтінмен жұмыс,сұраққа жауап)
Тапсырмалар Жұптық жұмыс «Есептер шығару»
Тапсырмалар Жеке жұмыс « Тест »

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру ( 3 минут)
1. Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу, топтастыру.
2. Оқушыларды топқа бөлу( 3 топқа бөлу)
ІІ. Менен сұрақ, сенен жауап (сұрақ –жауап) (4 минут)
1. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз ?
2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз?

ІІІ. Топтық жұмыс «Мәтінге шолу» ( 10 минут)
Әр топ оқулықтан өздеріне берілген мәтінді оқып топта талқылап баяндаушылары тақтаға шығып баяндайды.
І.Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін :
1. олардың бүтін бөліктерінің айырмасын , бөлшек бөліктерінің айырмасын табу керек.
2. бүтін бөліктерінің айырмасы мен бөлшек бөліктерінің айырмасының қосындысын аралас сан түрінде жазу керек.
Мысалы :
ІІ.Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін :
1. аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
2. бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек.

Мысалы :

ІІІ.Натурал саннан аралас санды азайту үшін натурал санды аралас сан түрінде жазу керек.
Мысалы :
ІV. Аралас саннан натурал санды азайту.
Мысалы :
ІV. Жұптық жұмыс (15 минут)
Оқулықтағы № 690-693 есептер
V. Жеке жұмыс « Тест » (10 минут)
Мұғалім екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды.

VII.Кері байланыс. Рефлексия. (Не үйрендім, не қиын болды) (3 минут)
Әр оқушы стикерге жазып тақтаға іледі
Кейінгі тапсырмалар Есептер шығару.
Кейінгі оқу Ереже жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.