.
.
Тақырыбы: Қасиетті жеті Қасиетті жеті
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1677 | Размер: | Автор: гостьМақсаты: Жеті санына қатысты қасиетті ұғымдарды пайдаланып, халықтық педагогика негізінде математикадан білімдерін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тез есептеудің әдістерін көрсету арқылы есептеу дағдыларын дамыту, математиканың жұмбақта қызықты есептерімен таныстыра отырып, ойлау қабілеттерін дамыту
Көрнекілігі: плакат, слайд, проектор, қима қағаздар
Әдісі: Сыныпаралық сайыс
Қатысатын сыныптар: 7-10-сыныптар
Барысы:
Жүргізуші:Шығыс елдерінде 7 санын әсіресе құрметтеген, жер дүниені 7 мен белгілеген.
Вавилондықтардың сенуі бойынша жер астындағы жұмаққа жету үшін негізгі жеті қақпадан өту керек деп пайымдаған.
Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап, сан цифр термек үшін.
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін-деп «Қасиетті жеті» атты кешімізді бастаймыз.
Әділқазылар алқасын сайлау
Оқу ісінің меңгерушісі Садуов Ж.Ш
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Китапбаева Ж.Т
І. Топтардың амандасуы (Топтың аты, ұраны, киімі)
7-сынып Фигура тобы
8-сынып Алғырлар тобы
9-сынып Алғырлар тобы
10-сынып Эврика тобы
ІІ. Есепке кім жүйрік.
Жеті шал келе жатыр. Әрқайсысының жеті балдағы бар, әр балдақта жеті бұтақ бар, әр бұтақта жеті дорба бар, әр дорбада жеті самса бар, әр самсада жеті торғай бар. Барлық торғай қанша? (117649)
ІІІ.Жұмбақ жарыс
7-сынып
1) Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
қандай атау болады. (Дәреже)
2) Күшіне сенген бір мықты,
жығып салып сегізді. (Шексіздік)
8-сынып
1)Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді.
Бірін-бірі көрмейді,
Дамылсыз қанша шапсада
Бір мәреге келмейді. (Параллель түзулер)
2) Айналған шешу құралына,
Төрт саны араласқан құрамына,
«Теңдеудің түбірлері нешеу» -деген
Қандай сан жауап береді сұрағыма? (Дискриминант)
9-сынып
Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі,
Квадраттасаң егер оны,
Жоғалтасың сен оны. (Квадрат түбір)
2) Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз. Ол не? (0мен 9 арасындағы сандар)
10-сынып
12 бұтағы бар алып емен.
52 шыбық тарап, өсіп өнген.
Шыбық сайын 7-ден жапырағы,
Бар ма еді, сондай ағаш көзін көрген. (1 жыл, 12 ай, 52 апта, 7 күн)
2) Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай. (Натурал сандар)
IV. Үй тапсырмасы (Өз өнерлерін көрсету)
7-сынып Тоқтарбаева Дана. Ән «Туған жер»
8-сынып Зейнелханов Нариман. Ән «Ана»
9-сынып Шаймарданов Бекарыс және Арманұлы Әліби . Күй
10-сынып Түркістанова Назыкеш пен Әбдрахманова Гүлім. Ән «Сезімді қайтейін»
V. Кім епті? Моншақ тасу арқылы есеп шығару
100: 1/2+0,5*2-3/10:1/10
VІ. Презентация қорғау
Әлемнің 7 кереметі 10-сынып
7 қазына 9-сынып
Әз Тәукенің 7 жарғысы 8-сынып
7 жұт 7-сынып
VІІ. 1) Кім шебер?
Бір-бірінен үзбей бес геометриялық фигура қиып көрсет
2)7-сынып
Бір-бірімен жарысқа,
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? (8)
8-сынып
Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан,
Бие бар құлын емізген,
Қос ешкі туған егізден.
Үш қозы мен екі қой
Бәрі қанша ойлап қой? (15)
9-сынып
Дүкеннен мен сабын алдым
Оның және қабын алдым
Екі дәптер бір қарындаш
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша боды қолда бары? (6)
10-сынып
Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнақ құлақ бір ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозы мен екі қой
Бәрі қанша ойлап қой? (15)
VІІІ. Логикамыз қалай?
Егер Азамат атлетикада жарыста алдынан 25-ші орын алса, артынан 25-ші орын алса, жарысқа барлығы қанша адам қатысқан? (49)
Суретші мектеп бөлмелерін номерлеуге тиіс. Бөлме саны 100 болса, қанша рет 9 цифрын жазу керек (19)
ІХ. Әділқазылар алқасының шешімін тыңдау
Рефлекция
Өлең құрау
..........................................алады
..........................................болады.
.......................................................
..........................................қалады.
Сайыстың нәтижесі: І орын «Алғырлар тобы» -9-сынып
ІІ орын «Эврика тобы» -10-сынып
ІІІ орын «Фигура тобы» -7-сынып
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Математикалық кеш
Өткізген: Құрметжанова Ж.Қ
Қайырбекова Г.Д
Аршаты,2015 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.