.
.
Солтүстік Қазақстан облысы “Бақытты сәт!”
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 331 | Просмотров: 1564 | Размер: 40.5 Kb | Автор: araiМағжан Жұмабаев ауданы
Медвежка орта мектебі
“Бақытты сәт!”
5-6 сынып оқушыларына арналған математика сағаты.
Дайындаған: Касибаева Ж. А.
Булаев қаласы 2012 жыл
Бақытты сәт!
I гейм. Жаттығу “Келесі...Келесі...Келесі...”
Әр топқа кезекпен сұрақтар койылады. Бір сұрақ бір ұпай.
Бірінші топтың сұрақтары
1. Қосу амалының нәтижесі қалай аталады? (Қосынды)
2. 7 • 8 =…(56)
3. Дөңгелектің ең үлкен хордасы. (Диаметр)
4. Бір сағатта неше минут. (60)
5. Кесіндінің ұзындығын өлшейтін аспап. (Сызғыш)
6. Алманың жартысы неге ұқсайды? (Екінші жартысына)
7. Ең кіші екі таңбалы сан. (10)
8. Алымы бөліміне тең бөлшек қалай аталады? (Бұрыс бөлшек)
9. Жазғы демалыстың үшінші айы? (Тамыз)
10. Әтеш бір аяғымен түрғанда үш килограмм тартады. Екі аяғымен тұрғанда неше
килограмм тартады? (Үш килограмм)
Екінші топтың сұрақтары
1. Азайту амалының нәтижесі қалай аталады? (Айырма)
2. 63 : 7 = …(9)
3. Не ауыр бір килограмм мақта немесе бір килограмм темір? (Бірдей)
4. Бөлшек сызығының үстіндегі сан қалай аталады? (Алымы)
5. Жазғы демалыс неше күн? (92)
6. Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)
7. Алымы бөлімінен кіші бөлшек қалай аталады? (Дұрыс бөлшек)
8. Ең кіші жұп сан. (2)
9. Бір тәулікте неше сағат. (24)
10. Көп лағы бар ешкінің неше лағы болды? (7)
II гейм “Сыйқырлы есептер”
Әр топ кезекпен қызықты есептерді жәшіктен алады. Жауап береді. Жауаптары дұрыс болмаса келесі топ жауап бере алады. Әр есеп екі ұпайдан. Егер “Бақытты сәт” алынса сол топқа бес ұпай қосылады. Екі реттен есептерді әр топ алады.
1. Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең 5 жылдан кейін олардын жастары бірге алғанда қанша болады? (44)
2. Аспанда 6 құс ұшып барады, аншы екеуін атып алды. Неше құс қалды? (2 құс қалды, қалғандары ұшып кетті)
3. Бір жанұядағы 5 баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (6 бала)
4. Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)
5. “Бақытты сәт”.
6. Қабырғасының ұзындығы 1 см болатын 16 шаршыдан периметрі ең ұзын болатын тіктөртбұрышты сыз. ( Р=(16+1)•2=34 см)
III гейм “Бұл кім?”
Бүгін, біздің ойынымызға қонақ келді. Ол кім екен? Кәне тауып алындар!
“Өзі сүйкімді, өзі әдемі. Математиканы жақсы көреді, компьютермен жұмыс істейді. Кішкентай балаларды жақсы көреді. Өзі жас ”. (Ұлжан Рамазановна) Ұлжан Рамазановна өз сұрақтарын балаларға қояды. Қай топ тез және дұрыс жауап береді. Бір сұрақ үш ұпай.
1. Үш сірінкеден сындырмай қалай төрт істеуге болады? (IV)
2. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа тапты. Оң екі тауық оң екі күнде неше жүмыртқа табады? (48 жұмыртқа)
IV гейм “Сен маған, мен саған”
Топтар бір біріне дайындаған сұрақтарын, есептерін бір біріне оқиды. Бір сұрақ төрт ұпай.
VI гейм “Бәйге”
Әр топ кезекпен сұрақтар койылады. Бір сұрақ бір ұпай.
Бірінші топтың сұрақтары
1. Теңгенің бөлігі қалай аталады. (Тиын)
2. 41 ол тақ сан. (иә)
3. Қосу амалының таңбасы. (+)
4. Бір жарым балық бір жарым тенге түрады. Бес балық неше тенге түрады? (5 тенге)
5. Қазақстанның ең жақсы бағасы. (5)
6. 2-ге кері сан. ( )
7. Бөлшек сызығының астындағы сан қалай аталады? (Бөлімі)
8. 17 мен 4-тің қосындысы. (21)
9. 29 бен 5-тің айырымы. (24)
10. 9 бен 4-тің көбейтіндісі. (36)
11. 9, 54-тен неше есе артады? (6 есе)
12. Қыстың бірінші айы. (Желтоқсан)
13. Көбейтінді нөлге тең бола ала ма? (иә)
14. 50-жарымға бөлгенде неше болады? (100)
15. Кез келген барлық сан қандай үлкен санға қалдықсыз бөлінеді? (Өзі өзіне)
Екінші топтың сұрақтары
1. Метрдің жүзден бір үлесі. (1 см)
2. 63 бұл жұп сан. (иә)
3. Азайту амалының таңбасы. (-)
4. Кірпіштің салмағы 2 кг. тағыда жарты кірпіш. 4 кірпіштін салмағы қанша? (16 кг)
5. Қазақстанның ең төмен бағасы. (1)
6. -ге кері сан. (5)
7. 21 мен 4-тің қосындысы. (25)
8. 38 бен 23-тің айырымы. (15)
9. 6 мен 15-тің көбейтіндісі. (90)
10. 7, 14-тен неше есе артады? (2 есе)
11. Кез келген барлық сан қандай санға қалдықсыз бөлінеді? (1)
12. Жаздың бірінші айы. (Маусым)
13. Ең кіші натурал саң. (1)
14. 100- жарымға бөлгенде неше болады? (200)
15. 20 минут сағаттын қанша үлесі? ( )
VII гейм “Ойынды аяқтау”.
Жеңіп шыққан топты марапаттап, сыйлық ұсынады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.