.
.
Белсенділік негізі -шығармашылық ізденіс Белсенділік негізі -шығармашылық ізденіс
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1779 | Размер: | Автор: araiУбаисова Айнура Сарсенбековна
№44 орта мектеп Қарқаралы қаласы Қарағанды облысы
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту арасында сындарлы (конструктивті ) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie.2009).
Сыни тұрғыдан ойлау "ойлау туралы ойлану" деп сипатталған. сыни тұрғыдан ойлау ол бақылаудың , тәжірибенің ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға , бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашаққа әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету
Бүгінгі таңда оқушы қабілетін қанағаттандыра алатындай білім беру үшін оқыту үрдісінің сан алуан түрлерін пайдаланып отырғандығымыз белгілі. Осы жаңа әдістерді қолдану кезінде педагогикалық-психологиялық талаптарды біріктіре отырып, оқушының оқу материалын терең игеруіне жағдай жасау қажеттілігі көрініп отыр.[3]
Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы. Біздің міндетіміз-оқушыға оның бойында жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша математика пәні бойынша оқушылардың білім сапасы төмен. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту арқылы ғана біз нәтижеге қол жеткізе аламыз.Қазіргі заман талабына сай білім беру үшін оқушылардың жеке қасиеттерін, қаблеттерін, белсенділіктерін арттырудың жолдарын қарастырған жөн деп білемін. Сабақта жоғарғы сапаға жету үшін, алдымен пәнге деген қызығушылығын ояту керек. Сондықтан оқушылардың ойын дамыту, белсенділігі мен дербестігін қалыптастыру мақсатында сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін сабақтарымда қолданамын.
6 сыныпта «Шамалардың тура және кері пропорционалдығы» тақырыбында берілген формулалар арқылы немесе өмірмен байланыстырылған мысал есептер арқылы оқушылар өздері тура және кері пропорционалдықты ажыратып алуға болады. Оқушылардың шығармашылық қаблеттерін арттыру мақсатында өмірмен байланыстыра әр-түрлі есептер құрастыруды ұсынам. Сонымен қатар тапсырманы орындауға теориялық дайындықпен келулері тиіс.Оқушылар жауап парақтарына өзін-өзі бағалайды.Өзін-өзі бағалау
8-сынып геометрия курсында «Параллелограмм және оның қасиеттері. Параллелограммның белгілері» тақырыбын өткенде сызба арқылы оның қасиеттері мен белгілерін топтық жұмыс барысында тұжырымдауға ұмтылады. Нәтижесінде оқушы ізденеді, қызығушылығы, жауапкершілігі артады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы сабақтың барлық сатысын қамтиды. Сабақты оқушылар тиімді меңгеру үшін барлық жағдайларды жасай алады, не білетіндерін ойға түсіреді, сұрақтар қояды, сабақта не үйренгендерін түйіндейді. Осы сатыларды қамтитын сәттер оқушылардың белсенді таным жұмыстарының куәсі болып табылады.
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын оятуда сабақтағы оқушы жұмыстарының әдістемелік деңгейде ұйымдастырылуы үлкен маңызға ие болады.
Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойын еркін айтатын болғандықтан әртүрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын – мүмкін қате, немесе толымсыз – ойларын шыдамдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастауды өзімнің басты міндеттерімнің бірі деп есептеймін.
Белсенділіктің қайнар көзі – ынта мен қызығушылық.Осының нәтижесінде біріншіден
-Мұғалім мен оқушы арасында тұлғааралық қатынас қалыптасады;
- Сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлескен жұмыс әдісі қалыптасады;
- Оқушыларды ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулиды;
- Оқушылардың өз бетінше ізденісіне жағымды мотивация қалыптастырады;
Демек, сабақтың өн бойында, сабақтан тыс кезеңде оқушылардың іс-әрекеті басым. Бұл мұғалімнің әдістемелік қызметіндегі басты жетістік еді.
Екіншіден, мұғалімнің өзінің педагогикалық қызметтегі кәсіби өсуіне ықпал етуі.
Шығыста керемет даналық сөз бар: «Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін» Ал, сыни тұрғысынан ойлаудың әдіс тәсілдері тақырыптың құрылымын үйрету, үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұрады.
Мектептегі пәндердің ішінде математика «қиын пән» деген түсінік бар. Көптеген пән мұғалімдері бұл пікірмен келіспейді, жоққа шығару, яғни басқалар ойлағандай аса қиындық жоқ екенін дәлелдеу ол үшін проблема.Менің ойымша, айтылған пікірдің қалыптасуына пәнді оқытудың әдістемесіндегі қалыптасқан дәстүрлі жолдар негіз сияқты.Себебі жоғарыда айтылған оқытудың мақсаты орындалуы үшін өзіне сенімді, үнемі ізденімпаз, нақты сұрақ қоя алатын ,сонымен бірге сұраққа ұтымды жауап бере алатын ,алған білімін өмірде қолдана алатын жеке тұлға тәрбиелеуіміз қажет.
Математикадан есеп шығара білсе негізгі мәселе шешілді деп ойлайтынбыз. Барлық тақырыптарға барып нәтиже көрсете алмағанда ол пікірдің қате екеніне, есеп шығару – ол математикалық іс-әрекеттің басы ғана екенін түсіндім. Сабақ барысында бірлесіп жұмыс жасау ,өзі білгісі келетін мәселеге нар тәуекел ету, жазбаша және ауызша ой алмасу бүгінгі оқушылардың дағдысына айналуда. Қай сыныпта болсын геометрия пәніне деген салғырттық қызығушылықтары төмен екендігін байқайтынмын. Сондықтан, мен өзімнің алдыма мынадай мақсат қойдым:оқушылар қалай болғанда да тақырыптарды, теоремаларды өздері талдап,дәлелдей білуі керек, ал мен сол үшін орта құруым керек, әрине, бірінші сабақтың сұрақтары мен нұсқаулары арқылы мен проблеманы анықтаймын. Сонда ғана олар өздеріндегі белгісіз қорқыныштан,сенімсіздіктен арылып, жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндіктер алады деп ойладым. Оқушылар мен күткен ойдан шығып келеді.Себебі,сабақ барысынды білгісі келу қажеттілігі туды, өз бетімен үйрену сенімділігі артты,топтарда белгілі математикалық орта пайда болды.Оқушыларға өмірге қажетті есептеулер ,нағыз заттарды ұстап көріп, оларды өлшеу, бағалау, сұрыптау бағытындағы есептермен жұмыс жасау керек. Сонда ғана оқушыда ой талқысына салу, елестету әдеті қалыптасады, нәтижесінде енжар оқушыдан ізденушілер және мәнді іс-әрекет жасайтын қоғам мүшесін дайындауға болады. Сонымен қатар, оқушылардың фантазиялары ұшан теңіз екенін байқадым.
Білімнің негізгі мақсаты оның қолданбалылығында. Біздің пән мұғалімдеріміздің пән бойынша жақсы нәтижеге жетуіне біріншіден әуелден қалыптасқан «қиын пән» туралы пікірі, екіншіден қазіргі кезде осы қиындықтан алып шығатындай әдістемелік жүйенің жоқтығы кедергі болатын сияқты. Осы жобамен терең танысып, оның стратегияларын өзінің сабақ өткізу әдістемесіне жүйелі түрде енгізсе, айтылған екі мәселе де шешімін табатыны сөзсіз.
Математиканың өзі дәл ғылым, оны меңгеру үшін еңбектену, іздену керек. Математикалық тұжырымдар айқын және нақты дәлелденеді, анықтамаларда артық сөз болмайды. Кез келген математикалық ұғым, математикалық тұжырым тұрақты, өзгермейді. Сонымен математика мазмұнының өзі адамды шыншылдыққа, дәлдікке, еңбекқорлыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Геометриялық фигуралар, математикадағы симметрия, теореманың дәлелдеу жолының дәлдігі, эстетикалық тәрбие математиканың құдіретін көрсетіп, математикаға деген қызығушылық тудырады.[4]
Топтық жұмыстың ерекшелігі:
1. Топтық жұмыс нағыз өз бетінше үйренушілер ортасын құрады;
2. Балалар өздері бәрінің бірдей екенін ұғады;
3. Мұғаліммен де еркін сөйлесіп, сыныптағы оқушылардан жасқанбайтын болды;
4. Көптің пікірін тыңдап, сыйлайды;
5. Ешбір қорқынышсыз отырады, жүздерінде қуаныш пайда болады;
6. Оқушылар бір-біріне кешіріммен, мейіріммен қарайды;
7. Қарым-қатынас мәдениеті де жетіледі.
Осы күнге дейін өзімнің және оқушыларымның бойындағы өзгерістер:
1. Сабақты жаңашыл түрде жоспарлауым;
2. Оқушыларымның жаңашыл болуы;
3. Балалар ретімен кезектесіп сөйлейді, бірлесе дамиды;
4. Баға үшін емес, ой даму үшін оқи бастайды, бірақ әлі толық өзгеріске енген жоқпыз, себебі жаңашыл бағалауды да енді үйреніп келемін;
5. Сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдерді өз жанымнан қосуға мүмкіндік аламын;
6. Өз сабағыма өзім баға беремін және кемшілігімді түзеймін, жаңа жол іздеп, жаңаша талқылауды да үйреніп келемін.
7. Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
- Мен не білемін?
- Мен жаңаша нені білдім?
- Менің білімім қалай өзгерді?
- Мен осы біліммен не істей аламын?
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.[2]
Фалестің айтуынша: «Дүниедегі ең үлкен нәрсе – кеңістік. Бәрінен жүйрік - ой. Бәрінен дана – уақыт. Бәрінен жеңіл – басқаға ақыл айту. Бәрінен қиыны – өзіңді-өзің тану» . Иә шынында да, біз мектептің негізін қалаушылары мұғалімдер өзімізді-өзіміз танып алуымыз қажет деп ойлаймын
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. 12 жылдық білім беру.Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық талдамалық журнал
3. Білімдегі жаңалықтар.Ақпаратты-әдістемелік журнал
4. Физика және математика. Ғылыми-әдістемелік журнал.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.