Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бір айнымалысы бар квадрат  теңсіздіктерді  шешу. -

Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешу.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 387 | Просмотров: 1439 | Размер: 65.5 Kb | Автор: arai
. Сыныбы: 8 «Б»
Пәні: алгебра.
Сабақтың тақырыбы:
2.2. Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешу.
2.3. Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : квадрат теңсіздіктердің анықтамасын және қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білу. Оқушылардың алған білімдерін тереңдету , жинақтау , жүйелеу.
Дамытушылық: есептеу дағдыларын және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, білімдерін тереңдету, пәнге қызығушылықтарын арттыру .
Тәрбиелік: өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу ,ұйымшылдыққа , достыққа , шапшандыққа тәрбиелеу. Өз елінің патриотын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Іскерлік «Партиялар додасы» ойын сабағы.
Сабақтың типі : пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: үшөлшемді әдістемелік жүйесі.
Пәнаралық байланыс : казақ әдебиеті, тарих , сызу, геометрия , ән.
Қөрнекілігі: Бағалау парағы ,мақал-мәтел, плакаттар,үлестірмелер.
Құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта, Power Point (слайдттар),
Windows Media (видео-ролик), Winamp (ән) бағдарламалары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар 3 топқа (партияларға) бөлініп отырады. Партия лидерлеріне бағалау парақтары таратылады.
Сары түсті: «Қазақстан үміткерлері» партиясы
Жасыл түсті: «Қазақстан дарындары» партиясы
Көк түсті: «Қазақстан озаттары» партиясы
Әр партия бағдарламасын , ұранын айтады.
Қ Р-да 7 партия бар(плакат),Қазақстан туралы видео-ролик көрсетіліп, «Атамекен» әні орындалады
ІІ. «Заңдар аясында...»
Саяси партиялардың бағдарламалары нәтижеге жету үшін, заңдарды білу керек.

І деңгей (5 ұпай)

1) аx2+bх+с>0, аx2+bх+с <0 түріндегі теңсіздік ... деп аталады.
А) Квадрат теңсіздік
В) Сызықтық теңсіздік
С) Кері пропорционалдық теңсіздік / таңдау тест/

2)
Формуласы квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласы ма? /иә,жоқ –альтернативті тест/
3) Теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?
«Домино» ойыны / қиындылардан ереже құрау/
4)
Теңсіздікті шешіңдер.
5) Теңсіздікті графиктік тәсілмен шешіңдер:

ІІІ. «Халық арасында...»
Халық арасында партиялардың салмағын байқайық, ол үшін Internet арқылы edu19kzaral сайтына халықтан келіп түскен сұрақтарға шешімін табу керек.
ІІ деңгей (4 ұпай)
1) Функцияның анықталу облысын табыңдар: №555(3)

2) Теңсіздікті шешіңдер: №558(3)
| 2х+1| ≤1

ІV. «Үгітшілерден - ұтымды жауап »
Партия белсенділерінің үгіттеу насихаттау жұмыстарын бақылау.

ІІІ деңгей (3 ұпай)

Тапсырма

1) №569(2)
а-ның қандай мәндерінде

теңсіздігі кез келген х үшін орындалады?

2) Теңсіздікті графиктік тәсілмен шешіңдер:

3) Логикалық есеп

Патриот 3≤х≤6 трио
Білімділік 2≤х≤5 ?

V. Үйге тапсырма : №558(1,4)
№562(4,5)
№ 569(3,4)
VІ. Бағалау.
Бағалау парағы бойынша «Көшбасшы партия» -ны анықтау, оқушыларды бағалау.
VІІ. Қорытындылау :
Бабалар өсиетімен қорытындылаймыз
Төле би: Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің баласы бол.
Бір үйдің атасы болма,
Бір елдің батасы бол.
Бір танңың жағасы болма ,
Көп елдің ағасы бол...
Өзіңе -өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол.
Досыңа адал бол.

№19 орта мектеп












2011-2012 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.