Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу -

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 376 | Просмотров: 1831 | Размер: 356.6 Kb | Автор: arai
. Алматы қаласы, №152 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі: Турарова Галия Рамазанқызы
Ұстанымы:Ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың
"Жай мұғалім хабарлайды;
Жақсы мұғалім түсіндіреді;
Керемет мұғалім көрсетеді;
Ұлы мұғалім шабыттандырады"

6- сыныпқа өткізген ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Сабақты мақсаты:
Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың барысы: 1. Сабақты ұйымдастыру
2. Оқушылардың өтілген тақырыпты игеру барысын тексеру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Тараудағы есептерді шығартып, оған шолу жасау.
Көрнекіліктер: Тарауға байланысты презентация.
Үйге тапсырма: № 1016-1019; № 1012-1013
I. «Бастау»1).Есептегі дұрыс жауапты табыңыздар:Ауызша есеп:
Дүкеннен жаңадан 4 қораптан көп, 6 –ты қораптан кем бірдей түрлі-түсті карандаш сатып алынды.
Неше қорап карандаш сатып алынды? Бірқораптақанша карандаш бар ? Барлық қораптағы (төмендегі) карандаш санының қайсысы дұрыс?
92, 36, 76, 90
Жауабы; 1-қорапта 18 карандаш бар. Барлығында 90 карандаш бар.
2). Теңсіздік арқылы шығарыңыздар:
Берілген жұп сан мен 3 еселенген келесі жұп санның қосындысы 32-ден кем. Осы шартты қанағаттандыратын ең үлкен жұп санды табыңдар.
Шешуі: х-жұп сан, (х+2)-келесі жұп сан.
х+(х+2).3 < 32
х+3х+6<32
4х<26
х<26:4
х< 5,15; (-∞; 5,15) Жауабы: Ең үлкен жұп сан: 6
I I .«Шың»
Екі қаланың арақашықтығы 300 км-ден кем болатын. Пойыз бір қаладан шығып екінші қалаға қарай 3 сағ жүргенде екінші қалаға дейін 45 км қашықтық қалды? Пойыздыңжылдамдығынбағалаңдар.

300>s; t=3сағ
S2=45км; х-?



S1+45=S; S1+45<300; S1=3х
3х+45<300
х<85 Жауабы: 85км/сағаттан кем
I I I.« Қияға самғау.»
Теңсіздікті шешіңіздер:

1. 5у+9≤3-7у 3. ¼-у/3≥ 1/3-у

[1/8; +∞)
(-∞;-0,5]

2. 3х+1≤4х-5 6. х/6+1/2>х-1/3
[6; +∞) (-∞;1)

I V.«Мерген» Тестпен жұмыс

1). Сан аралықтарының дұрыс атын схема түрінде сызып көрсетіңіздер.

1. Интервал; сәуле; жартылай интервал; кесінді;ашық сәуле;

(-∞;-4] 2. [-3;5] 3. (-1;8] 4. (0;8) 5.[-9; +∞]

-3 ≤ х ≤5 -1<х ≤8 0 <х <8 -9 ≤х х <-4

2). Теңсіздікті шешіңіздер:

3-2(у-1) >8+у 5(у+2)+14<6-у 9-(5х+1)/2 > х+5

А. у <-1 В.у<-3 В. х>-2/3

3). Теңсіздіктерді мүшелеп бөліңіздер:

15 >7 және 3 <7 21 <35 және 7 >5
А. 5>1 В. 21 <35

V.№ 1036. (кітаппен жұмыс)
Луговой және Шу аудандарының арасы 110 км. Лугвойдан 14 км/ сағ жылдамдықпен велосипедші шықса, оған қарама-қарсы бағытта Шудан мотоцикелші шықты. Олар бір –бірімен 2,5 сағаттан кем уақыт өткенде кездесуі үшін мотоцикелшінің жүру жылдамдығын бағалаңдар.



Х- мат. Жылдамдығы-?
14 км/сағ –велосипедшінің жылдамдығы

Шешуі:110 /(14+х)< 2,5
110<2,5.(14+х)
110<35+2,5х
75<2,5х
х>30 Жауабы: 30 км/сағ артық

VI.«Шарықтау»

1. 7≤2х+3 ≤11 3. -2<(8+х)/7<4
Жауаптары: 1. 2≤х≤4 3. -22<х<20

2. -3 ≤1+2х ≤7 4. -7≤(2х+1)/2<2
Жауаптары: 2. -2 ≤х ≤3 4. -5≤х<1,5

V I I. «Сергіту»


1. Сан аралығы (интервал)
2. Шешімдері бірдей теңсіздіктер. (мәндес)
3. Сан түзуіндегі қыздың аты. (сәуле)
4. О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған тұйық сызық. (бірлік кесінді)
5. Көбейткіш теңсіздіктердің теңсіздік белгілерін қалай етіп аламыз.
(бірдей)
6. Бөлгішін кері теңсіздікке айналдырып көбейту. (бөлу)

V III. Сабақты қорытындылау, рефлексияІ.
ІX. Оқушыларды білім деңгейлеріне қарай бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.