.
.
Пән: алгебра Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 419 | Просмотров: 3224 | Размер: 17.5 Kb | Автор: araiКүні: 23.10.2014 ж
Сынып: 7 «А»
Тақырыбы: Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі
Одночлен
Monomial
Мақсаты:
• Бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, бірмүшенің коэффиценті, бірмүшенің дәрежесі ұғымдарын енгізу, оларды есептер шығаруда қолдану;
• жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбекке тәрбиелеу;
• әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзыреттілігін дамыту.
САБАҚ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды анаграмма шешу арқылы табайық. Анаграмма шешу:
1. ШЕБІМРҮ; 2. РЕЖӘДЕ; 3. ЦИФОНКЭФТЕ
1. Бірмүше; 2. Дәрәже; 3. Коэффицент
Анықтама. Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.
Анықтама. Бірінші орында сан көбейткіш, ал оған жалғастыра айнымалылар мен олардың дәрежелері жазылған түрін бірмүшенің стандарт түрі деп атайды.
Анықтама. Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.
Тапсырма: Төмендегі өрнектер бірмүше бола ма?
3aba • (-8)a;
a;
4ab2 • 17m3 • a2;
3a2 - 7;
a3 : b.
IV. Дәптермен жұмыс. Бірмүшелерге 3 мысал ойлап, жазу;
-0,125a2(-4b)(-2a) бірмүшесінің a = 1/2; b = -32 болған кездегі сан мәнін табыңдар
Сұрақ : оңай есептеу тәсілі бар ма? Қандай?
- 0,125a2(-4b)(-2a) = -0,125 • (-4) • (-2) • (a2 • a) • b= -1a3 b= -a3 b
Егер a = 1/2, b = -32, онда -(1/2)3 • (-32)= 4 Жауап: 4.
V. Сергіту сәті.
VI. Жаңа сабақты бекіту. Тапсырма: тақтаға жазылған өрнектерді пайдаланып кестені толтыр:
Бірмүше Бірмүшенің стандарт түрі Бірмүшенің коэффиценті Бірмүшенің дәрежесі
5x2 7yx; a+3b3 • b2; aabbb; -x3; 2 ab+c-4; (-1/4)2bab3; -
Есептер шығару: а)№156
1) 2b*(-3c)=-6bc
2) (-4a)(-5b)=20ab
3) 8x*(-1/2 y)=-4xy
4) 3/4 a*(-2/3 x)=-1/2 ax
5) (-0,3m)(-5n)=1,5mn
6) (-3a)2b(-c)
б) №165 тақтаға шығарылады.
1. Бірмүшені стандарт түрде жазыңдар: а) 16xy(-0,25)y3
б) -0,5ac2(-2)a3c
в) 3/4 • a2 b • 4a3 b2 m • (-0,25abm3)
2. Өрнектің сан мәнін табыңдар: а) 3,5x2 егер x = -1
б) -0,02aca2 егер a= -1, c= 5
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Қандай өрнектерді бірмүше деп атайды?
Бірмүшенің дәрежесі қалай анықталады?
Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?
VІІІ. Үйге тапсырма №159-160
Х. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.