.
.
Геометрия 8 «_в_» сынып Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 414 | Просмотров: 2826 | Размер: 37.5 Kb | Автор: araiМұғалімнің
аты-жөні Ибраимова Нургуль Аскаровна №169 орта мектебі
9 апта 2 күн 1 сабақ 29.10.2013
Сабақ атауы Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар (параллелограмммдар, тіктөртбұрыштар, ромбтар, квадраттар, трапециялар)
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Геометрия» оқулығы 8-сынып, әдістемелік құрал,интернет материалдары
Жалпы мақсаты Оқушылардың қайталауға арналған есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
Ынтымақтастықта жұмыс жасауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже Алған білімдері мен түсініктерін қайталайды, есте сақтау қабілеттері артады.
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдылары жетіледі
Топпен бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді.
Негізгі идеялар Өтілген материалды еске түсіру, қайталау
Тапсырмалар /Wiki материалдары/ PowerPoint бағдарламасы, Ғаламтор ustaz.kz, 45 минут сайттары
Сабақ бойынша
мұғалім жазбалары Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
7 минут
9 минут
20 минут
3 минут
10 минут
3 минут
3 минут
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу.
Танысу тренингі
Әр оқушы өз есіміне сын есім жалғап таныстырады (қарлы жұмбаз әдісімен)
Топқа бөліну «Төртбұрыш түрлері»
1-топ: Параллелограмм
2-топ:Тіктөртбұрыштар
3-топ: Ромбтар
4-топ: Квадраттар
5-топ: Трапециялар
ІІ.«Ой атысы»
Конверт-сұрақ стратегиясы
Конвертке өткен тақырыптар бойынша 3 сұрақ жазып барлық топтарға таратады.
Жеке, жұптық, топтық жұмыс
ІІІ. Маңызын арттыру
Әр топқа «Тізбек» тапсырма беріледі. Жеке, жұптық, топтық жұмыс
«Сен-маған, мен-саған» әдісі
ІV. Сергіту сәті.
V. Білім бекіту.
«Басқыш» тапсырмалары
Әр топқа есептер беріледі
1 басқыш № 162
2 басқыш №163
3 басқыш №164
4 басқыш № 165
5 басқыш №166
VI. Бағалау.
Критерий бойынша бағалау.
VII. Рефлексия.
Бүгін не үйрендім?
Сабақ сіздерге ұнады ма?
1.Мұғаліммен амандасады.
Сызба бойынша топқа бөлінеді
2.
Топ ол сұрақтарға жауапты постерге жазып әкеліп,
топтар талқылайды. «Екі жұлдыз, бір пікір»әдісімен топтық жұмысқа баға беріледі.
3.
Топтар орындап болған соң оң жақтағы көрші топпен алмастырып бір-бірінің тізбек бойынша жауаптарын тексереді.
4 Барлығы бірдей қозғалады.
5. Оқушы оны тақтада жазып көрсету керек.
6. Топ мүшелерінің жұмысы тақтаға жазылған критерийлер бойынша бағаланып,сұрақтарға жауап берген немесе есеп шығарған оқушыларға белгі қойылады.
7.5 топтан бір оқушыдан жауап береді
Оқушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы көңіл-күйлерін білдіреді.
Сабақтың жабдықтары Мультимедиа, интерактивтік тақта арқылы PowerPoint, маркер, қарындаш, бағалау парағы
Келесі тапсырма-лар/портфолио/ Өткен тарау бойынша реферат дайындап келу
Келесі оқу
Сабақты талдау
Тәжірибелік сабақты бағалау
Сабаққа өзгертулер енгізу
Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар (параллелограмммдар, тіктөртбұрыштар, ромбтар, квадраттар, трапециялар)
Ибраимова Нургуль Аскаровна.,Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
№169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың қайталауға арналған есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті
және мүмкін деңгейде тексеру
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше
еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың
құзыреттерін қалыптастыру.
Ынтымақтастықта жұмыс жасауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
Алған білімдері мен түсініктерін қайталайды, есте сақтау қабілеттері артады.
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдылары жетіледі
Топпен бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді.
Сабақтың жабдықтары: интерактивтік тақта арқылы PowerPoint, маркер, қарындаш, бағалау парағы
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу.
Танысу тренингі
Әр оқушы өз есіміне сын есім жалғап таныстырады (қарлы жұмбаз әдісімен)
Топқа бөліну: «Төртбұрыш түрлері»
1-топ: Параллелограмм
2-топ:Тіктөртбұрыш
3-топ: Ромб
4-топ: Квадрат
5-топ: Трапеция
ІІ.«Ой атысы»
«Конверт-сұрақ» стратегиясы
Конвертке өткен тақырыптар бойынша 3 сұрақ жазып. барлық топтарға таратады:
1.Геометриялық фигураның анықтамасы
2. Сызбасын көрсету
3. Негізгі қасиеттерін атап өту.
Жеке, жұптық, топтық жұмыс
Топ ол сұрақтарға жауапты стикерге жазып әкеліп мұғалімге береді.
Оны мұғалім дауыстап оқиды, топтар талқылап, «Екі жұлдыз, бір пікір» әдісі бойынша топ жұмысына баға береді.
ІІІ. Маңызын арттыру
Әр топқа «Тізбек» тапсырма беріледі. Жеке, жұптық, топтық жұмыс
«Сен-маған, мен-саған» әдісі.
1. Параллелограммның үш бұрышының қосындысы 2700. Барлық бұрыштарын табыңдар.
2. Бір қабырғасы екіншісінен 2 есе ұзын, ал ауданы 36 см2 болатын тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
3. Ромбтың қабырғасымен диагональнің арасындағы бұрыш 350.Ромбтың барлық бұрыштарын тап.
4. Квадраттың диагональдарының қиылысуынан пайда болатын үшбұрыштың ауданы 3 см2 болса, квадраттың ауданын табыңдар.
5. Теңбүйірлі трапецияның бүйір қабырғасының ұзындығы 6 см,ал кіші табаны үлкен табаның жартысына тең.Ауданы 28 см2 болатын трапецияның қабырғаларын табыңдар.
Топтар орындап болған соң оң жақтағы көрші топпен алмастырып бір-бірінің тізбек бойынша жауаптарын тексереді.
ІV. Сергіту сәті.
Барлығы әуенге бірдей қозғалады.
V. Білім бекіту.
«Басқыш» тапсырмалары
Әр топқа есептер беріледі
1 басқыш № 162
2 басқыш №163
3 басқыш №164
4 басқыш №165
5 басқыш №166
Оқушылар оны тақтада орындауы қажет.
VI. Бағалау.
Критерий бойынша бағалау.
№ Критерийлер Дискрипторлар
1 Геометриялық фигуралар туралы ұғым қалыптасқан 1.Фигуралар түрлерін ажырата алады;
2.Олардың анықтамасын айта алады;
3.Фигуралардың сызбасын сыза алады.
2 Геометриялық есептерді шығара алады 1.Фигуралардың элементтерін таба алады;
2.Теоремаларды тиімді қолдана алады.
3 Төртбұрыштың түрлерін ажырата алады 1.Төртбұрыштардың макетін жасай біледі;
2.Төртбұрыштарды қоршаған ортамен байланыстыра алады.
Топтағы бақылаушы топ мүшелеріне критерийлер бойынша «3-баллдық» жүйемен баға береді.
VII. Рефлексия.
«Сабақ сіздерге ұнады ма?»
Оқушылар түрлі-түсті қағаздар көмегімен «Бағдаршам» әдісі бойынша өз көңіл-күйлерін білдіреді.
VIII. Үйге тапсырма:
Өткен тарау бойынша реферат дайындап келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.