.
.
ШҚО, Семей қаласы «Болашақ – білімді ұрпақта»
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1361 | Размер: | Автор: araiКММ «№19 жалпы орта білім беретін метептің»
математика пәні мұғалімі
Утегенова Маулиза Кабировна
Тақырыбы: «Болашақ – білімді ұрпақта»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: ой-өрісін, белсенділік қобілетін,
танымдылық қызығушылығын арттыру, логикалық
есептерді шығаруға дағдыландыру
2. Дамытушылық: оқушылардың тілдік қорын дамыту,
жарыстыру арқылы аңғарымпаздық қасиеттерін
арттыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке,
ұйымшылдық пен шапшаңшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс – сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру. Кіріспе.
Армысыздар қадірлі ұстаздар, білім мен өнерге құштар шәкірттер!
Бүгінгі сабағымыз «Болашақ – білімді ұрпақта» атты жарыс түрінде өткізіледі. Мақсатыңыз балалар белсенділік танытып, білімді екенімізді көрсете білу.
І жүргізуші:
Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеруге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрінде,
мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әліде.
ІІ жүргізущі:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар
Математикадан басталмақшы
«Болашақ – білімді ұрпақта» - деп бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймын.
І жүргізуші:
Асыл тастан
Өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда қонымды.
Бұл шындықты, күнделікті
Көріп жүрміз өмірден,
Сан мыңдаған жастар өсті
Өнер асқан танымды, - демекші сол жастарды ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
Математика сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
І жүргізуші:
Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныс болайық.
І. Кіріспе.
ІІ. Таныстыру (аты, ұраны, эмблемасы).
ІІІ. Зерделілер (үй тапсырмасы)
IV. «Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап» (топ сайысы)
V. «Ақылдассаң шешерсің» (топ сайысы)
VI. «Іздеген жетер мұратқа» (топ басшылар сайысы)
VII. «Ойымды жалғастыр» (көрермендер ойыны)
VIII. Қорытынды.
ІІ жүргізуші:
Талай жырлап сан ғасырдың дастанын,
Кең даламнан естіледі асқақ үн.
Талай талант, сенде шыңдалып, сенде өсті,
Талай ғылым сеннен алды бастауын
Сол математика ғылымының жолын қуған
Тұр тарландар күтіп ойын бастауын!
ІІ. Таныстыру (аты, ұраны, эмблема).
ІІ жүргізуші:
ІІІ. «Зерделілер» сайысы.
Әр топқа математика ғұламаларының математикаға қосқан үлесі туралы айту. Сол үй тапсырмасын тамашалайық.
І жүргізуші:
IV. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» сайысы.
Санның да саны бар ғой саналатын,
Әртүрлі білім сырын ұға алатын
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Саналып әр секундпен жүре алатын.
1. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі (ғасыр)
2. 400 түйме, 11 ине (есепшот)
3. Ең алғашқы әйел математик (С. Ковалевская)
4. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
5. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық (координация осі)
6. Ең үлкен хорда (диаметр)
7. Координация жүйесін тұңғыш рет қолданған француз ғалымы (Декарт)
8. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі (ширек)
9. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар (10 және 100)
10. Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін ата (апта күндері)
11. 2,5 таяқтың неше ұшы бар (6)
12. Ешқандай арифметикалық ама қоданбай 666 санын 1,5 есе арттыр (999)
13. Еменде 3 бұтақ, ал әр бұтақта 3 алмадан бар, барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
14. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста. Неше жылдан кейін атасының жасы нмересінен екі есе үлкен болады. (28)
15. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар 14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
16. Қандай үш таңбалы сан көбейтіндісі де, қосындысы да бірдей (1*2*3. 1+2+3.)
Көрермендермен ойын.
«Ойымды жалғастыр»
1) Сөз анасы – құлақ.
Су анасы – бұлақ.
2) Егілмеген жер жетім,
Елінен айырылған ер жетім.
3) Оқу білім азығы
Білім өнер қазығы.
4) Отан елдің анасы
Ел – ердің анасы.
5) Емен ағаштың иілгені – сынғаны
Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
6) Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
7) Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
Ертеде Данышпан деген патшаның елінде «Байық», «Бақыт», «Ақыл» үшеуі бас қосады. Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып қалады.
Байлық: Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі, дүние мүлкі, ішіп-жемі мол болды.
Бақыт: Мен кімнің басына қонсам, соның атақ даңқын шығарамын. Мансабын аспанға көтеремін.
Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Нанбасаңдар Данышпаннан сұраңдар.
Данышпан: «Байлық» - бір жұттық
«Бақыт» - баянсыз
«Ақыл» - еңбек, білім деген сүйеніші тіреуі, тұтқасы да бар.
Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді өмір сүре алады.
Міне, балалар бұдан шығатын қорытынды мынау.
Ақыл, білім болған жерде бақытты да, бай боламыз. Сондықтан да сабақты тек жақсы оқып, білімді де, білікті азамат болып өсуіміз керек.
Сабақты қорытындылау.
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып, әділ сына
Еңбегін «Білімділер» әділ сына, - деп, ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Егеменді қазақтың біз ұраны,
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі
Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі! – деп сайысымызды аяқтаймыз.
Назарларыңызға рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.