Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Болашақ депозит» сайыс сабағы -

«Болашақ депозит» сайыс сабағы

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1345 | Размер: | Автор: arai
. «Болашақ депозит» сайыс сабағы
Сыныбы: 9
Күні: 21.01.2014 ж.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Оқушыларды қызықты есептердің көмегімен математикаға, есепке қызығушылығын арттыру және логикалық ой – өрісін дамыту, қалыптастыру
Тәрбиелік:Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: топ бойынша жұмыс
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Тапқырлық
3. Біліктілік
4. Логикалық тапсырма
5. Қызықты есеп
6. Кім жылдам?
7. Сергіту сәті
8. Қорытындылау
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топпен отырғызу, сайыс сабақтың неше бөлімнен тұратындығын және шарттарын айту. Әр топ берілген тапсырмаларды орындай отырып, «Болашақ» депозитіне ақша салады. Тапсырмалардың деңгейіне қарай ақшалар белгіленген. Сайыстың барысында әр топ тапсырмаларды орындай отырып, депозитке ақша салады. Депозитка салған ақшаларының жылдық өсімі 10 % - ды құрайды.
2. Тапқырлық (100 теңге)
Топтарға сұрақтар қойылады, дұрыс жауап берген сұраққа ақшалай ұпай алады.
1.Вектор дегеніміз не?
2. Осьтік симметрия
3. Сан тізбегі
1. Бағыттас векторлар
2. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің тәсілдері
3. Арифметикалық прогрессия
1. Тең векторлар дегенііз не?
2. Центрлік симметрия
3. Геометриялық прогрессия
3. Біліктілік (200 теңге)
1. Теңдеулер жүйесін шығарыңдар
2. 3.
2. Берілген тізбектің 4 мүшесін жазыңдар
1. 2. 3.
3. Арифметикалық прогрессияның мүшесін табыңдар
1. 2. 3.
4. Арифметикалық прогрессияның алғашқы 100 мүшесінің қосындысын табыңдар
1. 2. 3.
5. Геометриялық прогрессияның мүшесін табыңдар
1. 2. 3.

4.Логикалық тапсырмалар (200 теңге)
Әр топ өздеріне берілген сөздерден логикалық есепті құрастырады және сол есептің шешімін айтады.

5.Қызықты есеп ( 200 теңге)
Атау септігі кім? не?
Ілік септігі кімнің?
Осы жерде математиканы қолдана отырып, ілік септігінің екінші сұрағын табу керек.
1. «Сөредегі кітаптар»
Кітап сөресінде шығармалар жинағының он томдығы ретсіз жиналыпты. Ал, осыларды 2 – 2 кітаптан алып, үш рет орын ауыстырса болғаны, олар рет – ретімен тұрады. Сонда кітаптарды қалай ауыстырар едіңіз?
1 2 6 10 3 8 4 7 9 5
6. Кім жылдам? (100 теңге)
1. Арифметикалық рогрессияның n – ші мүшесінің формуласы
2. Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы
3. Екі вектордың скалярлық көбейтіндісі
4. Арияметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы
5. Векторлар арасындағы бұрышты анықтау формуласы
7. Сергіту сәті
Әр топ өздеріне берілген әріптерден басталатындай етіп сәйкесінше сұрақтарға жауап береді.
1. Қай пәнді оқығанды жақсы көресің?
2. Қандай мұғалімнің сабақ бергені ұнайды?
3. Егер сабаққа кешіксең, кімді кінәлайсың?
4. Егер сабаққа дайындалмай келсең, кімді кінәлайсың?
5. Кімге ұқсағын келеді?
6. Сыныбыңдағы үлгілі оқушы?
А Т С К Д Н Б А Ф М Л Р Х Д А Ө Ж Ш
8. Қорытындылау
Әр топтың депозитке салған ақшаларын және 10 % - ды өсімді қоса есептеп, қай топтың жеңіске жеткендігін анықтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.