Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер. -

Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 433 | Просмотров: 4831 | Размер: 338.6 Kb | Автор: arai
. Күні __22.11.2013Сыныбы_5 «А» ___________Бекітемін_________________

Сабақ жоспары
Пәні: Математика
Пән мұғалімі: Жиенбаева Ботакөз Шаймағанбетқызы
Сабақтың тақырыбы:__Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер.
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік:__Жай бөлшектердің алымы мен бөлімін салыстырып олардың дұрыс немесе бұрыс бөлшектер болатынын ажыратуды үйрету,біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.

ә) Дамытушылық:_Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, есеп шығарудың жаңа түрлерін меңгерту және ойдан ой туындатуға, әр сөзді, айтылған ойды дәлелдеуге үйрету.
б) Тәрбиелілік:_Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, оқушыларды алғырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі:_Жаңа сабақ
Пайдаланылатын әдістер: Топтық, жеке жұмыс
Пайдаланылатын көрнекілігі:Интерактивті тақта, кесте, суреттер, түрлі түсті қарточкалар
Пән аралық байланыс: Информатика
Пайдаланған әдебиеттер: Әдістемелік оқулықтар, қосымша әдебиеттер,
Жаңа сабақты игерту сабағының жоспары:
I Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын тексеру
ІІІЖаңатақырыпқа кіріспе
IVЖаңа сабақ өту
V Жаңа тақырыпты бекіту
VІСабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау
VIІҮйге тапсырма беру

I.Ұйымдастыру: Сәлемдесу, Түгелдеу
Бұл ойын сабақтың шартын түсіндіру:
Оқушылар қатар бойынша 3 топқа бөлінеді. Әрбір топқа тапсырмалар беріледі. Дұрыс жауап берген топ мүшесі дөңгелектің 1/2 бөлігіне ие болады.
Жеңімпазды әр топтың жинаған бөлітерін санап білетін боламыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру:




3. Қайталауға арналған сұрақтар:
1.1 Жай бөлшектердің жазылуындағы “–” белгісі не деп аталады?
Жай бөлшектердің жазылуындағы “–” белгісі бөлшек сызығы деп аталады.
1.2 Бөлшек сызығының астындағы сан не деп аталады?
Бөлшек сызығының астындағы сан бөлшектің бөлімі деп аталады.
1.3 Бөлшек сызығының үстіндегі сан не деп аталады?
Бөлшек сызығының астындағы сан бөлшектің алымы деп аталады.
2.1 Бөлшектің бөлімі нені білдіреді?
Бөлшектің бөлімі неше үлеске бөлінгенін көрсетеді?
2.2 Бөлшектің алымы нені білдіреді?
Бөлшектің алымы неше үлестің алынғанын көрсетеді?
2.3 5 саны 20 санының қандай бөлігін құрайды?
5 саны 20 санының 1/4бөлігін құрайды.


III. Жаңа сабаққа кіріспе: Ребусты шешу:

Жауабы:

Шешуі:


ІV. Жаңа сабақты баяндау:
3/7 7/7 11/7бөлшектердің қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар екенін аңғарту керек.
Ұзындығын 1-ге тең етіп АВ кесіндісін және 2-ге тең АЕ кесіндісін салайық.
АВ және ВЕ кесінділерінің әрқайсысын бідей етіп 7 бөлікке бөлейік. Осы кесінділердің бойынан C,D,K,L нүктелерін белгілейік.
AC, AD, AK, AL кесінділерінің ұзындықтарын бөлшектермен жазып көрейік


АСкесіндісінің ұзындығы 3/7ке тең.
АD кесіндісінің ұзындығы 5/7ке тең.
Бұл бөлшектердің алымы бөлімінен кіші
Мұндай бөлшектер дұрыс бөлшектер деп аталады.
AK кесіндісінің ұзындығы 10/7-ға тең.
AL кесіндісінің ұзындығы 12/7ге тең.
Бұл бөлшектердің алымы бөлімінен үлкен
Мұндай бөлшектер бұрыс бөлшектер деп аталады.


V. Жаңа тақырыпты бекіту (есептер шығару):
467
1/4,2/5,3/2,7/12,13/13,8/23,10/10,31/34,3/7
бөлшектерінен дұрыс бөлшектерді теріп жазыңдар;
7/9,5/3,8/4,1/12,15/7,14/3,16/16,17/19,99/87
бөлшектерінен бұрыс бөлшектерді теріп жазыңдар.
Шешуі:
1/4,2/5,7/12,8/23,31/34,3/7 - дұрыс бөлшектер
5/3,8/4,15/7,14/3,16/16,99/87 - бұрыс бөлшектер



Логикалық жаттығулар
Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 және 29 сандары қай айда кездеседі? (Барлық айда)
Қосарланып жегілген ат-арбамен Самат 8 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді? (8 шақырым)
Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 5 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? (Қалған жоқ)
469 Бөлінділерді бөлшек түрінде жазып, одан дұрыс бөлшектерді, бұрыс бөлшектерді ажыратып беріңдер:
5:6; 8:3; 9:7; 1:3; 14:14; 2:15; 25:4; 37:46; 21:8
5/6 1/3 2/15 37/46-дұрыс бөлшектер
21/8 8/3 9/7 14/14 25/4 21/8 бұрысбөлшектер
474 Бөлшектерді қысқартып, дұрыс бөлшектерді және бұрыс бөлшектерді бөлек теріп жазыңдар:
6/8=3/4

15/55=3/11
18/15=6/5

21/21=1

44/36=11/9

46/30=23/15
481 Бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар
4 алмада неше 1/3үлес бар?
7 алмұртта неше 1/4 үлес бар?
3 қауында неше 1/10 үлес бар?
475 Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар:
І топ ІІ топ ІІІ топ
Натурал сан 3 12 5 8 10 16
Бұрыс бөлшек Бөлімі 4
Бөлімі 5

Шешуі:
Топтар І топ ІІ топ ІІІ топ
Натурал сан 3 12 5 8 10 16
Бұрыс бөлшек Бөлімі 4
12/4
48/4 20/4 32/4 40/4 64/4
Бөлімі 5
15/5
60/5 25/5 40/5 50/5 80/5

Қорытындылау:

І топ ІІ топ ІІІ топ
1/(2 )бөліктер
саны
Орын:



Үйге тапсырма: 470, 471 есептерді шығарып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.