.
.
№26 жалпы орта білім беретін мектеп «Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты»
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 228 | Просмотров: 1907 | Размер: 599.0 Kb | Автор: araiАшық сабақ
Тақырыбы: «Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты»
7-сынып
Мұғалімі:Иманғалиева А.С.
2010-2011 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты»
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік: Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадратының формуласын қорытып шығару , білік дағдыларын қалыптастыру, есептерді шешу кезінде тиімді пайдалана білуге үйрету.
ІІ. Дамытушылық: Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
ІІІ. Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие бере отырып,оларды шыдамдылыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақта қолданған әдістер: топтық, проблемалық ситуацияны шешу.
Сабақтың типі: Интегралдық
Пәнаралық байланыс: экология, информатика.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, белсенді тақта, активоид,компьютер.
Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Жаңа сабақ. 1. Ой қозғау сұрақтары
2. Проблеммалық ситуация
3. Формуланы пайдалану
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1.Тест жұмысы
2. Математикалық лото ойыны
3. Үлестірме карточкалар «Бос орынды толтыр».
V. Қорытындылау: ( Рефлексия)
VІ. Үйге тапсырма
VІІ. Бағалау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Қызығушылықты ояту мақсатында логикалық есептерді интерактивті тақта арқылы көрсетіп жауап берулерін сүраймын. Сұрақтар
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қайталау сұрақтары, үй тапсырмасын дәптерлерінен тексеріледі.
ІІІ Жаңа сабақ. 1. Ой қозғау сұрақтары Слайд
2. Проблеммалық ситуация арқылы жаңа тақырыпты ашу мақсатында үш топқа да төмендегідей тапсырмалар беремін. Әр қатарды бір топ деп тақтаға берілген тапсырманы орындауын сұраймын.
І топ: (m+n)(m+n) ІІ топ (х-y)(х-y) ІІІ топ (c+d)(c+d)
Нәтижесін талдап, қорытынды жасаймыз.
Қорытынды: Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадарты... қорытындыны оқушылар өздері жасауы тиіс.
3. Формуланы пайдалану.
Жақшаны ашу мен көбейткіштерге жіктеу және теңбе-тең формулалар туралы айтып, Мысалмен формуланың қолданылуы көрсетіледі.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Тест жұмысы активоид құрылғысы арқылы орындалады.
1) 25 а2-20ав+16в2 өрнегін көбейткіштерге жікте:
а) (5а-4в)2 б)(25а-16в) (25а+16в) в)(5а+4в)2
2.(2х-4)2 жақшаны аш:
а) 2х2-4у2 б) 4х2- 16у в) 4(х2-4х+4)
3. Жұлдызшаның орнына * – 2а2 в2 + *
А) ( а) ( в) Б) ( 2а) (в ) В) (а ) (2в )
4. Өрнекті ықшамда: (х-у)2-(х+у)2
А)-4ху б)2х2у2 в) -4 х2у2
5. Теңдеуді шеш:
Х2-225=0
А)Х1=25 Х2=-25 Б)Х1=15 Х2=-15 В)Х1=225 Х2=-225
2. Математикалық лото ойыны
1- Әр топқа сурет бөліктері мен кесте беріледі. Бөліктің артына жазылған есепті шығарып оны кестедегі өз орынына қояды. Құрастырылған сурет бойынша ортақ тақырыпты айтады.1-топӘлемде, 2-топ Қазақстанда, 3-топ Батыс Қазақстан облысында болған экологиялық апаттар туралы айтады
Тапсырмалар:
1-топ (Х-3)2 (а+0,2)2 (а-1/3)2
(2у+1)2 (0,1х-3)2 (у+2/5)2
2-топ (Х+3)2 (а-0,2)2 (а+1/2)2
(2у-1)2 (0,2у+3)2 (у-2/3)2
3-топ (у+5)2 (а+0,4)2 (а+1/3)2
(2-3у)2 (0,5-х)2 (у-2/5)2
3) Үлестірме карточкалар «Бос орынды толтыр». Әр топқа 3 тапсырмадан беріледі. Жауаптары тақта арқылы тексеріледі.
1-топ 2-топ 3-топ
_ + _ +16 = ( 3 + _)2 ( _ - 7 )2 = а2 - _ + _ 992 = 10000 - _ +1
342 - 152 = ( _ - 15) ( 34 + _) 862 - 2 *36 * 86 + 36 2 =(_ - _)2 = _2 (а + _)2 = _ + _ + 4в2
(_ - 2) (_ + 2) = а2 - 4 а2 - _ = (_ - 5) (_+ 5) 2500 + _ + 1 = 512
V. Қорытындылау: ( Рефлексия)
– Енді «табыс ағашын отырғызайық». (Тақтада ағаштың суреті)
Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген формулалар, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сіздің алған білімдеріңіз. Оқушылар алдын-ала қағаздан үш түсті алма жасап әкеледі.
• Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
• Сары алма:Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын.
• Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.
VІ. Үйге тапсырма:
1. №178 жұп нөмірлері, №179 тақ нөмірлері,
2.5-ке аяқталатын екі таңбалы сандардың квадратын тауып жазу және ортақ заңдылықты анықтау.
3. Оза шығаратын оқушыларға тапсырма №167 (4,5,6 ) №169
VІІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.