Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы» -

«Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы»

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 260 | Просмотров: 2643 | Размер: 432.0 Kb | Автор: arai
. 9 сынып. Алгебра пәні. Пән мұғалімі: Исаева Гүлжауһар

Сабақтың тақырыбы: «Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы»
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын қорытып шығара отырып, оны есептер шығаруда дұрыс қолдана алуға үйрету. Арифметикалық,геометриялық прогрессиялардың қасиеттерін, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын, формулаларын сатылай, жүйелі, комплексті меңгерту.
2)Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттерін, танымын дамыту. Алған білімдерін өз бетімен қорытындылауға, өмірде қолдана білуге үйрету.
3)Тәрбиелік: Оқушылардың ұйымшылдығын, белсенділігін арттыру. Өз бетінше оқуға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Театрландырылған-шығармашылық сабақ
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту, тест алу, мағынаны тану, ой қорыту, топтастыру стратегиясы, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, тест, шығармашылық есеп материалы, шахмат, тоғызқұмалақ ұлттық ойыны
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:
1)Ұйымдастыру кезеңі: а)оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарын аудару
ә) сыныпты екі топқа бөлу
б) сабағымыздың ұранын айтқызу: «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» М.В.Ломоносов
2) Үй тапсырмасын сұрау
А) Танымдық деңгей: -Арифметикалық және геометриялық прогрессияға тізбек құра және ол тізбек жайлы толық мағлұмат бер.
І топқа: 1-ден 30-ға дейінгі сандар аралығы бойынша
ІІ топқа: 1-ден 40-қа дейінгі сандар аралығы бойынша




1.Арифметикалық прогрессия дегеніміз не?
2.Айырмасы , формуласы
3.n-ші мүшесінің формуласы
4. Қасиеті, формуласы
5. Алғашқы n мүшесінің қосындысы, формуласы
1.Геометриялық прогрессия дегеніміз не?
2.Еселігі , формуласы
3.n-ші мүшесінің формуласы
4. Қасиеті, формуласы
5. ?

-Балалар, ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты білесіңдер ме? Онда 20 ұяшық бар. 2 ұяшық-қазына, тастарды жинау үшін қолданылады. 18 ұяшықта 162 тас бар. Бұл ойынға 2; 18; 162 сандары қатысады. Бұлар қай прогрессияны құрайды? Неге? (геометриялық прогрессияны, мүшелері 9 есеге артып отыр)



Ә) Алгоритмдік деңгей: Құрылған тізбек бойынша есептеу жұмыстарын жүргізу
І топ: d=? a5=? a3=? S5=? ІІ топ: q=? в5=? в3=?

3) Жаңа сабақ:
Аңыз бойынша үнді патшасы Сирам мен өнертапқыш Сета арасындағы оқиғаны көрініс арқылы баяндау (3 оқушы)
-Патшаның Сета өтінішін орындай алмау себебін бүгінгі жаңа сабағымызда білетін боламыз. 64 шаршының бәріне қажетті астық мөлшері төмендегі сандар қатарының қосындысына тең:
Sn=в1+ в2+ в3+…+ вn Бұған n-ші мүшесінің формуласын пайдалансақ:
Sn=в1+ в1q+ в1q2+…+ в1qn-1 Бұл теңдіктің екі жағын да q-ге көбейтсек:
qSn=в1q+ в1q2+ в1q3+…+ в1qn теңдігі шығады. Мүшелеп азайтсақ:
qSn-Sn=в1qn-в1 ; Sn(q-1)=в1(qn-1); Sn=в1(qn-1)/(q-1) -геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы.
(ережесін балалар өздері қорытады)
-Енді, балалар, Сетаның қанша астық сұрағанын өздерің формула бойынша есептеп табыңдар:
S=264-1=18 446 744 073 709 551 615 бидай дәні (20 таңбалы сан)
1 дән 9грамм болса, жуықтап 10грамм деп алсақ, бидай массасы триллион тоннадан асады (1 844 674 407 370т)
-Үлкен сандардың жазылуымен танысып өтейік:
109 – миллиард
1012 – триллион
1015 – квардиллион
1018 – квинтиллион
1021 - секстиллион
4) Сабақты пысықтау
Б) Эвристикалық деңгей: Тест (оқулықпен жұмыс)
№ Тапсырмалар Жауаптар
Берілгені Табу керек А В С
№222 в1=10, q=2 S10 10230 10200 10105
№223 в8=2,56, q=2 в1 0,2 0,02 2
№226 в1=√6, в2=3√6 S4 40√6 36√6 46
В) Шығармашылық деңгей:
І топқа: ΔАВС – теңқабырғалы. АВ=4см. Қалған үшбұрыштардың қабырғаларын тауып, өспелі тізбек құра. Мүшелерінің қосындысын тап.

В

М N

А С

P
ІІ топқа: Ежелгі Мысырлықтардың папирусына мынадай сөйлем жазылыпты: «7 үйдің әрқайсысында 7 мысық бар, әр мысық 7 тышқан жейді, әр тышқан арпаның 7 масағын жейді, әр масақта 7 өлшем арпа өседі». Осыған геометриялық прогрессия тізбегін құра.

5)Сергіту сәті: Мына кестеде шахмат тақтасының бір бөлігі берілген.Ойын ережесі бойынша жүретін болсақ қазақ математигінің нақыл сөзін оқимыз.

да математика қамқоршысы
бастаушысы жанашыры де
сан жаңалықтар ғылымның
іргетасы химия физика

(«Сан-математика ғылымының іргетасы» . Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков –физика-математика ғылымының қазақ арасынан шыққан тұңғыш доктары. 220-дай еңбегі жарияланған.)

6) Сабақты қорытындылау
-Сонымен арифметикалық және геометриялық прогрессия және оның элементтері туралы білдік. Енді екеуінің ортақ қасиеттерін атаңдар:
(Венн диаграммасы)
Арифметикалық прогрессия Ортақ қасиеттері Геометриялық прогрессия
1.а1,а2,а3,...аn...
2.d=аn-1-аn
3.аn=a1+(n-1)d
4.an=(an-1+an+1)/2
5.Sn=(a1+an)/2*n
Sn=(2a1+(n-1)d)/2*n 1.
2.
3.
4.
5. 1.в1,в2,в3,...вn…
2.q=вn+1/вn
3.вn=в1qn-1
4.вn=√вn-1*вn+1
5.Sn=в1(qn-1)/(q-1)

7) Бағалау
8) Үйге тапсырма беру: №225, №230

№164 орта мектеп

Үлгі сабақ

Т А Қ Ы Р Ы Б Ы:



9-сынып

Исаева Г

2011-2012 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.