.
.
«Әй, осы математика» атты интелектуалдық ойын «Әй, осы математика» атты интелектуалдық ойын
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2469 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді,
сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру.Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру. Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Ойында интерактивті тақта, үлестірме қағаздар қолданылады.
Қатысушылар: 5-7 сынып оқушылары. Олар әрбір сыныпта өткен сайыс жеңімпаздарынан құралған оқушылар.
Сайысқа қатысушылар:
5- сыныптан Бақдәулетова Айым
5- сыныптан Шаймарданов Бекарыс
6- сыныптан Қайырбеков Жеңіс
6- сыныптан Жұқанов Абылай
7- сыныптан Түркістанов Бақыт
7- сыныптан Малғаждарова Ақмаржан
7- сыныптан Айқынұлы Әли
Сайысқа қатысу үшін өздеріне сәйкес нөмірлерін таңдап алады.
Бүгінгі күн сайыста
Ешкінен сен қалыспа,
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста- деп
«Әй, осы математика» атты сайысымызды бастаймыз
Сайыстағы оқушылардың жұмысын бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алу.
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Әділ қазылар алқасы:
1. Нургалиева К математика пәні мұғалімі
2. Садуов Ж химия пәні мұғалімі
3. Қабдрашидова Зере 11- сынып
4. Қайылов Тұрар 10- сынып
5. Амангельдинова Ғазиза 7- сынып
Өту жоспары:
1. Математика жайлы әңгімелер
2. Логикалық есептер
3. Мақал-мәтелдер сайысы
4. Есепке кім жүйрік?
5. Кім көп біледі?
6. Қорытынды
1- сайыс Математика жайлы ұлы ғалымдар айтқан ұлағатты сөздерді айта келіп, математика жайлы әңгімелерді айтамыз
1.Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2.Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек.
(М.В.Ломоносов)
3.Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р.Бэкон)
Оқушылар математика жайлы дайындаған әңгімелерін айтады.
2- сайыс: Логикалық есептер шешу.
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз- деп, логикалық есептер шығару
Интерактивті тақтадағы есептерден әр оқушы өз нөмірлеріне сәйкес есептерді шығарады.
1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)
2. 1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (Бірдей )
3. 4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп
сыз. Сонда қандай сан шықты? (2 105 )
4. Сандар қатарындағы келесі санды тап? 20,21, 23, 24, 26, 27, … (29)
5. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір- бірден).
Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел
құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады? (16)
6. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (17)
7. Көл тоғанды қырға бар
Келіп қонды тырналар.
Жұптан қонып сол жерде
Отыр екен он жерде
Санап берші тырналар
Қанша болды ол жерде? (20)
3-сайыс. Мақал- мәтелдер сайысы.
Ал, балалар, балалар
Мақал –мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан өтейік –деп, берілген мақалдағы нүктенің орнына сан қойып, мақалды оқу.
1. Ер 1 рет өледі,
Қорқақ 1000 рет өледі.
2. 7 рет өлшеп,
1 рет кес.
3. 2 құзғын таласса,
1 қарғаға жем болар.
4. 1 кісі қазған құдықтан,
1000 кісі су ішеді.
5. Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар,
Жаманды 7 жыл жетелесең надан болар.
6. 30 тістен шыққан сөз,
30 рулы елге тарайды.
7. Білгенің бір 9, білмегенің 99.
4-сайыс. Есепке кім жүйрік? сайысы
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек- деп, берілген есептерді барлығы шығарады.
1. Берілген есептегі жұлдызшалардың орнвна цифрларды қоя отырып, көбейтуді орында:
* 2 *
2 7
3 6 * 8
* * * *
* * * * * (524 • 27 = 14 148 )
2. 0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы 3 201 санын және т. б. құрастыруға болады. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын неге тең?
(3 210 – 1 023= 2 187 )
3. Қалалық бай тұрғын үш ұлына мұраға екі үй қалдырды. Ұлдары мұраны тең бөлуді шешті. Үлкен екі ұлдың әрқайсысының еншісіне үй тиді, ал кенжесіне ақша бөлінді: оған ағаларының әрқайсысы 500 динар берді. Сонда бір үйдің құны қанша динар тұрады? (1500 )
6. “Кім көп біледі?” сайыс.
Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып- тасып, асықпа,қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен –деп әр оқушыға 7 сұрақтан қойылады. Оған кім тез және қанша уақытта жауап беретіні ескріледі
5-сыныпқа
1. Санауда қолданылатын сандар? (натурал)
2. Санның ең үлкен бөлгіші неге тең? (санның өзіне)
3. 2-ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? (Тақ сандар)
4. Қандай сандар 5-ке бөлінеді? ( 0 мен 5- ке аяқталатын сандар)
5. Жай сандардың кестесін жасаған грек ғалымы кім? (Эратосфен)
6. 1/2- ге кері сан? (2)
7. Ғасырдың жартысы неше жыл? ( 50жыл)
5-сыныпқа
1. Неше цифр бар? (он)
2. Кез келген натурал санның бөлгіші? (1)
3. 2-ге бөлінетін сандар не деп атлады ? (Жұп сандар)
4. Қандай сандар 10-ға бөлінеді? ( 0 - ге аяқталатын сандар)
5. Ең кіші натурал сан, (1)
6. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге)
7. 3 ке кері сан? ( 1/3)
6-сынып
1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді?
(диаметр)
2. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)
3. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан (нөл)
4. 9-ға қарама қарсы сан (-9)
5. -99,9 бен 1 қайсысы үлкен? ( 1)
6. 0-ден үлкен сандар ( оң сандар )
7. Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі (теріс сан)
6-сынып
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)
2. Қарама қарсы сандардың қосындысы неге тең? (о)
3. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? (радиус)
4. | - 10 | мен 1 қайсысы үлкен? ( | - 10| )
5. Екі санның қатынасы не деп аталады (пропорция)
6. 0- ден кіші сандар (теріс сандар)
7. Ең үлкен уақыт өлшемі? (ғасыр)
7-сынып
1. Кеңістіктегі фигуралар қасиетін зерттейтін геометрия бөлімі (планиметрия)
2. Координаталар жүйесін енгізген ғалым (Р. Декарт)
3. Вертикал бұрыштар қандай болады (тең)
4. Үшбұрыштың ішік бұрыштарының қосындысы (180 )
5. Жазықтықтағы бір бірімен қиылыспайтын түзулер (параллель)
6. Санның бір дәрежесі неге тең? (санның өзіне тең)
7. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан қабырғасы (катет)
7-сынып
1. Кез келген санның нөл дәрежесі ( 1)
2. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема)
3. Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)
4. Тұстас бұрыштардың қосындысы (180)
5. Екі қабырғасы тең үшбұрыш? (тең бүйірлі үшбұрыш)
6. π санының жуық мәні неге тең? (3,14)
7. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр)
7-сынып
1. Геометрия терминінің мағанасы ( грек сөзі жер өлщеу)
2. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (180 )
3. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неше градустан (60)
4. Квадрат функцияның графигі (парабола)
5. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (аксиома)
6. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы (гипотенуза)
7. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы үшбұрыш)
Әділ қазылар қорытындысын дайындағанша интерактивті тақтадағы қазақ математиктерімен таныстырылады.
Садуақас Хасенұлы Боқаев 1907 – 1942)
Боқаев С.Х. (1907-1942) – математика саласы бойынша Қазақстаннан шыққан тұңғыш , алғашқы ғылым кандидаттарының бірі, қазақстандағы жоғары математикалық білім беру ордаларының қара шаңырақтары – Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық
университеті мен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің физика-математика факультетінің негізін қалаушылардың бірі.
С.Боқаев 1907 жылы 17 наурызда Семей облысы, Абай ауданы, Көкбай ауылында дүниеге келген. Сауатын Зайсанда ашады. Әкесі Сәдуақасты кішкене күнініен бастап інісі Тайыр Жомарбаевтың (қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, ақын және драматург) пен Адгия Фархисламовнаның тәрбиесіне берді. Соның арқасында мектеп бағдарламасы көлеміндегі математиканы жақсы игеріп, олар оны Орынбор халық ағарту институтының физика-математика бөліміне оқуға жіберген.
Осы институтта сабақ берген К.И.Торопов қабілетін байқап, институт директоры Қ.Тоқыбаевтың алдында С.Боқаевты Мәскеуге оқуға жіберу туралы мәселе қояды. Ол Орынбор халық ағарту институтының физика-математика бөлімін, 1928 ж І – Мәскеу мемлекеттік университетінің астрономия-математика бөлімін бітірген.
Ғылыми педагогикалық қызметі: КазПИ де ассисент, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор міндетін атқарушы.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары:
1. Кез-келген аралықта жинақталатын қатардың қосындысы болатын функцияның құрылымдық қасиеттері;
2. Арнайы функциялар және олардың жалпы жағдайлардағы ерекше нүктелері;
3. Жалпы түрдегі кейбір анықталмаған интегралдарды интегралдау әдістері;
4. Конформдық бейнелеулер және олардың механикада қолданылуы.
ҚазПИ-де онымен қызметтес болған қазақтың көрнекті математикатерінің бірі С.А.Аяпбергенов айтқандай: «Сәдуақас Боқаев орта бойлы, кең маңдайлы, жанары өткір, батыл және ширақ мінезді, тартымды бет пішінімен ерекшеленетін адам еді. Ол көтеріңкі дауыспен айтатын, жағымпаздық пен жалқаулықты суқаны сүймейтін, бүкіл болмысымен тынымсыз еңбек етуге барлық уақытын өзі сүйетін іске арнаған азамат болатын». Міне, қазақ математикасының жарық жұлдызы Сәдуақас Боқаевты біз осылай танимыз.
Қазақтың тұңғыш профессор математигі
Әлімхан Ермеков қазақтың математика саласындағы тұңғыш профессоры, қазақ тіліндегі тұңғыш жарық көрген «Жоғарғы математика курсы» оқулығының иесі, қарапайым құмға аунап өскен қазақтың баласы. Ол 1891 жылы Семей облысының Қарқаралы уезі, Темірші болысында туған.
Әлімханның арғы атасы Ермек Байтасов Құнанбайдың төсекте басы, төскейде малы қосылған туыстас елдің азаматы. Өз әкесі Әбеу Әмірхан, Әлімхан, Әлихан атты үш ұл тәрбиелеген, көзі ашық, көкірегі ояу жан болыпты.
Әлімханның алғырлығы мен зеректігін ақылды әке ерте бастан-ақ таныған. Бастауыш сыныпты үздік бітірген баласын әкесі Семей гимназиясына түсірді. Осында оқыған жылдары оны саяси сенімсіз деп стипендиядан қақса да, ара-арасында ауқаттылардың баласын ақылы оқытып, оқуын алтын медальмен бтірді. Бұл кезде ардақты әкесі 1911 жылы 54 жасында дүниеден өткен еді.
Ол кезде ережеге сай гимназияна алтын медальмен бітірген түлек Санкт-Петербург Политехникалық институтына қабылданатын. Қаржы қол байласа да, қисынын тапқан Әлімхан Томск Технологиялық институтының тау-кен факультетіне конкурссыз қабылданады.
Небір алмағайып заманды бастан өткерген Әлімхан аталарың көптеген жылдар бойы жоспарлау комитетінде, тағы да басқа жауапты қызметтерді істей жүріп, Қазақстанда алғашқы жоғарғы оқу орындарын ашып, қазақтың баласына білім беремін деген арманын орындау барысында, ұстаздық жұмысқа ауысты. Жоғары техникалық білімі бар ол әуелі Ташкентте педагогикалық институтта дәріс береді. Алматы политехникалық институның іргетасын қаласты. Ол мал дәрігерлік, политехникалық институттарда, Қазақ мемлекеттік университеттерінде жоғарғы математика және теориялық механика кафедрасының меңгерушісі, жалпы техникалық факультеттің деканы болып қызмет істеді. 1935 жылы ол математика профессоры атанды. Ол Қазақ ССР-ы оқу-ағарту халық комиссариатының тапсырмасымен математика терминологиясын жасады. Жоғарғы оқу орындарына арнап қазақ тілінде математика оқулығын жазды. Бұл қазақ тіліндегі тұңғыш математика оқулығы еді. Ертеректе Ленинмен дауласып жүріп, Каспий теңізінің солтүстігіндегі жағалауды Астрахань губерниясының меншігінен алып, Қазақстанға қосқан Әлімхан Ермеков қазақ баласының математика саласының қыр-сырын үйренуге осылай еңбек етті. Ол 1970 жылы 22-маусымда Қарағанды қаласында қайтыс болды. Оның ісі жалғасын тауып жатыр.
Сақыш Ескендірқызы Шәкілікова
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының мектеп және мектепке дейінгі білім институтының жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытудың мазмұнымен әдістері лабораториясының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сақыш Ескендірқызы Шәкілікованың есімі бүкіл республикаға танымал.
Оны орта мектептің геометрия курсына арналған оқулық, оқу-әдістемелік құралдар және жарияланған көптеген ғылыми-әдістемелік еғбектері, симпозиум, конференция, семинарлар мен лекцияларға белсенді қатысу арқылы мұғалімдкр, әдіскерлер, оқушылыр мен студенттер өте жақсы біледі.
Шәкілікова С.Е. 1932 жылы 16-тамызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылында дүниеге келген. Оның болашақ мамандық таңдауына әсер еткен әкесі – республикаға танымал, еңбек сіңірген мұғалім Шәкіліков Ескендір Зұлқарнайұлы.
Шәкілікова С.Е. 1954 жылы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «математика мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, осы жоғары оқу орнында «Математика әдістемесі» кафедрасында ассистент болып жұмыс істейді. 1959-1973 жылдары Алматы қаласындағы №72 мектепте математика мұғалімі, мектеп директоры қызметін атқарады.
1997 жылы Шәкілікова С.Е. «Базалық мектепте математикадан оқу-әдістемелік кешендердің дидактикалық негіздерін құру» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.
1995 жылы Шәкілікова С.Е. доцент, 2001 жылы профессор ғылыми атағына ие болды.
1992-1997 жылдары Абай атындағы АлМУ-ң доценті бола жүріп, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім проблеммалары институтының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
1992 жылдан Шәкілікова С.Е. «Қазақ тілінде оқытатын мектептерде оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру», «Орта мектепте білім беру тұжырымдамасын жүзеге асырудың теориялық, эксперименттік-педагогикалық жағдайы», «Математиканы оқытудың негізгі мазмұнын, әдістер мен тәсілдерін жетілдіруді айқындайтын қағидалар жүйесі», «Математикадан ОӘК-ге қойылатын талаптар жүйесін дайындау» тақырыптарына зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Зерттеудің нәтижесінде «Ықтималдықтар теориясының және математикалық стаистиканың тұжырымдық негіздері», «Математикадан 5-11 сыныптарға арналған бағдарлама», «Геометриядан 7,9 сыныптарға арналған оқулық» және оқушылар мен мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құралдар, «Математика пәні бойынша мемлекеттік білім беру стандарты», «ҚР Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы» және т.б. еңбектері жарық көрді.
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңіп шыққан оқушы марапатталып, сыйлық тапсырылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.