.
.
"ХХІ ғасыр озаттары" білім сайысы "ХХІ ғасыр озаттары" білім сайысы
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1538 | Размер: | Автор: araiМақсаты:
1) Оқушыларды әр түрлі пәндерге
(әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану, салт – дәстүрге ) деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау;
2) Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой - өрісін дамыту;
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр озаттары» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
ХХІ ғасыр озаттары білім сайысына 2 топ қатысады.
1 топ: Жас қыран
2 топ: Болашақ
Бұл топтар өздерінің білімдерін ортаға салып, тапқырлығы мен бойындағы бар қасиеттерін көрсетпекші. Топ мүшелері 1 – 4 класс оқушыларынан құралған.
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Әділқазылар мүшелері:
- Бүгінгі сайысымыз бес кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпай саны есептеліп отырады.
1 тур Оймаржан сайысы
2 тур Гүл теру сайысы
3 тур Жеті жұрттың тілін біл
4 тур Өнерлі өрге жүзер сайысы
5 тур Капитандар сайысы
Сайысты бастамас бұрын 2 топ өздерін таныстырып өтсің.
Топтың аты: «Жасқыран»
Топтың ұраны:
Жасқыран шарықта,
Қатарыңнан қалыспа.
Топтың аты: «Болашақ»
Топтың ұраны:
Болашақ тек алға,
Биіктеп жарқыра.
Бүгіннен ертеңге,
Болашақ апарар
Негізгі бөлім:
- Білімді, әрі білікті жас жеткіншек деп сайысымызды бастамас бұрын
«Кім жылдам» ойынын ойнаймыз. Екі топтан 1 - сынып оқушылары ортаға шығып, конфертті ашып жасырынған әріптен сөз құраймыз. Жылдам, дұрыс орындаған топқа 10 ұпай беріледі.
1 топ Кітап, парта
2 топ Қалам, сағат
- Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп «Оймаржан» сайысын бастаймыз.
- Балалар өздерін көріп тұрғандай интерактивті тақтадан әр класқа байланысты тапсырмалары бар ұяшықтар тұр. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, бірлеріңе сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!
- Екі топтан кезекпе кезек ұяшықты таңдаймыз.
1) Жарас сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
2) Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады? (қосымша)
3) Ғажайып ұяшық екі топқа бірдей сұрақ қойылады. Бірінші жауап берген топқа бір ұпай беріледі. Ұяшықты ашайық.
Музыка пәнінен.(1 ән жасырады, сол әннің атын табамыз.)
4 ші ұяшық Тұңғыш қазақ Әліппесін жазған кім? Ахмет Байтұрсынұлы
5 ші ұяшық а+35қай түріне жатады? (санды өрнек)
6 шы Ғажайып ұяшық Дене шынықтыру, арқан тарту.
7. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
8. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)
Ұпай сандары:
2 тур «Гүл теру» сайысын бастаймыз.
1. Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі? Хабарлы
2. 2 мин = 120 сек
3. 3 тәул = 72сағ
4. Кел балалар, оқылық деп ұран тастаған кім? Ы. Алтынсарин
5. Өсімдік топтарын ата? Ағаш, бұта, шөп
6. Қатаң дыбыстан басталатын сөздер айт? Кітап, Қалам, Парта, Сағат, Тақта, Фотосурет, Чемпион, Цирк, Шай, Щетка
7. Үш кесіндіден тұратын фигура. (Үшбұрыш)
8. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
Ұпай сандары:
3 тур: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)
2. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
3. Аяғы жоқ, жүрмейді,
Үй күзетеді, үрмейді. (құлып – замок - lock)
4. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорғап жүретін досы. (ит – собака - dog)
Ұпай сандары:
4 тур «Өнерлі өрге жүзер» сайысы. Өнерлерін көрсету
5 тур «Капитандар» сайысы.
1. Құстар ұшады қайда? Аспан
2. Адамды тамақтандырады? Қасық
3. Ұшады? Құс
4. Алманың жартысы неге ұқсайды? Екінші жартысына
5. Қанаты бар, алысқа ұшпайды? Тауық
6. Машина тұрады қайда? Автотұрақ
7. Бұлттан бөлініп жерге түседі? Жаңбыр
8. Адамды жылатады? Пияз
9. Машина жүреді? Бензин
10. Ұйықтап жатып көресің? Түс
11. Жерде жорғалайды? Жылан
12. Ақ қауырсынды не? Аққу
Сергіту сәті.
Рефлексия.
- Бүгінгі шара ұнады ма, сіздерге?
- Осы шарадан қандай әсер алдыңыздар?
Марапаттау.
Білімді, сауатты, жастар бұл 21 ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші делінген. Ендеше өздеріңнің үлгілі тәртіптеріңмен еліміздің өркендеуіне өз үлестеріңді қосатын жастар екендеріңді әлі де дәлелдей беріңдер. Осымен сайысымыз аяқталды.
Нурманова Күлсін, математика пәні мұғалімі \Түркістан қаласы, №17 мектеп-гимназия\
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.