.
.
Қ.Ыдырысов атындағы ЖОМ «Координаталық жазықтық. Функция» тақырыбын қайталау
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2125 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы:
«Координаталық жазықтық. Функция» тақырыбын қайталау
6 «А» сыныбы
Өткізген: математика пәнінің мұғалімі
Айтимова Р.Қ.
2012 жыл
Тақырыбы: «Координаталық жазықтық. Функция»
тақырыбын қайталау.
Мақсаты:
Білімділік: «Сызықтық функция және оның графигі», «Координаталық жазықтық» тақырыптары бойынша алған білімдерін толықтыру, тиянақтау, жүйелеу, талдау. Іскерлік қасиеттерін, есептер шығаруда білім, білік дағдысын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін, жадын дамыту, танымдық белсенділігін, пәнге қызығушылығын, графиктік сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: Өздігінен еңбектенуге, шапшаңдыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа, өз ойларына сенімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау-қорытындылау, ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, жұппен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, флипчарт, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушыларын түгендеу. Бағалау парағын тарату.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №1354, №1331
Тапсырмалардың шығарылуы флипчартта беріледі(флипчарт,2-бет). Оқушылар бір-бірінің үй жұмысын тексеріп, бағалау парағына баға қояды.
ІІІ. Мотивация. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Координаталық жазықтық. Функция» тақырыптарын қайталау. Бірнеше сабақ бойы осы тақырыптарды оқып үйрендік және олардың көмегімен көптеген алгебралық есептерді орындауға болады және оларды сауатты түрде орындау керек деген тоқтамға келдік. Сабақ барысында аталған тақырыптарда қандай ғажайып күш бар екеніне және оның математикада қандай роль атқаратынына тағы бір көзімізді жеткіземіз.
ІV. Ой қозғау кезеңі.
Өткенді қайталау:
Ауызша жаттығу орындау. №1366(флипчарт, 3-бет).
Оқушылар у=7х+3 функциясына параллель, онымен қиылысатын
функцияларды таңдауды флипчартта орындайды.
«Аукцион» ойыны. Флипчарт бойынша өткізіледі.
Әр дұрыс жауап -1 балл.
А) Қиылысатын түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?(төрт)
Ә) Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?(тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер)
Б) Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?(қиылыспайтын түзулер)
В) Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неше градусқа тең?(180°)
Г) Координаталық жазықтықра неше ширек бар?(төрт)
Ғ) Ох осінің аталуы(абсцисса)
Д) Оу осінің аталуы(ордината)
Е) Санақ басының координаталарын ата(0;0)
«Кім жылдам» - сәйкестік тест (флипчарт бойынша орындалады).
А)Түзуге қарағандағы симметрия қалай аталады?(осьтік)
В)Нүктеге қарағандағы симметрия қалай аталады?(центрлік)
С)Тік төртбұрыштың неше симметрия осі бар?(екі)
Д)Сызықтық функцияның графиктері қандай жағдайда параллель болады?(бұрыштық коэффициенттері бірдей болғанда)
Е)Сызықтық функцияның графиктері қандай жағдайда қиылысады? (бұрыштық коэффициенттері әртүрлі болғанда)
4. Венн диаграммасын толтыру. Координаталық түзу, жүйе бойынша олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсететін Венн диаграммасын оқушылар кезек-кезек шығып интербелсенді тақтада-флипчартта толтырады.
5. Фронтальді сұрау.
«Функция» тақырыбы бойынша фронтальды сұрау(флипчартта орындалады).
Әр дұрыс жауап – 1 балл.
А) Функция дегеніміз не?(шамалар арасындағы тәуелділік)
Ә) Функцияның берілу тәсілдерін айтып беріңдер.(формуламен, кестемен, графикпен)
Б) Сызықтық функцияның графигі қандай сызық?(түзу сызық)
В) Түзуді жүргізу үшін неше нүктенің координаталарын білсек жеткілікті?(екі нүктенің)
Г) Сызықтық функцияның айнымалыларын көпшілік жағдайда х
және у әріптерімен белгілейміз. Осы әріптердің атауларын айтып беріңіз(х- тәуелсіз айнымалы, аргумент, абсцисса; у- тәуелді айнымалы, функция, ордината) .
Сергіту сәті: Бір, екі, үш
Қолымыз алды күш.
Төрт, бес, алты
Қозғалыс өмір салты.
Бір, екі, үш
Осы сәттің ішінде,
Сергіп қалдық біз.
V. Негізгі бөлім.
1. Деңгейлік тапсырмалар орындау.Үлестірім карточкалары бойынша деңгейлік тапсырмалар орындалады. А тобындағы төрт тапсырманы төрт оқушы бірден флипчартта орындайды. Бұл тапсырмаларда координаталары бойынша оқушы нүктелерді дұрыс тапқан жағдайда қазақ елінің Ұлы адамдарының есімі шығады.
Оқушы сол Ұлы тұлға туралы не білетінін айтып беруі керек.
В,С тобындағы есептерді орындайтын оқушылар тапсырмаларын алдымен орындарында жасап алады да, бірнеше оқушы жұмыстарын флипчартта қорғайды. Бұл тапсырмаларда координаталық жазықтық, осьтік, центрлік симметриялар қамтылған. Сондай-ақ тапсырмаларды орындау барысында флипчартта сызғышты қолданып түзу жүргізу, үшбұрыш, төртбұрыш салу; транспортирдің көмегімен үшбұрыштың бұрышын өлшеу орындалады.
2. Жұппен жұмыс.
№1355(а) - Жұлдыз, Гүлсана
№1356(а) - Нүрия, Мадина
№1294 - Гүлсана, Шынар
№1356(ә) - Аслан, Маржан
№1355(ә) - Жібек, Камила орындайды.
Оқушылар алдымен тапсырманы дәптерлеріне орындап, кейіннен екі жұп өз жұмыстарын флипчартта қорғайды.
VI. Қорытынды бөлім.
Рефлексия:
1.Сабақта қандай тақырыптарды қайталадық?
2.Бұл тақырыптарды оқып үйрену бізге не үшін керек?
3.Жалпы математика пәні бойынша білім күнделікті өмірде қандай жағдайларда қолданылады?
Бұдан соң оқушылар кесте толтырады.
Нені білдім? Нені үйрендім? Нені білгім келеді?
VII. Үйге тепсырма:
№1332 (345 бет), №1418(367 бет), С тобынан- №1404(365бет)
VIII. Бағалау – бағалау парағы бойынша жүргізіледі.
Бағалау парағы
Оқуш
аты-
жөні Үй тапсырма.
орындалуы Аукцион Сәйкестік
тест Венн
диаграм. Карточка
мен жұм-
деңг.тапс
Фронт.
сұрау Есеп-
тер
шыға-
ру Қоры-
тынды
баға
1-тапсырма
2-тапсырма баға Жауаптар саны баға балл баға
Белсенді-
лік
Баға
Балл
/
баға
Топпен
жұмыс Ауызша жатт
Ескертулер:
7,8жауап- 5
5,6жауап- 4
4жауап - 3
5 балл-5
4балл-4
3балл-3 5балл-5
4балл-4
3балл-3
Қ.Ыдырысов атындағы ЖОМ
Алгебрадан арнайы курс
Тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді түрлендіруде қолдану»
10 «Б» сыныбы
Өткізген: математика пәнінің мұғалімі
Айтимова Р.Қ.
2012 жыл
Тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді түрлендіруде қолдану»
Мақсаты:
Білімділік: «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбы бойынша алған білімдерін толықтыру, тиянақтау, жүйелеу, талдау. Іскерлік қасиеттерін, математикалық есептеулерде, практикалық іс-әрекеттерде білім, білік дағдысын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін, жадын дамыту, танымдық белсенділігінарттыра отырып, интеллектуалдығы мен ой ұшқырлығын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өздігінен еңбектенуге, шапшаңдыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа, өз ойларына сенімділікке, қиыншылықты жеңе білуге, дербестікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау-қорытындылау, жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, бағалау парағы.
Сабақ жоспары:
І тур «Ой қозғау»
а) «Қайталау-оқу анасы» қысқаша көбейту формулаларын еске түсіру;
ә) Ауызша жаттығулар;
б) Сәйкестік тест;
в) «Біліміңді тексер» жабық тест;
г) Есептер шығару.
ІІ тур «Ізденген жетер мұратқа» деңгейлік тапсырмалар орындау.
ә)Ауызша жаттығулардың тапсырмалары:
1.a² – 16 ; 2. 25a² – 9 ; 3.(a + 4c)(a – 4c); 4.(a + 5)² ; 5.(d – 4)²
б)Сәйкестік тест тапсырмалары: 1. (с - 3)² ; 2. (а +d)² ; 3. a² – c² ;
4a² – 9b² ; 5.(a + 2b)²; 6.(2a – 3)³; 7.(a + 3)³
Тест тапсырмаларының жауаптары:
а) a2 +2ad + d2
b) a2+4ab+4b2
c) a3+9a2+27a+27
d) c2- 6c + 9
e) (a + c)(a - c)
f) 8a3 -36a2 +54a-27
k) (2a–3b)(2a+3b)
Сәйкестік тесттің кілті: 1d; 2a; 3e; 4k; 5b; 6f; 7c
в) «Біліміңді тексер» жабық тест тапсырмалары:
Жікте: 1) 25 а 2-16в 2 3)
а) (5а-4в) (5а+4в)
б)(25а-16в) (25а+16в) а)
в)(5а-4в) (5а-4в)
2) (2х-4) (2х+4у) б)
а) 2х 2-4у 2
б) 4х 2-16у 2 в)
в) 4х 2+16у 2
4)Өрнекті ықшамда:
а) 5; б) ; в)
5) Теңдеуді шеш: Х2-225=0
а)Х1=25 Х2=-25
б)Х1=15 Х2=-15
в)Х1=225 Х2=-225
Тест кілті: 1а; 2б; 3в; 4а; 5б
г) Есептер шығару:
1. Тепе-теңдікті дәлелдеңдер:
(х – 1)(х+1)(х2+1)(х4+1)=х8-1
2. Амалдарды орындаңдар:
3. Теңдеуді шешіңдер:
4х² - 9 = 0
А деңгейінің тапсырмалары
1.Санды өрнектің мәнін тиімді тәсілмен
табыңдар: 862 - 142
2.Бос орынды толтыр:(с + 3)2 = с2 + ...с + 9
3.Өрнекті ықшамда: 6а + (4а – 3)2
В деңгейінің тапсырмалары:
1.Санды өрнектің мәнін тиімді тәсілмен
табыңдар:
(2 – 1)(2+1)(22+1)(24+1)(28+1)–216
2.Бос орынды толтыр:(*+*)2 =*+84х2у2+49у6
3.Есептеңдер: (1- 1/4 ) (1- 1/9 )(1- 1/16 ) (1- 1/25 )***(1- 1/225 )
А деңгейінің тапсырмаларының шығарылуы:
862 – 142 = (86+14)(86-14)=100*72=7200
2.(с + 3)2 = с2 + 6с + 9
3.6а + (4а – 3)2 = 6а + 16а2 - 24а + 9 = 16а2 – 18а + 9
В деңгейінің тапсырмаларының шығарылуы:
1.(2–1)(2+1)(22+1)(24+1)(28+1)–216=
=(22–1)(22+1)(24+1)(28+1)–216=216-1–216= –1
Жауабы: -1
2.(*+*)2=*+84x2y3+49y6
Шешуі: (6х2+7у3)2=36х4+84x2y3+49y6
Есептеңдер: (1- ( 1)/4)∙ (1- 1/9)∙ (1- 1/16)∙ (1- 1/25)∙ ∙∙∙ ∙ (1- 1/225)=
Шешуі: (1- ( 1)/4)∙ (1- 1/9)∙ (1- 1/16)∙ (1- 1/25)∙ ∙∙∙ ∙ (1- 1/225)=
(1- 1/2)∙ (1+1/2)∙(1- 1/3) ∙(1+1/3)∙ (1- 1/4)∙ (1+1/4)∙ (1- 1/5)∙ (1+1/5)∙ ∙∙∙ ∙ (1- 1/15) ∙(1+1/15)=
= 1/2∙ 3/2∙ 2/3∙ 4/3∙ 3/4∙ 5/4∙ ∙∙∙ ∙ 14/15 ∙ 16/15=1/2∙ 16/15=8/15
Рефлексия:
Оқушылар келесі үш тұжырымның біреуіне келуі керек
Сабақ өте жақсы ұнады және бар мүмкіндігімді пайдаландым.
Сабақ ұнады және өз мүмкіндігімше қатыстым.
Тарау бойынша әлі жұмыс жасау керек.
Шығамын десең биік таудың басына
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа.
Заула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,
Тула, толқы, тебірен, бірақ тасыма!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.