.
.
Қысқа мерзімді жоспар Квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 824 | Просмотров: 8541 | Размер: 308.5 Kb | Автор: arai8-сынып алгебра пәнінің мұғалімі Мухаева Ш.Б.
Пән: алгебра 29.04.2013 Сынып 8
Сабақтың тақырыбы Квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу
Сілтеме Алгебра 8-сынып оқулығы
8-сынып дидактикалық материалдар
8-сынып алгебрадан есептер жинағы
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Жалпы мақсаты Оқушыларға тақырып бойынша толық және терең білім беру, алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, бекіту; логикалық ойлау қабілеттері мен дағдыларын жетілдіру, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру; оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі - Өз пікірін айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.
– Пікір таласуға үйренеді .
-Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға, емін-еркін сөйлеуге дағдыланады.
Туындайтын идеялар Квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешуде берілген есептерді топпен жұмыс жасау барысында талқылап, шығарып оқушылардың білімдері толыға түседі
Тапсырмалар 1. Ұйымдастыру кезеңі(«Көтеріңкі көңіл-күй» психологиялық тренинг)
2. Үй жұмысын тексеру(слайд арқылы)
3. Жаңа тақырып пен өткен тақырыптың байланысы(«Қайталау – оқу анасы»
сәйкестік тест)
4. Жаңа сабаққа дайындық(«Ой қозғау» топтастыру стратегиясы)
5. Жаңа сабақты меңгеру(оқушылар өздіктерінен түсіндіреді)
6. Сергіту сәті
7. Сабақты бекіту(оқулықпен жұмыс)
8. Сабақты пысықтау(деңгейлік тапсырмалар)
9. Сабақты қорытындылау(қорытынды алгоритмі)
10. Рефлексия(«Табыс ағашын отырғызу»)
11. Үй тапсырмасын беру
12. Бағалау - Бір-бірлерін жылы лебіздерін білдіреді.
Топқа бөлінеді
- Бірін-бірі тексереді, ұпай беріледі
-Пысықтау сұрақтары бойынша сұрақтарға жауап береді.
-топпен жұмыс
-«Математикалық домино» ойыны
-топтық жұмыс
-оқулықпен жұмыс
-деңгейлік тапсырма
- рефлексия
-өздерін бағалау, бірін-бірі бағалау
І. Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: Сыныпқа психологиялық ахуал туғыза отыра, сыныпты төрт топқа бөлемін(үшбұрыш, трапеция, параллелограмм, ромб).
Әрбір балаға нәтижелік карта үлестіріледі. Оны оқушы сабақ бойы толтырып отырады.
Үй тапсырмасын тексеру «Қайталау – оқу анасы» «Ой қозғау» Сергіту сәті Оқулықпен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Барлық ұпай саны Қорытынды бағасы
Ұпай саны
ІІ. Слайд бойынша бірін-бірі тексереді, бағалайды (Әр дұрыс жауап 1 ұпай).(7 мин)
ІІІ. Қайталау
1) Сәйкестік тест
2) Функциялардың графиктері бойынша формулаларын жазыңдар:
1-топ(үшбұрыш) 2-топ(трапеция)
3-топ(параллелограмм) 4-топ(ромб)
3) Сан аралықтарын кескіндеу:
1-топ 2-топ
[-2;4] ∩ [1;6] = [-9;4) È (1;6] =
3-топ 4-топ
[-4;1] ∩ [3;7] = (-2;4) È [1;6] =
ІҮ. «Ой қозғау»
• Математикалық домино ойыны
• Бақылау сұрақтары
Ү. Жаңа білім.
Оқушы қызығушылығын тудыратын тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар, жағдаяттар ұсынылады:
- Біз теңдеу мен теңсіздік туралы сөз қозғадық. Ендеше, квадрат теңсіздік дегеніміз не? – еске түсіріп көрелік.
- Квадрат теңсіздікті шешудің неше әдісі бар?
- Қатаң және қатаң емес теңсіздіктердің айырмашылығы неде?
- Интервалдар әдісімен шешуді қалай түсінесіңдер?
ҮІ. Сергіту сәті. Оқушыларға қызықты, логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. (6 мин)
Оқушыларға 12 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа қолдарын жоғары көтереді, қате болса алға созады.
ҮІІ. Сабақты бекіту.
Оқулықпен жұмыс:
І топ(үшбұрыш) - №296(3), ІІ топ(трапеция) - №296(4), ІІІ топ(параллелограмм) - №297(3), ІҮ топ(ромб) - №297(4) есебін түсіндіре отырып тақтаға орындайды. Қалғандары осы есепті дәптерге орындайды. Болған соң тексеріледі және сұрақтарға жауап береді.
Дарынды оқушы
ҮІІІ. Сабақты пысықтау.
Деңгейлік тапсырмалар: (Жауабын тақта арқылы әркім өзін тексереді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай) (8 мин)
А деңгейіндегі есептер.
1-топ (х - 1) (х + 4)≥0 3-топ (x-8)(x+11)<0
x –1 =0 x+ 4 =0 x-8=0 x+11=0
x=1 x=-4 х=8 х=-11
Жауабы: (-∞;-4] [1; +∞) Жауабы: (-11;8)
2-топ (х+2) (х-3)<0 4-топ (х+7) (3- х ) < 0
x+2=0 x-3=0 x+7=0 3-x=0
x=-2 x=3 х=-7 х=3
Жауабы: (-2; 3) Жауабы: (-∞; -7) (3; +∞)
В деңгейіндегі есептер.
1. -2х2 – 5х +3 0 3. x(2-x)>0
D=25+24=49; x1=-3; x2=0,5 x=0 2-x=0
-2х2 – 5х +3=-2(x+3) (x-0,5 ) x=2
Жауабы: (-∞; -3] [0,5; +∞) Жауабы: (0; 2)
2. –x2 – 2x + 8>0 4. -2х2-х+6
D=4+32=36 D= 1+48=49
x=-4 x=2 x1=-2 x2= 1,5
–x2 – 2x + 8= -(x+4) (x - 2)>0 -2х2-х+6х-2=-2(x+2) (x-1,5)
Жауабы: (-4; 2) Жауабы: [-2; 1,5]
С деңгейіндегі есептер
1. 5х(3+x) (x - 9) <0 2. 5x2-2x-3 0
5x=0 3+x=0 x-9=0 D=4+ 60 = 64; х1= 1 x2= -0,6
x=0 x=-3 x=9 5x2-2x-3 =5(x -1)(x+0,6)
Жауабы: (-∞; -3) (0; 9) Жауабы: [-0,6; 1]
3. 3x2 -7x +2 <0 4. – 2x2 -5x +3 0
D=49 – 24 = 25; х1= 2 x2= D= 25 + 24 = 49; х1= -3 х1=0,5
3x2 -7x +2=3(х-2)(х- ) 0 – 2x2 -5x +3 =- 2(x+3)(x-0,5)
Жауабы: ( ; 2) Жауабы: [-3; 0,5]
ІХ. Сабақты қорытындылау(әр топ квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешудің алгоритмін құрады).
Х. – Енді «Табыс» ағашын отырғызайық. (Тақтада ағаштың суреті)
Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сендердің алған білімдерің(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).
• Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
• Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым.
• Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.
ХІ. Үйге тапсырма беру.
• «Интервалдар әдісі» тақырыбы бойынша № 296(1,2), №297(1,2) есептерді есептеп келу.
• Тест
1. аx+b>0, ax+b<0 түріндегі теңсіздік ...
деп аталады.
a) Квадрат теңсіздік b)Сызықтық теңсіздік c)Биквадрат теңсіздік
2. аx2+bх+с>0, аx2+bх+с <0 түріндегі теңсіздік ... деп аталады.
a) Квадрат теңсіздік b)Сызықтық теңсіздік c)Биквадрат теңсіздік
3. Нақты R сандар жиынын сан түзуі деп атайды. Оны теңсіздік түрінде ... белгілейді.
a) (-¥;¥) b) [-¥;¥] c)[0 ; ¥)
6. X<3 теңсіздігін қанағаттандыратын ең үлкен бүтін санды табыңыз
a) 3 b) 2 c)0
7. x≥-5 теңсіздігін қанағаттандыратын ең кіші бүтін санды табыңыз
a) -4 b)0 c)-5
8. 2X-1<3 теңсіздігінің оң шешімін табыңдар?
a) (-¥;2) b)(0;2) c) (1;2)
9. -2X-5<-3 теңсіздігінің теріс шешімін табыңдар?
a) (-1;¥) b)(-¥;-1) c)(-1;0)
10. -x2+6x-5≥0 теңсіздігін шеш:
a) [1;5] b)(-¥;1]È[5;¥) c)[2, 3]
ХІІ. Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасын орындаған және сабаққа белсене қатысып практикалық жұмыстарды орындаған ұпайларына байланысты бағаланады.
6 – 12 ұпай - «3»
13 – 20 ұпай - «4»
21 – 42 ұпай - «5»
Қысқа мерзімді жоспар
8-сынып алгебра пәнінің мұғалімі Мухаева Ш.Б.
Сабақтың дидактика
лық кезеңдері Жұмыс бағыттары мен әр дидактикалық кезең мақсаты Сабақтағы дидактикалық кезең мазмұны Жұмыс тәсілдері, әдіс-формалары Берілетін уақыт
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа қатысуы, дайындығын тексеру, зейінін мақсатқа бағыттау. Тәсілі: Сұрақ- жауап
Формасы: ұжымдық. 1 мин
Мақсат қою Сабақтың оқушылармен бірлесе атқарылар мақсатты жұмыс бағыттарын анықтау. Квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешуді зерттеу Тәсілі: қысқаша мәлімет беру 1 мин
Жаңа сабаққа дайындық «Ой қозғау» топтастыру стратегиясы:
• «Математикалық домино» ойыны
• Бақылау сұрақтары Өткен тақырыптарға шолу Тәсілі: топтық жұмыс 2 мин
Жаңа сабақты түсіндіру • Оқушы қызығушылығын тудыратын тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар ұсынылады;
• Өзіндік пікірін қалыптастыруға бағдар беру;
• Практикалық біліктерін толықтыруға бағдар беру;
• Практикалық құндылықтары негізінде ғылыми ізденіске бағдарлау; Сан осі, сан осіндегі нүктенің координатасы, теңсіздік, теңсіздіктердің қасиетін, теңдеу, квадрат теңдеу, квадрат үшмүше, квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу және квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешу анықтамасына, формулаларына, өздеріне анықтамасын тұжырымдату.
Әдістері: ой тудыру, қорытынды ойға жетелер пікір алмасу;
Жекелей тапсырма беру арқылы ізденіске жетелеу; Тәсілі: топтық
5-10 мин
Жаңа сабақты бекіту Төмендегі есептерді орындата отырып өз білетін мәліметтерін пайдалана отырып, практикалық білігі негізінде ізденіске жағдай тудыру. Есептің орындалуына ғылыми негіздеме бергізе отырып өз пікірін даярлауға қолайлы сәт туғызу.
Оқулықпен жұмыс:
№296(3,4),
№297(3,4) Жалпы дидактикалық әдіс: жартылай ізденіс, тұжырымды пікір айтуға ұмтылдыру.
Ғылыми дәлелдерге сүйену.
Тәсілі: топтық, жұптық, жекелей. 6-10 мин
Жаңа сабақты пысықтау Деңгейлік тапсырмалар орындайды А, В және С деңгейлік есептерді топпен шығарып тақтада қорғайды
Есеп шарты бойынша
жарқын идеялар жәрмеңкесі Тиянақты жұмыс үлгісіне бейімдеу.
Шығармашылыққа жетелер түрлі әдістер арқылы ізденіске бағдар беру.
Тәсілі: ұжымдық, топтық , жекелей.
10 мин
Жаңа сабақты қорыту Өзіндік ізденіске бағыттау.
Әр топ теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешудің алгоритмін құрады. Нақты жауап, дәлелді ізденіс, қорытынды пікірге баулу.
Тәсілі: топтық, ұжымдық 3-4 мин
Рефлексия «Табыс» ағашын отырғызу
• Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
• Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым.
• Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз. Қағаздан жасалған алмаларды өздері таңдап алып, ағашқа магнит көмегімен жабыстырады. Тәсілі: жекелей 1 мин
Бағалау Оқушы пікірі мен талдау жұмыстарын бағалау. Ой қорытуға сабақ соңында сұхбаттасуға шақырар пікір қолдану. 6 – 12 ұпай - «3»
13 – 20 ұпай - «4»
21 – 42 ұпай - «5» Топтық және жекелей жетістіктерді бағалау. Ұпай саны бойынша бағалау 2-3 мин
Үй тапсырмасы Үй тапсырмасы- келесі сабақтың іргетасы.
Сыныпта жасаған тапсырмалар төңірегінде тест жұмысын орындау. Үй тапсырмасын дұрыс орындауға бағыт беру №296(1,2), №197(1,2) есептер арқылы оз ойларын дәлелді ізденіске және ой жүйесін сауатты жеткізуге бағыттау Жауапкершілікті сезіну, қосымша материалдармен жұмыс істеу, шығармашылық әрекеттерін дамытуға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға жол ашу. 3-4 мин
Қысқа мерзімді жоспар
8-сынып алгебра пәнінің мұғалімі Мухаева Ш.Б.
30.04.2013 ж Алгебра 8 сынып
Сабақтың тақырыбы Квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешу
Жалпы мақсаты Квадрат теңзісдіктерді интервалдар әдісімен шешуді үйреніп, бөлшек рационал теңсіздіктерді де осы әдіспен шешеді, бір – бірін сыйлауға, ептілікке және шапшаңдылыққа тәрбиеленеді.
Сілтеме
Алгебра оқыту әдістемесі.
8 сыныпқа арналған алгебра оқулығы
Оқу нәтижесі Квадрат теңсіздіктерді шеше алады.
Негізгі идеялар. Сан өсі, сан осіндегі нүктенің координатасы, теңсіздік, теңсіздіктердің қасиеті, теңдеу, квадрат теңдеу, квадрат үшмүше, квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу және қысқаша көбейту формулаларының анықтамалары.
Сабақта қолданылатын материалдар Деңгейлік есептер.
Есептер жинағы.
Белсенді тақта.
Оқыту әдістері. Жаңа әдістер.
Диалог. АКТ. СТО.
Блум таксономиясы бойынша:
Компоненттер Критерийлер
Білу И г е р д і - Кез келген теңдеудің шешімдерін таба біледі;
- Теңдеудің түбірлерінің мәнін сан осіне белгілеп, сан
осін интервалдарға бөлу;
- Интервалдың кез-келген біреуінде функцияның
таңбасын анықтап, осы интервалға анықталған таңбаны
қоя біледі;
- Жұп және тақ сандарды ажырата біледі.
Түсіну - Оқушы материалды түсінеді;
- Квадрат теңсіздікті интервал әдісімен шешуді және
оны сан аралықта кескіндеу арасындағы байланысты
түсінеді.
Қолдану - Толық және толымсыз квадрат теңдеуді шеше алады;
- Квадрат теңдеу мен квадрат теңсіздік арасындағы
байланысты есеп шығаруда пайдаланады.
Анализ (Талдау) Шығармашылықпен
жұмыстанады - Өрнектердің мағынасын талдай алады;
- Келесі қадамды болжай алады.
- Күрделі өрнектерді түрлендіруді қателеспей
орындайды.
Синтез (Топтау) - Әр есепке қажетті алгоритмнің ең қысқа жолын
таңдай алады.
- Өз бетімен есептер құрастыра алады.
Білімді бағалау - Материалдың мәнін бағалай біледі;
- Тақырып бойынша зерттеу жүргізе алады.
Дерек көздері. Квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шағару тақырыбына арналған материалдар.
1.Алгебра жұмыс дәптері
2.Алгебра оқулығы
3. Бағалау парағы
4. АКТ
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.