.
.
Квадраттық үшмүше тақырыбына қысқа мерзімді жоспар Квадраттық үшмүше
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1742 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың атауы Квадраттық үшмүше
Сілтеме Алгебра 8 сынып, А.Әбілқасымова, слайдтар, сабақ жоспары
Жалпы мақсаты
Оқушыларға квадрат үшмүшені түпкілікті түсіндіріп, бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Міндеттер
• Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту
• Өткен тақырыптарды оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу
• Амалдарды орындау дағдыларын қалыптастыру
Мұғалім үшін оқу нәтижелері • Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты пысықтау
• Берілген тапсырмаларды жұпта орындауға үйрету.
• Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру
• Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы
• математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері Топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «Ортада қаламсап» стратегиясын қолдану
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар
Күтілетін нәтиже Оқушылар квадрат үшмүшеге байланысты есептерді толық орындай алады. Ережелерін біледі, түсінеді. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.
Ұйымдастыру кезеңі Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек «»
Оқушыларды әр түрлі түстегі асықтар арқылы, 5 топқа бөлемін. «Қызыл асық», «Сары асық», «Жасыл асық», «Көк асық», «Қара асық»
Бағалау критерийлері
• Өз бетімен білім алуы
• Дербес жұмыс жасауы
• Жұпта жұмыс жасауы
• Математикалық білімі
• Математикалық тілі
• Бағалауы
2 мин
Қызығушылықты ояту Сөз жұмбақ «Квадрат үшмүше» 5 мин
1. ах2+bx+c теңдеуіндегі х1, х2 шешімін басқаша қалай атаймыз? (түбір)
2. ах2+bx+c теңдеуіндегі с коэффициентін басқаша қалай атаймыз? (бос мүше)
3. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір астындағы өрнек (дискриминант)
4. x2-7x+12=0 теңдеуінің ең кіші мәні неше? (3)
5. Барлық қабырғалары тең квадратты не деп атаймыз? (шаршы)
6. Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтінділері бос мүшеге тең-деген кімнің теоремасы? (Виет)
Мағынаны тану
2. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Постер қорғау 10 мин
Әр топқа үлестірме парақтар беріліп, оқушылар постер қорғап тапсырмаларды орындайды. Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады.
Есептер шығару 15 мин
1-топ
2-топ
3-топ
4-топ
5-топ
Сергіту сәті 3 мин
Ой толғаныс 4 мин
«Ортада қаламсап» стратегиясы
Ортадан алынған қаламға сол қаламның иесі жауап береді.
Бағалау 5мин
4.Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
«Білім ағашын» таратып беремін. Топтардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару. Оқушылар ағаштағы өз орнын бояп толтырады және не себептен бояғанын түсіндіреді. Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды
Үйге тапсырма 30 секунд
5.Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
№593, №594 Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу
Рефлексия 30 секунд
Оқушыларға смайликтер таратамын. Оқушылар өздеріне сай смайликтерді таңдап дайын плакатқа жапсырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.