Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару -

Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1678 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі»

АШЫҚ САБАҚ

Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару

Пәні: Математикалық есептер шығару практикумы



Дайындаған: Қалдаулетова.А.М
Тобы: МтБ – 43


Бейнеу

Сабақтың тақырыбы: Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Логарифмдік теңдеулерді шешу ережелерін меңгерту
а) білімділік: Логарифмдік теңдеулерді шешу әдістерін үйрету;
ә) дамытушылық: Теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдану дағдыларын қалыптас-тыру. Оқушылардың математикалық сауаттылықтарын дамыту;
б) тәрбиелік: оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта, дәптермен жұмыс,ойын технологиясы, сәйкестендіру тестісі,сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, бейнепроектор және экран, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі

а) кабинетті және құрылғыларды сабаққа әзірлеу;
ә) топтағы оқушылардың сабаққа қатысын және оқу құралдарын тексеру;

ІІ. Өткен материалды қайталау

(Үйге берілген тапсырма тақтада шығарылады. Cәйкестендіру тестісін орындайды)

1 Көрсеткіштік теңсіздік- 1 f(x)>g(x) шығады
2 2^(3x/2+3)<16 2 (1;+∞)
3 Егер a^f(x) >a^g(x) болса 0 4 (3/4)^(x-1)<1 4 (-∞;2/3)
5 Егер a^f(x) >a^g(x) болса a>1 жағдайда 5 aйнымалысы дәреженің көрсеткішінде болатын теңсіздік

III. Практикалық жұмыс

(Теориялық білімдері сұрақ жауап арқылы еске түсіріледі)

Логарифмдік теңдеулер дегеніміз не?
Қарапайым логарифмдік теңдеудің жалпы түрі?
Логарифмдік теңдеулерді шешеудің неше тәсілі бар?
log_(a^n )⁡〖b=〗
Жаңа негізге көшу формуласы log_a⁡〖x=〗
Егер логарифмдік теңдеу мынандай түрде берілсе : √(3x+18)*log_4⁡〖(x+4)=0〗

( қарапайым логарифмдік теңдеулерге есептер ауызша шығарылады)



(Тақырыпқа байланысты деңгейлік есептер тақтада шығарылады )



Сергіту сәті ( бұл бөлімде көрсеткіштік, дәрежелік, тригонометриялық функциялардың логарифмдік теңдеулермен байланыстыра отырып, яғни аралас есептер шығартылады)




IV. Бекіту

Сабақты бекіту барысында студенттер Семантикалық картаны орындайды .Берілген есептердің дәл жауаптарымен қилысқан әріптерді қосқанда бір тіркес шығады. «Білім – теңіз»





«Білім - теңіз» десек, сол теңіздің тұңғиығына терең бойлап, білім нәрімен сусындай берейік деген тілекпен сабағымызды қорытындылайық.
V. Қорытындылау

Бүгінгі практикалық жұмыста қойылған негізгі мақсат логарифмдік теңдеулерді шығарудың әр түрлі әдістерін жүйелі түрде үйрену, есеп шығару тәжірибесін молайту, логарифмдік теңдеулерді шешуге дағдыландыру . Әртүрлі әдістерді пайдалана отырып есептер шығардық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы «Бәсекеге қабілетті дамыған ел болу үшін білімі жоғары ұлт болуымыз керек» - деген болатын. Бұл мақсатты іске асыру үшін ерінбей еңбек етумен қатар үнемі өз білімімізді жетілдіруге міндеттіміз.

VI. Үйге тапсырма беру

(студенттердің жұмыстары талданып, үйге тапсырма беріледі.)
М.И. Сканави «Сборник задач по математике» №7.049-7.052 (141 бет)

VII. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.