Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Математика-  ақыл-ойдың әуені» ойыны. -

«Математика- ақыл-ойдың әуені» ойыны.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1672 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
Тайынша қаласы
5 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Оразова Гүлзира Қазиқызы


Сабақтың тақырыбы: «Математика- ақыл-ойдың әуені» ойыны.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау
қабілетін шыңдау,оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары: 1. Таныстыру (аты, ұраны, төсбелгісі).
2. Логикалық сұрақтар.
3. Математикалық жекпе – жек.
4. Сыр сандықтың құпиясы.
5. Сөздер құрау.Жұмбақтар шешу.
6. Әр қолда өзінің ісі
7. Ширату
Сайыстың көрнекілігі:
Тақырыптық сөздер, шарлар, ұлағатты сөздер. «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика» (М.В.Ломоносов). «Математика – ғылымдардың патшасы», ал арифметика – математика патшасы» (К.Гаус). «Математиканың өз тілі бар – ол формула» (С.В.Ковалевская). «Ақын жанды болмасаңыз, математикте бола алмайсыз» (С.Ков).
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
«Математика- ақыл-ойдың әуені» ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді
Ортаға 6 а — Арифметика , 6ә-Жас математика, 6б — Функция
топтарын шақырамыз.
Шеберлікті, білімді
сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз.
Ал, қанекей қаралық,
Мына жақта жаңалық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика еліне
Шабыт тасып шалқысып.
Есеппенен ән салып
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып, ,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
, Көңілді кеш жасайық.
І кезең. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)
«Біліп қою аз, сол білгенді істеп, қолдана білуің керек.Ниеттену аз ғана, сол ниетіңді іске асыруың керек» депті неміс жазушысы Гете.
ІІ кезең «Логикалық сұрақтар» (Әр топ 5 сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер келесі топ жауап беруге болады)
І топқа:
1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
2. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
3. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

4. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
5. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
ІІ топқа:
1. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
4. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
ІІІ топқа:
1.Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
3. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
4. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
5. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
ІІІ кезең .Математикалық жекпе-жек
Санап көріңдер!
Мына сызбаларда қанша үшбұрыштар бар, жазып шығыңдар.

Ойын ойнап, ән салмай,
Өсер бала бола ма?
Ойын-сауық жасамай
Жастар жолы болар ма?
Құпиялы сандықтың
Кілтін аша алар ма?
ІҮ кезең .. «Сыр сандық құпиясы» - жұмбақ шешу
1.Бес ін, бес іннің
Ауызы бір ін.

2. Отыз омыртқа,
Қырық қабырға,
Бәрін ұстап тұрған
Ауыз омыртқа
3. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр бес ешкі
Екі қоян, үш түлке
Таба алмасан бос күлкі.
4. Түйе, бота аң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой
5. Бүтін, бөлшек бөліктерден,
Барлығыда бар онда
Бұл қандай сан айтындаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда.
6. Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде
Бірін-бірі көрмейді.
Ү кезең Сөздер құрау
1 топ: Натурал
2 топ: Аралас
3 топ: Бөлшек

ҮІ кезең «Әр қолда-өзінің ісі» - капитандар сайысы. Топ капитандарына қағаз және екі қолына да қарындаш беріледі. Тапсырма: сол қолмен үшбұрыш, оң қолмен шеңбер салыңдар.
ҮІІ кезең
Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.



Мына фигурадағы сандарды жаңылыспай сану керек, жоқ санды табу керек.
2,3,4,5,6,8,11,18,25,32,39,53
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессін сен қаталдансың.
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе қазылар алқасы ұпайларды есептеп болғанша жанкүйерлерден музыкалық сәлем.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.