.
.
«Математикалық дода» «Математикалық дода»
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 255 | Просмотров: 1744 | Размер: 519.5 Kb | Автор: araiдене шынықтыру сабағындағы математикалық сайыс
С.Сейфуллин атындағы гимназияның
математика және информатика пәнінің мұғалімдері
Барманбекова Айжан Тлеуханқызы
Құрметті оқырмандар біз сіздерге 5-6 сынып араларында өткізген дене шынықтыру сабағындағы математикалық дода сайысының жоспарын ұсынып отырмыз. Бұндай сыныптан тыс сабақтар жыл сайын әр сыныптар арасында өтікізіліп тұрады. Бұндай сабақтардың дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы оқушылар өздерін әр қырынан таныта біледі. Білімге деген құштарлықтары оянып, белсенділік танытады.
Мақсаты: Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, алған білімдерін пысықтау.
Көрнекілігі: Есептер жазылған кеспе қағаздар, плакаттар, эмблемалар, әр топқа арналған жанкүйерлердің қуатты сөздері.
1 жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар!
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
2 жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар,
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
1 жүргізуші:
Есепті түрлі түсті шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке де отырамыз.
2 жүргізуші:
Олай болса, бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық.
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырамыз (аттары айтылады)
1 жүргізуші
Кешімізді бастамас бұрын, әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.
Төрешілер алқасын сайыстың шартымен таныстырады.
Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
• Дұрыс жауап берген командаға 5 ұпай.
• Дұрыс, бірақ толық емес жауапқа 3ұпай.
• Жауабы жоқ болса 0 ұпай.
• Тәртіп бұзған топтан 2 ұпай кемітіледі.
Жоспар:
• Танысу
• «Ұйқыашар»
• «Жұлдызды сәт»
• «Озық ойлы оқушы»
• «Аққала»
• Қорытынды
2 жүргізуші
Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтулі тәртібімен таныстырамыз. Бұл әр команданың құрамы 5 (2 оқушы) және 6 (2 оқушы) сынып оқушыларынан тұрады.
1 жүргізуші
Топтарымызбен танысайық
1 команда 2 команда 3 команда
Сонымен бірінші сайысымызды бастаймыз. «Ұйқыашар».
Бұл сайыста әр топ мүшесі қолдарындағы таяқпен жарыса отырып межелеген жерге жетіп, есептерін шығарған соң кері қайтып қолындағы таяғын екінші ойыншыға тапсырады. Ойын осылайша топ мүшесінің соңғы ойыншысына дейін жалғасып, соңында есеп нәтижелері әділқазы алқаларына тапсырылады.
2 жүргізуші
Екінші сайысымыз «Жұлдызды сәт» деп аталады. Мұнда есептің шешуін табу арқылы
сөз құрастыру керек. Бұнда әр топтағы ойыншылар үлкен шарға отырып, межелеген жерге жетіп есеп шығарып, келесі ойыншыға шарын тапсырады. Ойын соңында табылған сөздерден ҚР-ның елтаңбасымен оның авторының есімі шығады.
1 жүргізуші
Үшінші сайысымыз «Озық ойлы оқушы» деп аталады. Бұнда есептің шешуін таба отырып, әр топ өзіне тиесілі мақал - мәтел жасырынған мақал мәтелдердің шешуін табу керек.
.
2 жүргізуші
«Аққала» сайысында магнитті тақтаға сегіз бөліктен тұратын аққаланы кұрастыру керек. Ал бұл үшін логикалық тапсырмаларға дұрыс жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпамен бағаланады.
1. Егер үш пар ат 60 км шауып өтсе, онда 1 ат неше км шауып өтеді? (60км)
2. Не ауыр? Бір кг түбіт аур ма, әлде бір кг темір ауыр ма? (екеуі тең)
3. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)
4. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут ? (15 минут)
5. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір атап өтеді. Бұл қай күн?(29 ақпан)
6. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттық және минуттық тілі қандай бұрышты көрсетеді? (тік бұрыш)
7. Бір жаұяда бес ұл бала бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар? (6 бала)
8. Бір жұмыртқа 5 минутта піседі, ал бес жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минутта)
Сайыс қорытынды шығарумен және әділқазылар алқасының жеңімпаз топтарды құттықтап, мақтау қағаздарын берумен аяқталады. Бұл сайысты өткізудің мұғалім үшін ең бастысы – оқушыларды жарыстыра отырып, оқушылардың білімін арттыру, математика сабағына баулу, оқушы бойындағы басқа да қабілетін аша білу, оқушының жан-жақты дамуына әсер ету.
«С.Сейфуллин атындағы гимназия» ММ
Сыныптан тыс
ашық сабақ
Тақырыбы:
Пән мұғалімдері:
Барманбекова А.Т.
Сәтбаев қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.