Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математикалық –физикалық көңілді тапқырлар сайысы -

Математикалық –физикалық көңілді тапқырлар сайысы

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2404 | Размер: | Автор: arai
. МШОБ №3 орта мектеп

Математикалық –физикалық
көңілді тапқырлар сайысы
(9 сынып)

Пән мұғалімдері: Таяубергенова З.Н.

Математикалық –физикалық көңілді тапқырлар сайысы
Мақсаты: Математика –физика пәндері бойынша оқушылардың ауызша
есептей білуге, логикалық сұрақтарға жауап беруге,белсенділікке, жауабын талдай білуге, алған білімдерін жүйелеп, топтық сайыстарда білімдерін көрсетуге үйрету.
Тәрбиелік: Ұжымдық еңбектенуге, тапқырлыққа, табандылыққа,
ізденімпаздыққа, отансүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу,
Дамытушылық : Ой –өрісін, зейіндерін арттыру
Сайыстың көрнекіліктері: Зертханалық құралдар, Нақыл сөздер, алдын –ала
дайындалған жетондар, безендіру шарлары, карточкалар, плакаттар.
Сайыстың барысы:
І. Сайыстың ашылуы
ІІ. Сайыстың бөлімдері.
1. Сәлемдесу /топтар таныстыру, эмблема қорғау, ұрандары/
2. Үй тапсырмасы. /Топтардың дайындаған көрністері/
3. Сұрақ –жауап
4. Әдебиет маусымы. /Математика –Физика жайлы өлеңдер құрастыру
ІІІ. Сайыстың қорытындысы

Сайыстың жүрісі:
Сахнаға жүгізушілер шығып , оқушылар мен ұздарға сайыстың ашылуын айтады. Әділқазылар сайланып, таныстырылады.
1-Жүргізуші:
Уа халайық!
Бәріңе бірдей жар салайық,
Математика –Физика тілін үйренем деушілерге,
Математика –Физика тілін білмек ойы барларға,
Математика –физика құмарлығын арттыруға талпынушыларға
Бүгін болатын сайысымызды арнаймыз

ІІ жүргізуші:
Құрметті оқушылар мен ұстаздар. Бүгінгі Математика және Физика пәндері бойынша 9-шы сыныптар арасында өтілетін «Көңілді тапқырлар сайысына» қош келіпсіздер.
Сайыстың бөлімдері:
1. Сәлемдесу /топтар таныстыру, эмблема қорғау, ұрандары/
2. Үй тапсырмасы. /Топтардың дайындаған көрністері/
3. Сұрақ –жауап. /Логикалық сұрақтарға жауап беру/
4. Әдебиет маусымы. /Математика –Физика жайлы өлеңдер құрастыру
І жүргізуші:
Басталық ақыл –ойдың дара кешін
Халайық сендер бізге жақын келші
Математика ғылымына ұмтылшы
Сен егер кім екеніңді білгің келсе?

1. Сәлемдесу /топтар таныстыру, эмблема қорғау, ұрандары/
Мұнда әр топ таныстырылады, эмблемаларын қорғап, ұрандары айтылады.
«Пифагор»тобы, «Сұңқар» тобы, «Эвклид»тобы.
ІІ жүргізуші:
Ақыл –ойды тәртіпке келтіретін математика
2. Үй тапсырмасы. /Топтардың дайындаған көрністері/
І жүргізуші:
Сонау –сонау алысқа,
Жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлар ғарышқа,
Ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрін де
Математика –ғылым бұл
Жасау үшін бәрін де
Физика –ғылым бұл
Сондықтан да сондықтан
Сол ғылымның тілін біл.
3. Сұрақ –жауап /алдын ала дайындалған сұрақтарды әр топ таңдап алып кішкене уақыт беріліп, жауап береді/
Сұрақтар
1. А/ Ұзындығы 135 см, сымды біріншісі, екінші бөлігінен екі есе етіп екі бөлікке бөлген, әр бөліктің ұзындығын тап
Б/ Диномометрмен неі өлшейді. Және мына құралдардың қайсысы? Күштің түрлерін ата.
/45 см, 90см/
2. А/ Шолпанның барлық қойының 320-сы су ішіп жатыр, Қалғаны жайылып жүр, жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шолпанда барлығы қанша қой бар?
/400 қой/
Б/ 2л ыдысқа 1,8л су құйылды. Массасы 200г металл дене сол ыдыстағы суға батырылды. Судың көлемі өзгере ме? /жоқ өзгермейді, бірақ судың банкадағы деңгейі өзгереді/
3. А/ Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста? /үште/
Б/ Мензурка қандай аспап? Онымен нені өлшейді? /Сұйық құятын аспап. Сұйықтың көлкмін анықтайды/
4. А/ Бес адам кездесіп қалып бір –бірімен қол алысып амандасты. Барлық қол алысу саны қанша? /10/
Б/ Заттың тығыздығын қалай анықтайды. Оны анықтау үшін қандай құралдарды пайданады? /Заттың массасын сол заттың көлеміне қатынасын алады. Таразы, ұзындық өлшегіш./
5. А/Алты метрлік бөренені 5 рет кесіп , тең бөліктерге бөлген, әр бөліктің ұзындығы қанша? //1 метр/
Б/ Деформация деген не? Мысал арқылы көрсет. /Денелердің өлшемі мен пішінінің өзгеруі. Шардың немесе доптың сығылуы, созылуы/
ІІ. Жүрізуші:
Білмеймін деп қысылма
Талабың болса бойыңда
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында
4. Әдебиет маусымы. /Математика –Физика жайлы өлеңдер құрастыру
І. Жүргізуші:
Шыдамды еңбек алғыр ой,
Көңілге оны тоқып қой.
Ғылымдардың патшасы,
Анық оны біліп қой,
–деп сайысымызды аяқтаймыз.Ойларыңыз толысып, математика –физика саласынан жетістікке жете беріңіздер. Зейін қойып, тыңдағандарыңызға рахмет.

Қорытынды: Әділ- қазылар жеңімпазды анықтап бағаларын береді. Топтарды марапаттап, сайыс аяқталады. Осы сайыстан бір әсер алды деп ойлаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.