.
.
Оразова Гүлзира Қазиқызы, Математикалық сайыс.
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 315 | Просмотров: 2088 | Размер: 46.5 Kb | Автор: araiСолтүстік Қазақстан облысы
Тайынша қаласы
№5 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Математикалық сайыс.
Балалардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында сабақтан тыс уақытта “Математикалық сайысын” өткізуге болады.
“Математикалық сайысының” жоспары:
1. Таныстыру.
2. Газет қорғау.
3. Жүргізуші.
4. Сұрақ қою.
5. Жанкүйерлерге бір сұрақ.
6. Тапсырма есептері. /топ аралық/
7. Жанкүйерлерге сұрақ.
8. Санап көріңдер.
9. Жұмбақ.
10. Қорытынды.
Балалар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлімімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Біздің сайысымыздың ерекшелігі – топтар арасындағы бірден жарыстың басталуында. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін топ бал алады.
І. Сәлемдесу.
«Алғырлар тобы»:
Шақырып жарыстарды сан – салалы,
Алғырлар топ жарғалы зер салады !
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады !
Тапқырлар биіктерде қалықтасын !
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
«Әділқазыларға сәлем»:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем !
Әділдікке бас иеді күллі әлем !
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл !
«Тапқырлар тобы»:
Осындай алғыр достар кез – келгенде,
Жетсін – ау, жарыстарда женгенге – не?
Қарсылас болғаныменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де !
Құрметпен алғырларда ой – саналы,
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ән салады.
«Әділқазыларға сәлем»:
Достықпенен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін «Тапқырлардың» әділ сына.
ІІ. Газет қорғау.
ІІІ. Жүргізуші сөзі.
Үнді елінде Маһараджа өзіне министр таңдайды. Ол былай деп жарлық салады. Кімде – кім қала қабырғасына дейін толы сүті бар құмыраны төбесіне қойып, төкпей толық әкелу керек дейді. Көптеген адам жүріп өтеді, бірақ жолда әр нәрсеге қарап, сүтті төгіп алады. Ал енді біреуі келеді. Жан – жақтағылар оған айқайлап, мылтық атады. Оны қорқытып, әр нәрсеге алдандырады, бірақ ол сүтті төкпей әкеледі. «Сен айқайды да, атысты да естідің бе? Мен көрдім, сені қалай қорқытқанын» - деп сұрайды Маһараджа. « Жоқ мен тек сүтке қарадым» - дейді әлгі адам.
Сырттағы болып жатқан нәрсені көрмеу, естімеу – бұл аңғарымпаздық, батылдықтың, ойланымпаздықтың белгісі. Ал топтар бір – біріне сұрақ қойады.
ІV. Сұрақ қою. /топ аралық/
1. Геометриядан жаңалық ашқан үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? /Пифагор/.
2. Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей – ақ қойсын деген кімнің сөзі? /Платон/.
«Тапқырлар»
1. Арифметикалық математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы? /Постников/.
2. Мен математикаға қабілетсіз адам болады дегенге сенбеймін. /Постников/.
V. Жан күйерлерге бір сұрақ.
а/ 44 / 4 б/ 55 / 5
4444 / 44 5555 / 55
44444 / 44 55555 / 55
444444 / 44 555555 / 55
VI. Тапсырма есептері. / топ аралық /
«Алғырлар» тобы.
1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой
44444444 = 500 (444+44+4+4+4 = 500)
2. Мына 1888 санына екі бөліккебөліңіз. Оның әр бөлігінде 1000 саны болатын болсын.
/1888 санын дәл ортасын сызықпен бөлу керек/.
«Тапқырлар» тобы.
1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой?
333333 = 1000 (333*3+3/3 = 1000)
2. Әкемнің жеті ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар, сонда әкемнің неше баласы болған. / сегіз баласы бар /.
VII. Жанкүйерлерге сұрақ.
«Баспалдақ» ойыны.
20 * 5 88 + 12
40 * 2 22 * 4
63-23 110 * 5
7 * 9 98 + 12
42 * 6 7 * 14
25 + 17 49 / 7
100 - 25 70 - 21
VIII. Санап көріңдер.
Мына сызбалардың қанша үшбұрыштар бар, соны айтыңдар.
М
A C
o
Д N
B K
P
IX. “Жұмбақ”.
1. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болады, қолда бары? / 6 /
2. Бір – бірімен жарысқан
4 аю, бір арыстан
2 қой мен 1 түлкі
Бәрі нешеу кім білді / 8 /
3. Шекер жейтін ақ құтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін
Оң қазықты айналды. / циркуль /.
4. 104 түйме
11 ине / есеп шот /
5. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. / сызғыш /
6. Үш ұлы әке сөзін жықпайды екен,
Ақылы бір тік мінез ұқпайды екен.
Қақ жарған қара қылды 2 ұлы
Әкенің уысынан шықпайды екен. / медиана биіктігі /.
Х. Қорытынды.
Әділ қазылар қорытындылап, жеңімпаздарды анықтап, оларды құттықтайды. Екі топқа да сыйлық тапсырылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.