Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
« Математикалық сандық» ойыны. -

« Математикалық сандық» ойыны.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 244 | Просмотров: 1647 | Размер: 64.0 Kb | Автор: arai
. Нурумова Жанар Қосманқызы
Көкшетау қаласы
№18 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: « Математикалық сандық» ойыны.
Сабақтың мақсаты:1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау
қабілетін шыңдау,оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Бәйге (логикалық есептер)
3. Математикалық хоккей
4. Ғажайып алаңы (есептер шығару)
5. Кім жылдам.
6. Минитест
7. Жауабын тап (қысқаша көбейту формуласына есептер)
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
«Математикалық сандық » ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді
Ортаға 7 а — шеңбер, 7б- тіктөртбұрыш, 7в — үшбұрыш
топтарын шақырамыз.
Шеберлікті, білімді
сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
Көңілді тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Есептен сайысады үш тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік білімдерін сараламақ
Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.

І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)

ІІ тур «Бәйге» (Әр топ 1 минут ішінде 13сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер)

І топқа:
1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабінің авторы? (Баймұханов, Базаров)
2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)
3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
5. 1/10 санының кері саны? (10)
6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
7. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)
8. Жарты түзу. (сәуле)
9. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)
10. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)
11. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
12. 225 нешенің квадраты (15)
13. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)
ІІ топқа:
1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)
2. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)
3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
4. Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?
6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)
7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?
8. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)
9. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар.( негізгі ұғымдар)
10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)
11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)
12. Ең үлкен хорда. (диаметр)
13. 35 -тің квадраты (1225)

ІІІ топқа:
1. Екінің алтыншы дәрежесі
2. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Олардың әрқайсысына қарсы 3 мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық отыр
3. 45 минут сағаттың қанша бөлігі (¾)
4. Кері сандардың көбейтіндісі (1)
5. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)
6. Көпмүшенің қалыпты түрі (стандарт)
7. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)
8. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі (ғасыр)
9. Қай санның квадраты 256-ға тең. (16)
10. Миллиард санын жазғанда неше нол керек(9)
11. Кім барлық тілде сөйлейді (жаңғырық
12. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
13. Қыры 5 дм-ге тең кубтың көлемі. (125)

ІІІ тур. Математикалық хоккей.
Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.
(43*19-26928 : 33)*(16112 : 53 — 304)
Ж:0

IV тур. Ғажайып алаңы

20 20 20
30 30 30
40 40 40

Сол жақтағы 20.
(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
Қасқыр-100
Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.
Ортадағы 20.
(әзіл есеп) «Қу түлкі»
Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса,жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.
Ж: 127
Оң жақтағы 20 .
“Тосап жеу”Бала 600г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді?
Жауабы: 2 мин
Сол жақтағы 30.
Ең алғаш Еуропаға “миллион” сөзін әкелген кім?
Жауабы: Атақты жиһангез Марко Поло (1254-1323)
Ортадағы 30.
Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын математигі.
Жауабы:Гарриот
Оң жақтағы 30.
1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі.
Жауабы:Рене Декарт
Сол жақтағы 40.
XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған кім?
Жауабы: Лейбниц
Ортадағы 40.
«Парабола» деген атауды енгізген біздің заманымыздан бұрыңғы
(262-190) жылдарда өмір сүрген грек ғалымы.
Жауабы: Аполлони
Оң жақтағы 40.
«Функция» ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик.
Жауабы: Лейбниц

V тур. «Кім жылдам?»
Геометриялық фигуралардың аттарын табу.
1. апрцетяи -трапеция
2. еңшбре - шеңбер
3. шұбршүы - үшбұрыш
4. трұбышрөт-төртбұрыш
5. рвадкат - квадрат

VI минитест.
1. 10100 саны
А. миллион В. Триллион С. Гугол
2. Осы суреттен жоқ фигураны табу.



А. шеңбер В. тіктөртбұрыш С. үшбұрыш Д. ромб Е. бәрі бар

3. Чебурашка дүкеннен 7 бірдей дәптер сатып алды. Неше теңге төледі?
А. 2000т В. 3070т С. 1540 т
4. «Пропорция» грек тілінен аударғанда нені білдіреді?
А. теңдік В. әдемілік С. музыка
5. Ең кіші жай сан
А. 0 В. 1 С.2
VIІ «Жауабын тап» (қысқаша көбейту формуласына есептер шығару)
1 топ: 2топ: 3 топ:
1) (5в-4х)(5в+4х) 1) (3у+5)(3у-5) 1) (а-3)2
2) (х+2)(х 2-2х +4) 2) (2х-у)2 2) (4а-2с)(4а+2с)
3) (х+4)2 3) (х-1)(х+1) 3) (3-с)(9+3с+с 2)
VIІ. Қорытынды.
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.