.
.
Ақсу ауданы Қапал ауылы «Менің отбасым және математика»
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1664 | Размер: | Автор: arai«Есболған Жайсаңбаев атындығы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Менің отбасым және математика»
Сыныптан тыс интеллектуалдық ойын сабағы
5-6 сынып оқушылары мен ата-аналар арасында
Тұрдыбек Айгүл
Математика пәні мұғалімі
Ойын-сайыс «Менің отбасым және математика»
Мақсаты: Ата-аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру.
Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Команда құрамында:әр сыныптан екі оқушы ата-анасымен
Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері.
Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және мұғалімдер
Сайыс барысы:
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата-аналар мен оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.
2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім , терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпене қол соғылады.
1- жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр команданы ортаға шақырамыз.
5«А» сынып-- отбасы
6«А» сынып -- отбасы
6 «Ә» сынып -- отбасы
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар!
Бүгінгі кешіміз қызықты өтіп және тек қана оқушыларға емес, ата-аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика- барлық ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі «Менің отбасым және математика» атты кешімізде әңгіме жүргізілуі себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады. Сонымен сайысымызды бастаймыз.
1-кезең
таныстыру
үш сыныптың ата-аналары мен оқушылары өздерінің алдын-ала дайындап келген таныстыруын айтады және топтың атын қорғайды.
2-КЕЗЕҢ
Логикалық сұрақтар
1. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 - ға тең. Ол қандай сандар? (1,2,3,)
2. 20 метр матаны 10 бөлікке 2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек? ( 9)
3. 7 май шам жанып тұр. Екеуі сөніп қалды, қанша май шам қалды? ( 2)
4. Әкесі 30 жаста , баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады (ешқашан)
5. Үлкендер сөзімен , өмір- ол ...
1 сынып сонымен басталады
11 сынып сонымен аяқталады (емтихан)
6. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? натурал сандар
3-КЕЗЕҢ
Бағдар шам ( Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз ) бұл кезеңдеәр топ кезекпен бағдар шамның үш түсіне сәйес сұрақтарды талдайдыү
1. Қоянды қамыс өлтіреді, ... . (жігітті намыс өлтіреді.)
2 . Таудың көркі -бұлақ,.... (көлдің көркі – құрақ)
3 Екі жақсы қас болмас,... (екі жаман дос болмас)
4. Тау терексіз болмайды,... (өлке өзенсіз болмайды. )
5. Үйде бір күн ұрыс болса , .. (қырық күндік ырыс кетеді)
6. Шешеннің сөзі ортақ , ... (шебердің қолы ортақ)
7. Өріске қарай мал өседі, .... (өзенге қарай тал өседі)
8. Ынтымақ елді оздырады, .... күндестік елді тоздырады
9. Төлге төл қосылса- егіз, .... көлге көл қосылса - теңіз
4-КЕЗЕҢ
Геометриялық пішіндегі тағам
Әр топтағы ата-аналар өздерінің геометриялық пішінде жасалған тағамдарын таныстырады.
5-КЕЗЕҢ
ФОРМУЛА әлемінде (жанкүйерлер сайысы) әр сыныптан бір-бір жанкүйер шығып жатқа формула жазады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп отырады. Бұл кезде « ата-аналар кімжылдам» сайысына қатынасады. Ата-аналар алдын-ала қиылып қойылған қиқымдарды құрастыруы керек. Мұнда да әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріп отырады.
6-КЕЗЕҢ
Бинго (бинготастары қай ұяшыққа түссе сол ұяшықтағы сұраққа жауап беріледі.)
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0 саны)
2. Cуретте қанша үшбұрыш бар? (7)
3. Егер сынып оқушылары 2-ден отырса, онда 3 оқушыға орын жетпей қалады. Ал егер үшеуден отырса, онда 3 парта бос қалады. Сыныпта қанша оқушы бар? 27
4. Катердің жылдамдығы 12км/сағ. өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ. Катер 5. ағыспен 4 сағатта неше километр жүріп өтеді. (60 км)
5. Ертеде жалғыз қарт ана болыпты. Қарт ананың жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келіпті.Сонда қарт ана бір шелек суды сапырып мынадай өлең айтыпты:
10 адамСапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,-деген екен.Мұны естіген ұрылар үй толы кісі деп кетіп қалыпты.Сонда үйде адам нешеу? «10 адам
Қорытындылау. Әділқазыларға сөз беріледі және сайыскерлер марапатталады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.