Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Миллион кімге бұйырады?» -

«Миллион кімге бұйырады?»

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 384 | Просмотров: 2294 | Размер: 113.5 Kb | Автор: arai
. Бикалова Халила Сагындыковна
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы.
Алмаз орта жалпы білім беретін мектеп- балабақшасының математика пәні мұғалімі

«Миллион кімге бұйырады?» интелектуалды білімділер сайысы

Сыныптан тыс жұмыстар
Сайыс мақсаты:ең үздік,жан – жақты,білімді, ойы ұшқыр оқушыны анықтау және күнде теледидардан көріп жүрген «Миллион кімге бұйырады?» танымдық ойынын игеруді үйрету.
Мұнда қарастырылатын сұрақтар – математика, физика, жаратылыстану, қазақ тілі, тарих пәндерінің сұрақтары.
Мұғалімдерге осындай танымдық ойындар өткізуде кәдеге асар деген ниетпен ойынның жоспарын ұсынып отырмын. Ойынға демеуші ретінде осы 10 сынып оқушыларының өздерінің «Білімге құштармыз» қоры.
1.Ойынға қатысушыларды ойынның негізгі шарттарымен таныстыру. Мұнда 1-15 сұрақтар беріледі.
1-50 2-100 3-200 4-300
5-500 жойылмайтын ұпай
6-600 7-700 8-800 9-900
10-100 жойылмайтын ұпай
11-1100 12-1200 13-1300 14-1400
15-1500 ойынның женімпазы болады (1500тг)
Ойынға қатысушыларға қандай көмектер мен жеңілдіктер бар?
1.50х50 (екі дұрыс емес жауаптарды алып тастау)
2.Жолдастық көмек (аудиториядан бір ғана адамның көмегі)
3.Көрермендер көмегі
Тағы да ескертетін жағдай, егер ойынға қатысушы ойынды кез келген сұрақта тоқтатқысы келсе, сол сұраққа қатысты қаржыны ала алады.
Жалпы, сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топтан жылдам сұраққа жауап берген бір оқушы ойынға жолдама алады.Сонда ойынның қатысатын оқушыны анықтау бөлімі «спринт» деп аталады. Осы бөлімнен өткеноқушы негізгі ойынға қатысады.
Спринт
Төмендегі сандарды өсу ретімен орналастыр:
; -2; ;
Дұрыс реті: ; -2; ;
Сұрақтар:
1)Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш қалай аталады?
а)детектор в)микрофон с)дифрактор д)барометр
2)П-шеңберлер теориясының өзегі, онсыз шеңберге қатысты мәселелерді шеше алмайды. П-қаңдай сан?
а) иррационал сан в)натурал сан с)нақты сан д)периодты ондық бөлшек
3)ЭЕМ –де өшірілген объектіні сақтайтын программа?
а)мультимедия в)интернет с)сеть д)корзина
4)Тік бұрышты үшбұрыштың қатеттерінің қосындысы 17-ге, ал гипотенуза 13-ке тең. Катеттерді анықта?
а)12;5 в)13;4 с)10;7 д)5;17
5)34 және 51 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші менең кіші ортақ еселігін тап.
а)17;51 в)17;102 с)34;51 д)51;102
6) «Сықырлауық» сөзінің мағынасы?
а) киіз үй есігі в)киіз үй түндігі с)шанырақ д)бақан
7)Жарықтың таралу жылдамдығы қаңдай?
а)3*10м/сек в)9,8*10м/сек с)3*10м/сек д)9,8*10 м/сек
8)Теңдеуді шеш:log 2

а)8 в)3 с)0,3 д)5
9)Есепте: arcsin (-1/2)
А)П/3 в)-П/6 с)П/6 д)П/4
10)Орыстың атақты жазушысы, университетті физика- математика мамандығы бойынша бітірген оқымысты?
а)Грибоедов А. в)Пушкин А.С. с)Ломоносов д)Ельцин
11.Туындысын тап:
F(x)=sin3x+cos5x
a) sin3x+cos5x c)3cos3x-5sin5x
b) cos5x -sin3x d) cos3x-sin5x

12) «Егеменді Қазақстан» газетінің бұрынғы атауы?
а) «Жас Алаш» в) «Қазақ жері»
с) «Қазақ» д) «Еңбекші қазақ»
13)Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрышты ата?
а)параллелограмм в)трапеция с)ромб
д)тіктөртбұрыш
14)Сұйықтарда немесе газдарда сұйық күштер тудыратын қысым барлық бағытта бірдей беріледі. Кімнің заңы?
а)Паскаль в)Ньютон с)Кьюри д)Лейбниц
15)Әлемдегі алғашқы әйел математик кім?
а)Ковалевская в)Гипатия с)Кьюри д)Матвеева
Ойынды қорытындылау.
Ал,екінші топқа сұрақтар да осындай негізде құрастырылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.