Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Модуль тақырыбын қайталау жаттығулары -

Модуль тақырыбын қайталау жаттығулары

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1887 | Размер: | Автор: гость
. Пәні: математика Күні 23.10. 2015ж 6-сынып, сабақ №46
Сабақтың тақырыбы Модуль тақырыбын қайталау жаттығулары
Мақсаты Қарама – қарсы сандар және санның модулі тақырыптарын қайталау. Алған теориялық білімдерін практикалық әр түрлі тапсырмалар арқылы бекіту.
Жұмыс нәтижесі Қарама – қарсы сандардың қандай сан екенін біледі (барлығы); қарама – қарсы сандарды координаталық түзуде кескіндейді (барлығы); санның абсолют шамасын таба біледі (барлығы).
Дереккөздер Ж.У.Кобдикова, Ш.Қ.Нұрманбетова - Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2015 «Математика» оқулығы
5-11 сыныптарға арналған электрондық оқулық, «Әдістемелік құрал», интернет желісі
Негізгі идеясы Топтық және жұптық жұмыстар арқылы сыныпта ынтымақтастық қалыптасады.
Ресурстар Слайдтар, ауызша және өздік жұмыстарға арналған тапсырмалар, үлестірмелі кеспелер
Қолданылған модульдер ОЖТ(оқытудын жаңа тәсілдері): жұптық, топтық жеке және ұжымдық жұмыс, зерттеушілік әңгіме
АКТ: интерактивті тақта, электрондық оқулық, флипчарт
ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық) таныстырылымды қорғау
ОҮБ: (формативті, сумативті)
Дарынды және талантты балаларды оқыту: Деңгейлік тапсырмалар
СТО: Бүгінгі сабақта менің білгенім...
• Қызықты болғаны...
• Қиын болғаны...
• ... енді мен орындай аламын.
• ... мен жасай алады екенмін.
• Мені таңғалдырғаны...
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту мен оқу.
Үйге тапсырма №144
Сабақтың барысы:
Ойлауды Блум
бойынша жіктеу Тапсырма түрі.
Түрткілер. Нәтиже

Ұйымдастыру
2-мин «Сәлемдесу» жаттығу
Нұсқау: Балалар ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Мен сіздерге бірнеше сурет көрсетемін. Егер суретте «күн» бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдей қараймыз, «алақан» бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз, «жүрек» бейнеленсе, құшақтасамыз.
(Топқа бөліну). Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.

Білу
5 минут
«Миға шабуыл»
o Оң сандар дегеніміз . . .
o Теріс сандар . . .
o Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан.
o Координаталық түзу дегеніміз не?
o Қарама – қарсы сандар дегеніміз?
o Рационал сандар дегеніміз не?
o Санның модулі дегеніміз?
o Теріс санның модулі . . .
Өткен тақырып бойынша білімдері сараланады

Түсіну
10 минут

- Координаталық түзуде бейнеленген нүктелердің координатасын атаңдар.
- Қарама – қарсы бағытта кескінделген нүктелерді атаңдар.
- берілген сандардың ішінен қарама –қарсы жұптарды көрсетіңдер:


Тақырып бойынша мәтінді меңгереді және негізгі идеясын түсінеді



Қолдану
12 минут
1 – тапсырма:
а) Өрнектің мәнін табыңдар:
-(-(-(-1))); -(-(-1)); -(-(-(-(-1))))
б) Өрнектің мәнін табыңдар:
-(-с), егер с=2,3 ; -4¼
-(-(-а)), егер а = -12,3 ; 7½
в) в – санның мәні қандай болады, егер
в – теріс сан;
в=0;
в – оң сан.
2 – тапсырма:
Берілген сандар: 4 және - 4; 94 және - 94; - 42 және 42
Әр санның модулін табыңдар.
|4|=4 және |-4|=4
|94|=94 және |-94|=94
|-42|=42 және |42|=42
Бұл модульдерді салыстырыңдар. Қандай қорытындыға келесіңдер?
3 – тапсырма:
Координаталық түзуде бейнеленген А, В, С, Д нүктелерінің координаталарын тауып, санақ басынан нүктеге дейінгі арақашықтығын модуль арқылы жазыңдар.

|-5|=5
|-2|=2
|3|=3
|5|=5
4 – тапсырма:
Өз беттерімен орындап, көршілеріңе тексертіңдер.
|3,7|=3,7 |315,6|=315,6
|-7,8|=7,8 |0|=0
|-200|=200 |-½|=½
|4¾|=4¾
5 – тапсырма:
Өрнектің мәнін табыңдар:
|-8|-|-5|
|-10|*|-5|
|240|:|-80|
|-710|+|-290|
6 – тапсырма:
Сандарды модулі бойынша өсу ретімен жазыңдар:
6,4; -5,8; 3,9; -7,1; 0
0; 3,9; -5,8; 6,4; -7,1
Сандарды модулі бойынша кему ретімен жазыңдар:
7,3; -4,5; 5,9; -8,1; 0
-8,1; 7,3; 5,9; -4,5; 0

Алған білімін практика жүзінде қолдана алады.


Талдау
4 минут

Оң, теріс сандардың, нөл санының модульдерін салыстырып, ұқсастығы мен ерекшеліктерін жазыңдар.
Сыни ойлайды, салыстыра алады



Жинақтау
5 мин Берілген тірек сызбаны сабақта алған білімдеріңді негізге ала отырып жалғастырып, толтырыңдар.

плйрпол


Ойларын жинақтай алады


Рефлексия
2 мин Сабақтағы өз әрекетіңді бағала. Өз бағаңды төменде беріліп тұрған сөйлемнен баста.
• Бүгінгі сабақта менің білгенім...
• Қызықты болғаны...
• Қиын болғаны...
• ... енді мен орындай аламын.
• ... мен жасай алады екенмін.
• Мені таңғалдырғаны... Ойланып шешім қабылдайды, ізденеді.

Бағалау
5 минут Формативті бағалаулар және әр оқушы өзін-өзі бағалайды
5 - Тақырыпты өте жақсы меңгердім.
4 - Әлі де үйреніп жұмыс жасауым қажет.
3 - Бұл тақырып бойынша көп жұмыс жасауым қажет.
Өздеріне сыни көзқараста қарап, өзін-өзі бағалауға дағдыланады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.