.
.
7 қазақ сыныбы. Алгебра пәні Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері.
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 276 | Просмотров: 3427 | Размер: 18.8 Kb | Автор: araiСабақтың тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
Натурал көрсеткішті дәреже ұғымын меңгеру
Білік дағдыларын жетілдіру, өз бетімен ойлау қабілетін дамыту
Еліміздің мақтанышы Астана бас қала туралы,гүлденуіне өз үлестерін қосуға мүмкіншіліктерінің бар екендігін түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интер белсенді тақта ,флипчарт , деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың типі: жаңа білім игеру сабағы.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушыларды түгендеу;
- Қане оқушылар өзіміздің тапқырлығымыз бен жылдамдығымызды бір дәлелдеп көрейікші!
Сөз жұмбақ шешіледі
к е с і н д І
ә с е Л
ш а р ш Ы
к ө б е й т у
ж и ы н
т е ң д е у
Оқушылар сендер қалай ойлайсыңдар неліктен мен «Дәреже» сөзін жасырдым?
Бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері.
Мақсатсыз адам қанатсыз құспен тең , олай болса әрқайсыларың бүгінгі сабаққа өз мақсаттарыңды қойып, дәптерлеріңе жазып қойыңдар.
Олай болса сол қойылған мақсатымызға жетуге әрекет жасайық
ІІ. Негізгі бөлім
жаңа білім игеруге даярлық:
жаңа білім беру
1.Мысалдар қарастыру
а∙а∙а…∙а=а^n (оқушылар тірек білімі негізінде ойларын түйіндеп, дәреже анықтамасын тұжырымдайды)
2. ауызша теориялық сұрақ-жауап:
3 санының өзіне-өзінің көбейтіндісін он рет қалай жазу тиімді?
Көбейтіндіні дәреже түрінде жазудың қажеттілігі және тиімділігі неде?
3. Жаңа білімді бекіту:
Өсе бер, өрлей бер Астана!
Алғырлар және Зеректер болып екі топқа бөліне қалыңдар. Оқушылар Астананың өсіп өркеуіне ,сендердің де қосатын мүмкіншіліктерің үлестерің зор. Осы Астанадағы биік-биік зәулім үйлерді салғандар ,бір күнде сендер сияқты партада отырған оқушылар. Олар білім шыңына жетіп , шыңдалып Астанамызды көркейтуде.Енді қазір бізде Астанамыздың төрінен өз зәулім үйлерімізді салып көрейік! (Ойын барысы түсіндіріледі.)
Сергіту сәті.
Деңгейлік тапсырмалар орындау .
Деңгейлік тапсырмалар.
Есепте.
25; (-5)4 ; (-6)3 ;
(-34/5) 4; -(36/7) 4
2. Өрнектің мәнін тап.
А) (0,61*5а3-15)2, мұндағы а=2
Ә) 0,3а2, мұндағы а=-18
3. А) п-нің қандай мәнінде 3п∙2п+2=864 теңдігі тура болады?
Ә)Алғашқы арифметикалық төрт амалды қолданбай, 2 цифрын үш рет пайдаланып 16 санын жаз.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Оқушыларға сұрақ
Дәреже дегенді қалай түсінесіңдер?
Мысал келтір.
Оқушылар сонымен қойған мақсатымызға жеттікпе ?
Енді оқушылар бүгінгі сабақ бойынша әркім өз ойын, тілегін жеткізуге болады.Слайд арқылы сабақтан түсінген ойларын және Астана қаласына қосатын өз үлестерін айту
Бағалау
Мұғалімнің қорытындысы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.