.
.
Оқушыларға геометрия пәнін оқу қажеттілігін ұғындыру Оқушыларға геометрия пәнін оқу қажеттілігін ұғындыру
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1210 | Размер: | Автор: araiБайбосынова Р.Ж.
математика пәнінің мұғалімі
Меркі ауданы №18 А.Қосанұлы
атындағы тірек мектебі
Бүгінгі таңда заман талабына сай білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі.Көптеген жаңа технологиялар ендірілуде.
Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады.
Әр мұғалімнің басты міндеті – жан-жақты дамыған, өз білімін өмірде қолдана алатын, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Қазіргі кезде оқушылардың білімге деген зейіндерін,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін көптеген жұмыстар ұйымдастырылады.
Математикака бұл өте күрделі пән, бұл пән, жаратылыстану пәндерімен тығыз байланысты. Оқушылардың әр тақырыпты меңгеруі әр түрлі деңгейде болады. Сол себепті жұптық, топтық жұмыс бұл пәнге сай келеді. Сабақта есепті шешудің әр түрлі тәсілдерін пайдаланғанда жақсы нәтижеге қол жеткізуге, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болатыны сөзсіз. Өзімнің дәріс беру жағдайында оқушыларға әсер еткен жұмыс түрлеріне тоқталайын.
7-сынып оқушылары геометрия пәнін жаңадан бастағанда оларға осы пәннің өмірге өте қажеттілігін түсіндірген жөн. Осы орайда ежелгі грек философы Платонның өзінің мектебінің кіре берісіне «Геометрияны білмейтін адам бұл үйге кірмей-ақ қойсын» деп жазып қойғандығы туралы айтып, оларға сен тұрған еден, отырған орындық, алдыңдағы үстел мен тақта, тіпті дәптер мен күнделік –бұл геометрияның негізгі ұғымы жазықтықты беретініне назар аудартасың. Балада бұл пәнді оқу керек екен деген ой туындайды.
Геометриядан біз сан алуан білім аламыз, оның табиғатпен тығыз байланысын көреміз. «Бұрыш.Бұрыштың түрлері» тақырыбын өткен кезде балаларға тырналардың бұрыш жасай ұшатынын, ағаштың жермен тік бұрыш жасап өсетінін айта кетеміз. Осы орайда "Ой қозғау" жұмысында төмендегі тапсырмаға назар аударамын:
Жұмбақ:
1) Санасаң бір үйде төртеу бар,
Қаласаң, аузыңды өртейтін нәр. /бұрыш/
Сұрақ:
2) Балаларды "жазалайтын"фигура? /бұрыш/
Логикалық тапсырма:
3) Үшбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? /4 бұрыш/
Геометриялық фигуралармен танысқанда оқушылармен «Сиқырлы көзілдірік» ойынын ойнатамын. Балаларға елестете отырып, көзімізге сиқырлы көзілдірікті киеміз. Бірінші көзілдірігіміз дөңгелек, оны кигенімізде біз жан - жағымыздан тек қана дөңгелек пішінді заттарды табамыз. Мысалы: тир,сағат беті, гүл салатын ыдыстың түбі,шаңырақ т. Б. Екінші көзілдірік - төрт бұрышты. Оны киіп жан - жағымызға қараймыз, төртбұрышты пішінді бұйымдарды айтамыз. Мысалы: қабырға, сөмке, кітап, терезе, есік, т. б. Бұл көзілдірікті шешіп, үшіншісін киеміз. Оның көздері үшбұрышты екен. Қиялымызда сыныптан шығып қоршаған ортадан іздеп көрейік: Үйдің шатыры, құстың тұмсығы,таудың басы т. б.
«Табиғаттың кейбір құбылыстарын қандай шартты белгілермен белгілесек болады?», -деген сұрақ қоя отыра олардың ойлау қабілетін арттырамын.Мысалы,алынған жауаптың бірі:
күн-дөңгелек, найзағай-қисық сызық,жаңбыр-нүктелер, аспандағы жұлдыздар-нүктелер,мұз-үшбұрыш,дала-жазықтық т.б.
Оқушылардың математикаға деген танымын, ынтасын арттыру жолдарының бірі – сабақ барысында оның тәжірибелік және қолданбалы рөлін ашып көрсету.Сондықтан жаңа тақырып өткенде, теореманы дәлелдеу кезінде немесе есеп шығару барысында әрқашанда өмірмен байланыстырып отырған жөн. Өтіп жатқан жаңа тақырыпты оқушыларға мұндай жолдармен таныстыру олардың теориялық материалдың мағынасын терең түсініп, танымдылық өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.