Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ойнайық та, ойлайық!» -

«Ойнайық та, ойлайық!»

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 285 | Просмотров: 1697 | Размер: 90.0 Kb | Автор: arai
. Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық!»
Мақсаты: а) Оқушылардың ауызша,жазбаша есептеу қабілетін ойын арқылы
жетілдіре отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру.
ә) Оқушылардың қисын ,есте сақтау,ұйымдастыру, оперативтік ойлау
қабілеттерін дамыту
б)Ұйымшылдыққа,жауапкершілікке,байқампаздыққа,еңбекқорлыққа
тәрбиелеу.
Түрі: топтық сайыс
Көрнекілігі:интерактивтік тақта,үлестірмелі тапсырмалар,сандар.

Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру сәті.
II.Негізгі бөлім
1-жүргізуші:Тынышталып тыңдаңдар!
Асығыстық қылмаңдар!
Ал отырған жарандар
Назар салып қараңдар,
Көргендер де арманда,
Көрмеген де арманда,
Босқа қарап жүргенше
Қызықтан құр қалмаңдар
Сәт те туды жұлдызды
Математикалық ойынға
Шақырамыз ұл-қызды.
2- жүргізуші:Қош келіпсіздер, мына ойынға барша қауымым!
Аңсайсыздар ма,жаздың жемісін,қарбыз-қауынын?
Ол күнге жету,сірә, жолдастар ерте емес пе?
Ойын жарыспен өткізейік біз қыстың аязын!
1-жүргізуші: Үшбұрыштар,шаршы менен көпбұрыштар
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді,көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
2- жүргізуші:Өмірде ойлап тұрсаң,бәрі де есеп
Ауырсаң,іше тұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек,- деп бүгінгі сайысымыздың шартымен таныстыру үшін сөз Ақтоты Шүренқызына беріледі.(мұғалім сайыстың шарты мен тәртібін түсіндіреді.)
Сайыстың кезеңдері:I.Сәлемдесу
II.Жұмбақтар әлемі
III.Қисын
IV.Кім жылдам?
V.Сөзжұмбақ шешу
VI.Бәйге(топ басшылар сайысы)

I.Сәлемдесу(үш топ сәлемдесулерін айтады)
Шаршы тобы:Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,
Жалындаған балдырғанбыз көктембіз,
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз,
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
Шаршы тобынан қарсыластарға жалынды сәлем!
Ұранымыз: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
Үшбұрыштар тобы: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әр дайын
Кластас ерігіп жүрме бос,
Қол ұстасып бірігіп тізе қос.
Жеңіс пен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық!
Ұранымыз:Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Көпбұрыштар тобы:Құлақ түріп тыңдаңыздар жарандар,
Кеудемізде толқындаған жыр ән бар,
Біз ешкімге қолдан жеңіс бермейміз,
Тобымыздың бәрі алғыр қырандар.
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз,
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
Ұранымыз: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста,
Алғырлықпен аламыз.
II.Жұмбақтар әлемі (әр топқа 3жұмбақтан)
1.Әр күн сайын жыртылдық
Өміріміз бір жылдық.
2.Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады.
3.Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
4.Қос құлақты жүз тісті,
Жүзінен бір ақ із түсті.
5.Екі қатар тал шыбық,
Күндіз алыстайды,қабыспайды.
Түнде қабысады,жабыспайды.
6.Қос сүрлеу бар жолымда,
Екі қамшым қолымда
Міндім де екі арғымақ,
Таудан түстім қарғып-ақ.
7.Жаңылмастан жетеуі
Кезек қызмет етеді.
8.Алды артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге
Сәуле менен кесінді,
Шыққан еді біздерден.
9.Бұл-бұлдың екі құлақ,бір басы бар,
Салдырған сегіз жерден таңбасы бар.
Бұл-бұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
III. Қисын
1.Қатар тұрған үш санның қосындысы да ,көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан?
2.Екі санның қосындысы 8-ге тең,айырмасы 2-ге тең,көбейтіндісі 15-ке тең қандай сан?
3.Алматыдан Астанаға барарда ұшақ 1сағ 30 мин ұшады,ал қайтарда Астанадан Алматыға дейін 90 мин ұшады.Неге?
4.Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды.Олардың қаншасы қалды.
5.Әкесі баласынан 25 жас үлкен,неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады.
6.Цифрларының қосындысы 2-ге тең болатын бес таңбалы қанша сан бар?
7.1т мақта ауыр ма,әлде 10ц темір ауыр ма?
8.Электр поезы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты.Ол сағатына 60 км жылдамдықпен жол жүрді.Сол кезде жел шығыстан батысқа қарай соғып тұрды.Жел
поездың түтінің қай жаққа қарай айдап әкетті?
9.а)Кез-келген бағандағы санның қосындысы 30-ға тең болатындай етіп тор көзді толтыр.Ол үшін мына сандарды пайдалан:2,4,6,8,12,14,16,18.


10


ә): Кез-келген бағандағы санның қосындысы 24-ке тең болатындай етіп тор көзді толтыр.Ол үшін мына сандарды пайдалан: 4,6,7,9,10,11,12.


8
5

б) Кез-келген бағандағы санның қосындысы 15-ке тең болатындай етіп тор көзді толтыр.Ол үшін мына сандарды пайдалан:1,4,6,7,8,9.


5 3
2

IV.Кім жылдам?( Әр топ өз мүмкіндігіне келетін есептерді таңдап алып,шығарады.Дұрыс жауапқа 1балл беріледі)
ТКШ АКШ ЖКШ
215*20= 545*20= 789*30=
512*200= 235*80= 567*20=
5025*30= 125*20= 657*30=
415*20= 5468*30= 5767*200=
521*40= 3456*40= 5566*300=
4545*20= 5129*200= 6556*400=
5444*200= 8976*300= 5555*200=
4345*30= 91125*20= 9876*500=
2451*300= 12345*300= 8567*60=
3125*500= 41682*500= 6555*200=
V «Сөзжұмбақ» (Үй тапсырмасы ретінде әр топ cөзжұмбақ дайындайды да қарсыластарына береді.)
VI. «Бәйге»топ басшылар сайысы
Сұрақтар:1.Қандай сан барлық санға бөлінеді?
2.Үш пар ат 50км шапса олардың әрқайсысы қанша км шабады?
3. Қандай түзу қиылыспайды ?
4. Қандай түзу қиылысады ?
5.12 айдың ішінде 28 саны қай айда кездеседі?
6.Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
7.Қабырғасы 5см шаршының ауданы неше см2
8.Фигураның көлемін қалай табамыз ?
9.Адамның мүшел жастарын атап шық.
10.100 жылдың басқа атауы.
11.Тәуліктің 4\1 бөлігі неше сағ.
12.Бойы екі қарыс сиып тұр сол бойға 25-30 арыс.Ол не?
13.Қазақтың үш биін ата.
14.9 санының квадраты нешеге тең?
15.66 санын ешбір амал қолданбай оның жартысына арттыр.Шыққан санды
көрсет.
VII.Қорытындылау.
1-жүргізуші:Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сарапшылар сіздерге сөз береміз,
Жеңімпаздар кім болып сарапталды?( Оқушыларды марапаттау)
2- жүргізуші:Көңіл бөліп бұл кешке ,
Келгендерге көп рахмет.
Біздерге келген көрерменге
Мың рахмет,мың рахмет!

Жауаптары:
II.Жұмбақтар әлемі (әр топқа 3жұмбақтан)
1.Әр күн сайын жыртылдық
Өміріміз бір жылдық.(Күнтізбе)
2.Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады.(Күнделік)
3.Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.( Киіз үй)
4.Қос құлақты жүз тісті,
Жүзінен бір ақ із түсті.(Ара)
5.Екі қатар тал шыбық,
Күндіз алыстайды,қабыспайды.
Түнде қабысады,жабыспайды.(Кірпік)
6.Қос сүрлеу бар жолымда,
Екі қамшым қолымда
Міндім де екі арғымақ,
Таудан түстім қарғып-ақ.(Шаңғы)
7.Жаңылмастан жетеуі
Кезек қызмет етеді.Апта
8.Алды артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге
Сәуле менен кесінді,
Шыққан еді біздерден. (Түзу)
9.Бұл-бұлдың екі құлақ,бір басы бар,
Салдырған сегіз жерден таңбасы бар.
Бұл-бұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар. (Домбыра)
III. Қисын
1.Қатар тұрған үш санның қосындысы да ,көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан?(1,2,3)
2.Екі санның қосындысы 8-ге тең,айырмасы 2-ге тең,көбейтіндісі 15-ке тең қандай сан? (3,5)
3.Алматыдан Астанаға барарда ұшақ 1сағ 30 мин ұшады,ал қайтарда Астанадан Алматыға дейін 90 мин ұшады.Неге? (бірдей)
4.Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды.Олардың қаншасы қалды. (түйеқұс ұша алмайды)
5.Әкесі баласынан 25 жас үлкен,неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады. (ешқашан,себебі жас аралығы өзгермейді.)
6.Цифрларының қосындысы 2-ге тең болатын бес таңбалы қанша сан бар?
7.1т мақта ауыр ма,әлде 10ц темір ауыр ма? (бірдей)
8.Электр поезы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты.Ол сағатына 60 км жылдамдықпен жол жүрді.Сол кезде жел шығыстан батысқа қарай соғып тұрды.Жел
поездың түтінің қай жаққа қарай айдап әкетті? (Электр поезында түтін болмайды.)
9.а)Кез-келген бағандағы санның қосындысы 30-ға тең болатындай етіп тор көзді толтыр.Ол үшін мына сандарды пайдалан:2,4,6,8,12,14,16,18.

12 2 16
14 10 6
4 18 8

ә): Кез-келген бағандағы санның қосындысы 24-ке тең болатындай етіп тор көзді толтыр.Ол үшін мына сандарды пайдалан: 4,6,7,9,10,11,12.

11 4 9
6 8 10
7 12 5

б) Кез-келген бағандағы санның қосындысы 15-ке тең болатындай етіп тор көзді толтыр.Ол үшін мына сандарды пайдалан:1,4,6,7,8,9.

6 1 8
7 5 3
2 9 4

IV.Кім жылдам?
ТКШ АКШ ЖКШ
215*20=4300 545*20=10900 789*30=23670
512*200=102400 235*80=18800 567*20=11340
5025*30=150750 125*20=2500 657*30=19710
415*20=8300 5468*30=164040 5767*200=1153400
521*40=20840 3456*40=138240 5566*300=1669800
4545*20=90900 5129*200=1025800 6556*400=2622400
5444*200=1088800 8976*300=24292800 5555*200=1111000
4345*30=130350 91125*20=1822500 9876*500=4938000
2451*300=735300 12345*300=3703500 8567*60=514020
3125*500=1562500 41682*500=20841000 6555*200=1311000
V.Сөзжұмбақ (Үй тапсырмасы ретінде әр топ дайындайды да қарсыластарына береді.)
VI. «Бәйге»топ басшылар сайысы
Сұрақтар:1.Қандай сан барлық санға бөлінеді?(0)
2.Үш пар ат 50км шапса олардың әрқайсысы қанша км шабады? (50)
3. Қандай түзу қиылыспайды ? (параллель)
4. Қандай түзу қиылысады ? (перпендикуляр)
5.12 айдың ішінде 28 саны қай айда кездеседі? (барлық)
6.Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (а+в).2
7.Қабырғасы 5см шаршының ауданы неше см2(25см2)
8.Фигураның көлемін қалай табамыз ? (v=а.в.с)
9.Адамның мүшел жастарын атап шық. ?(13,25,37,49,62....)
10.100 жылдың басқа атауы. (ғасыр)
11.Тәуліктің 4\1 бөлігі неше сағ?(6сағ).
12.Бойы екі қарыс сиып тұр сол бойға 25-30 арыс.Ол не? (сызғыш)
13.Қазақтың үш биін ата. (Төле би,Әйтеке би, Қазыбек би)
14.9 санының квадраты нешеге тең? (81)
15.66 санын ешбір амал қолданбай оның жартысына арттыр.Шыққан санды
көрсет. (99,жазылған санды аударып көрсету)
VII.Қорытындылау.
1-жүргізуші:Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сарапшылар сіздерге сөз береміз,
Жеңімпаздар кім болып сарапталды?( Оқушыларды марапаттау)
2- жүргізуші:Көңіл бөліп бұл кешке ,
Келгендерге көп рахмет.
Біздерге келген көрерменге
Мың рахмет,мың рахмет!
1-жүргізуші: Көрермен жиналған тамашаға
Құр қарап отыру жараса ма
Туыс,досқа,кластас,танысқа емес
Соқ қолыңды бүгінгі жеңімпазға!
2- жүргізуші:Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды
Ал қазір әділ қазылар сөз алады
Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап,
Мақтау қағаз,сыйлықтарын тапсырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.