Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ондық бөлшектер. -

Ондық бөлшектер.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 270 | Просмотров: 1785 | Размер: 54.5 Kb | Автор: arai
. Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Жалпы білім беретін Амангелді орта мектеп-балабақшасы
Математика пәнінің мұғалімі Сыйхова Нурзия Урингалиевна
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты – оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана бала оған көңіл қойып тындап, терендете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.Осындай ұйымдастырылған 5 сыныптағы «Ондық бөлшектер» тақырыбы бойынша қорытындылау сабағын ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу жөніндегі білімдерін тиянақтау, толықтыру бекіту. Оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту. Пәнге қызығұшылығын арттыру. Оқушыларды шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы тірек сызбалар, карточкалар.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Топтарға бөлу
ІІІ. Шапшаңдық сайысы
ІV. «Лото»ойыны. Сергіту сәті
V. Капитандар сайысы
VІ. Сабақты бекіту
VІІ .Үй тапсырмасы, бағалау, қорытындылау.
Тақтаға: Білекті бірді жығады,
Білімді мынды жығады. (Халық мақалы)

Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек.
М.В.Ломоносов.
ІІ. Команданың атын таңдау үшін бір бетінде әріп, екінші бетінде тапсырма жазылған карточкалар таратылды. Есептің жауабына сәйкес кестені толтырса ұлы ғалымдардың аты шығады. Сол команданың аты болады.
1- слайд
І топ ІІ топ
Д. 0,25+0,46=0,71 И. 0,35+0,8=1,15
А. 13,123+5,024=18,147 Г. 2,7075+0,93=3,6375
М. 38,4+2,06778=40,46778 П. 25,189+4,029=29,218
Х. 0,83+1,6079=2,4379 Р. 49,7-3,6=46,1
Р. 5,607-0,193=5,414 О. 3,508+0,275=3,783
И. 9,004+13,8=22,804 Ф. 17,5-8,005=9,495
Е. 47,749-0,251=47,498 А. 0,572+49,872=50,444

18,147 5,414 2,4379 22,804 40,46778 47,498 0,71
А Р Х И М Е Д

29,218 1,15 9,495 50,444 3,6375 3,783 46,1
П И Ф А Г О Р
ІІІ. Шапшандық сайысы: Мұнда екі топқа да жеңілдіктері бірдей есептер беріліп, уақыт есептелінеді.
2-слайд
Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып есепте:
І топ ІІ топ
а) 7,23+ а) 19,3+
ә) 8,65- ә) 21,05-
Ондық бөлшекпен есепте:
а) а)

ә) 7,39* ә) 7,3*

ІV. «Лото»ойыны. Сергіту сәті
Қалын картоннан жасалған тік төртбұрыш 6 торкөзге бөлінген, торкөздерге карточкалардағы мысалдардың жауаптары жазылған. Оқушылар карточкаларды кезекпен алып, онда жазылған мысалдар шығарады. Жауабы дұрыс келген карточкамен сол жауап тұрған торкөзді жабады, осы әдіспен қай команда торкөзді карточкамен толтырса сол жеңеді.
І топ
8,9+3,14 0,7*40 1,96:0,04
5,03-1,47 28,3:100 6,25*0,01
Жауаптары
12,04 28 49
3,56 0,283 0,0625

ІІ топ
9,8+32,5 3,6*70 12,6:0,042
65,1-49,08 14,2:10 4,9*0,1
Жауаптары
42,3 252 300
16,02 1,42 0,49
V. Капитандар сайысы
Тендік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтір қой.
І топ ІІ топ
а) 503+147=65 а) 83+388=8688
ә) 687-91=596 ә) 5056-4396=66
VІ. Сабақты бекіту. (Венн диаграммасы)
3-слайд

Сабақты бекіту үшін Венн диаграмасын қолданамыз.
VІІ .Үй тапсырмасы, бағалау, қорытындылау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.