Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ондық бөлшектерді қосу -

Ондық бөлшектерді қосу

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1549 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Lesson Study дегеніміз не?
Оны не үшін пайдалануға болады?
Үдерістің кезеңдері қандай?

Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс әрекеттегі зерттеу.Ол бірнеше циклді қамтиды ең бастысы «сабақты зерттеу » немесе «сабақты зерделеу»болып табылады.
Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімі мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде яғни негізгі кәсіби қауымдастық құрұ және желілік қоғамдастық құру.
Силастық қарым- қатынаста топ құрады.
Жоспар құру.
Зерттеу обьектісін анықтау.
Дерек көздерін тиімді пайдалану, қорыту.
Бақылауға алынатын сыныптар және оқушылар.
Зерттеу сабағын жоспарлау нәтижесін қадағалау.
Мұғалім мен оқушы , мұғалім мен мұғалім сұхбаты.
Талқылау:
а)бақылаудағы оқушыларды қадағалау және айырмашылықтарды анықтау.
ә)сыныптың тұтастай оқытылуы
б)зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі
в)келесі зерттеу сабағының мақсатын белгілеу
Топпен бірлескен келесі L.S. сабағын жоспарлау.



Талқылау барысында жазба жүргізуге арналған кесте
Сабақ қорытындысы бойынша талқылауларды жазу
Бақылаудағы А оқушы Бақылаудағы B оқушы Бақылаудағы C оқушы
Оқушының әрқайсысы қандай прогреске қол жеткізді? Ол жеткілікті болды ма? Олардың сыныптарындағы басқа оқушылар қандай нәтиже көрсетеді?
Енгізіліп жатқан әдіс қалай көмектесті немесе кедергі келтірді (екеуі де болуы ықтимал)?
Қандай тосын оқиғалар болды?


Әр оқушының нәтижесін жақсарту үшін келесі жолы әдістеменің қандай аспекті(лері) түзетілуі керек?




Келесі жолы біз не істеуге тырысуымыз керек?



Сабақты жоспарлау, бақылау және талқылау кестесі
Пән: Сабақтың тақырыбы: Мұғалім/бақылаушы:

Осы Lesson Study-дегі оқу мақсаты қандай (ол тізбектелген сабақтар топтамасының бір бөлігі болуы мүмкін).
Осы Lesson Study-де қандай әдістемені жетілдіруді/әзірлеуді мақсат етіп қойдыңыз?
Ағымдағы жетістіктер мен табыс критерийлері
Олардан сабақ соңында белгілі бір аспекті бойынша қандай нәтиже күтетініңізді сипаттаңыз. Бақылаудағы А оқушы...................... Осы оқушыға арналған табыс критерийлері Бақылаудағы В оқушы ..................... Осы оқушыға арналған табыс критерийлері Бақылаудағы С оқушы ..................... Осы оқушыға арналған табыс критерийлері
Тізбектелген сабақтар топтамасының кезеңі А оқушы(лар) қалай жауап береді деп күтесіз Жауап беру кезінде ол(ар) қалай бақыланды В оқушы(лар) қалай жауап береді деп күтесіз Жауап беру кезінде ол(ар) қалай бақыланды С оқушы(лар) қалай жауап береді деп күтесіз Жауап беру кезінде ол(ар) қалай бақыланды Мысалдар / сұрақтар
Кезең ...
(шамамен жұмсалатын уақыт)
Кезең...
(шамамен жұмсалатын уақыт)
Қорытынды кезең ...
(шамамен жұмсалатын уақыт)
Оқушылар нені істей алды? (Олар қандай нәтижелерге жетті және оның қандай дәлелдері бар?)
Алғашқы ойлар



Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Сарыөзек орта мектебі - шағын орталық
Математика, 5 - сынып
Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Математика пән мұғалімі: Бейбитбаева Арайлым Ертаевна
КОУЧ тәлімгер қазақ тілімі мен қазақ әдебиет мұғалімі:
Өзбекова Қамар Әділгазиновна
2013-2014 оқу жылы

Оқыту/ оқытудағы тәсіл «Бірлесіп ойлау»мақсатында оқушылар арасында қарым қатынасты ынталандыру үшін топтық жұмысты пайдаланамыз

Тақырыбы Ондық бөлшектерді қосу
Күні 19.02.14 ж
Оқытудың нақты нәтижесі Ондық бөлшетер тақырыбы туралы білімдерін тереңдету, мысалдар шығару арқылы қосу амалын үйрену, алғант білімдерін жүйелеу, бекіту
Оқушылар үшін оқу нәтижелері(А) Ондық бөлшектерді қосу аламын түсіну, мысалдарды өз еркімен шығару, өз ойны толық жеткізеді, деңгейлік тапсырманың барлығын орындау
Оқушылар үшін оқу нәтижелері(В) Ондық бөлшектерді қосу аламын түсіну, мысалдарды өз шығару, өз ойын толық жеткізеді (біраз мұғалімнің көмегін қажет етеді)
Оқушылар үшін оқу нәтижелері(С) Ондық бөлшектерді қосу аламын түсіну, мысалдарды шығару, өз ойны жеткізуде мұғалімнің жетекші сұрақтарына жүгінеді
Бағалау критериилері қызыл- маған көмек керек, жасыл- мен жақсы білемін, сары- мен жартылай білемін (бағдаршам арқылы)
Оқытудың әдістері БҮҮ кестесі, миға шабуыл, бірлесе оқу, талқылау, академиялық дау-дамай, жас ерекшеліктері бойынша әдіс
Қолданылатын материалдар Плакаттар, кесте, үлестірмелі дидактикалық материалдар.

Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар Саған сабақта бәрінен де не ұнады?
Сен нені үйрендің?Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың?
Нені жақсырақ істей аласың? Қаншалықты жақсы?
Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?
Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізетін болса, нені өзгертер едің?Неліктен бұл бөлігін өзгертер едің?


Сабақтың барысы

1)Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық сәт
-Қайырлы күн, әр қашан күн сөнбесін,
Күн нұрындай жылуын төге берсін.
Күндей жарық көңілді күй кешейік,
Бәріміз дос болып бөлісейік.
2)Үй тапсырмасын тексеру
І. Сұрақ – жауап:
1. Сандар қалай бөлінеді?
2. Ондық бөлшек дегеніміз не?
4. сандарды салыстырыңдар

ІІ. «ББҮ» кестесі қолданылады.
Оқушы Мұғалім
Оқушылар кестенің «білемін», «білгім келеді» бөлігін бірлесіп, пікірлесе отырып толтырады. Оқушылардан сұрай отырып тақтадағы кестенің «білемін», «білгім келеді» бөлігін толтырып шығамын.
БҮҮ кестесі
Білемін Үйрендім Үйренгім келеді


3) Жаңа сабақ
І. Мақсат қою
1.Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
2.Сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Топқа бөлу.
Оқушы Мұғалім
Оқушылар конвертті ашып, жетондарды бөліп алады да, өз топтарын тауып отырады. Алған тапсырмаларынан жетондарын қойып, гүлдің суретін құрайды 1. Әртүрлі 4 конверттің ішінде натурал сан, ондық бөлшек, аралас сан, дұрыс бөлшек жазылған жетондар бар, топта отырған оқушылар конвертті таңдайды, таңдаған конверт терін беремін.
2. Құралған гүлдің суретіне
қарап, орындарын дұрыс тап-
қандығын байқаймын.
ІІІ. Мағынаны тану, ажырату кезеңі
Оқушыларға мысалдар таратылады. «Бірлесе оқу» стратегиясы бойынша мысалдарды оқып талқылап, ережесін қорытып шығарады.
Мұғалім оқушылардың мысалдарды оқып, талдап, бір-біріне белсенді түрде түсіндіруіне бақылау жасайды, жандарына барып кейбір топтарды тыңдайды.
1-мысал: 2,12 2) 34,683 3) 5,243
+ 3,75 8,564 76,400
5,87 43,247 81,643
Академиялық дау-дамай стратегиясы бойынша оқығандарын оқушыларға түсіндіріп, бір топ қорғайды.

Оқушылар Мұғалім
Бір топты өздері таңдайды, таңдаған топтың оқушылары, мысалдардың шығарылуына түсінік береді, сұрақтарға жауап қайтарады. Толықтырулар, түзетулер енгізеді.

Ондық бөлшектер қалай қосылады?
Ондық таңбаларының саны әр түрлі ондық бөлшектерді қалай қосады?
Ондық бөлшектерді қосуда қосудың қандай қасиеттері орындалады?
Тарих деректері: «Ондық бөлшектердегі үтірдің пайда болуы»
15 ғасырда Самарканд қаласында тұрған математик және астролог Масуд Аль-Каши «Арифметикаға кілт» (1427 жылы) атты еңбегінде ондық бөлшектерге аламдар қолдану туралы жазады. Ол еңбекте ондық бөлшек сандарды қызыл сиямен немесе таяқшалар арқылы бөліп отырған. Мысалы: 8,6 санын 86 немесе 8 / 6.
ал, үтір қоюды 17 ғасырда орыс ғалымы Леонти Филиппович Магницкий ойлап тапты.
4) Бекіту кезеңі:
№ 1 есептеңдер
1) 0,07 9,02 18,36
+13,23 +4,28 +7,14
=13,3; =13,3; =25,5;

2) 85,07 25,6 56
+3,03 +0,41 +0,37
=88,1; =25,46; =56,37;

3) 9,2 0,1 6,3
+3,3 +9,9 +2,5
+1,6 +1,5 +0,7
=14,1; =11,5; =9,5.

№2 Схеманы толтыр

+ 1,3 +0,8 + 3,45 +1,95
0,5

3) сергіту сәті

№3. Сызбада тек дұрыс теңдіктерді өткізетін құралғы. Жоғарыдан төменге дұрыс теңдіктердің әріптерін жазып шық. Қандай сөз шығады



И. 3,89+0,256=
К. 0,256+3,146=
Н. 1,003+5,21=
Г. 5,21+6,213=
У. 2,03+13,137=
А. 14,211+5,08=
Р. 11,107+2,03=

4,146 11,423 13,137 15,167 6,213 3,402 19,292
И Г Р У Н К А

Шыққан ат дүниедегі ең күшкентай маймылдың аты. (ИГРУНКА) оның салмағы 0,05 кг, ұзындығы 0,23 м. Олай болса табиғаттағы әрбір нәрсе математикамен байланысы бар.



№ 4. Кестені толтыр:
+ 0,6 5,13 12,4
7,8 8,4 12,93 20,2
10,6 11,2 15,73 23
1,33 1,93 5,73 13

№ 957 өрнекті ықшамдаңдар
2)4,2x+5,3y+2,6y+1,8x=(4,2x+1,8x)+(5,3y+2,6y)=6x+7,9y;
4)12,75a+1,85b+9,55a+3,5b=(12,75a+9,55a)+(1,85b+3,5b)=22,3a+5,35b.

№ 958 Астанадан 85,3 км/сағ жылдамдықпен бір поезд шықты.
Сол уақытта оған қарсы Көкшетаудан 76,8 км/сағ жылдамдықпен
екінші поезд шықты. Олардың арақашықтығы бір сағатта қаншаға
кемиді?
Шешуі:
85,3+76,8=162,1.
№5 нүктенің орнына тиісті санды қой
3,218 2) 19,155
+ 6,781 +3,326
9,999 22,481

4) 8,378 3) 5,589
+0,867 +3,495
9,245 9,084

№ 969
6) 27 7/50+2,36+41/2=27,14+2,36+4,5=34;
7) 1 3/20+6,17+0,68=1,15+6,17+0,68=8;
8) 2 2/25+0,6+37/20=2,08+0,6+3,35=6,03;
9) 6 3/8+9,125+0,54=6,375+9,125+0,54=16,04.

№6 Өзіндік жұмыс
Н – 1 Н – 2

1. Есептеңдер:
9,7 + 0,1 8,5 + 0,2
а) 1,6 б) 9,8 в) 5,3 а) 1,4 б) 5,2 в) 8,7
2. Салыстыр:
19,6 и 15,4 + 2,3 16,3 и 14,5 + 2,1
а) < б) > в) = а) > б) = в) <

3. Теңдеуді шешіңдер:
х - 6,3 = 9,8 х - 2,3 = 7,4
а) 1,75 б) 4,38 в) 16,1 а) 18,1 б) 9,7 в) 9,3
4. Мәселе есеп
I жәшікте - 10,6 кг конфет I жәшікте - 8,3 кг алмұрт
ал II жәшікте – ? 3,2 кг көп II жәшәкте - ? 1,6 кг көп
а) 13,8 б) 1,8 в) 5,4 а) 3,9 б) 1,3 в) 9,9

Қорытындылау: рефлексия
Білемін Үйрендім Үйренгім келеді


Бағалау:
Қызыл- маған көмек керек, жасыл- мен жақсы білемін, сары- мен жартылай білемін (бағдаршам арқылы)
Үй жұмысы: №953, №956, №969

Тексерілді:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.