Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Озық  ойлы дарындылар -

Озық ойлы дарындылар

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 330 | Просмотров: 2270 | Размер: 108.5 Kb | Автор: arai
.
Сабақ тақырыбы: Озық ойлы дарындылар
Сабақ мақсаты: а) Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін толықтыру және бақылау; ә) пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту; б) өзара жарысы отырып ойларын жинақтай білуге, өз бетінше еңбектенуге, өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Видеорпроектор, слайдтар, жетондар, карточкалар.
Сабақ түрі: Топтық жарыс.
Сабақ әдісі: Сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
а) Оқушылармен, келген қонақтармен сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау; ә) Сынып оқушыларын топқа бөлу: 1-топ: «Қырандар». 2- топ: «Тұлпарлар». б) Мұғалімнің кіріспе сөзі.Сабақтың жоспарымен, ойын ережесімен таныстыру.
Жоспар :
1. «Тапқырлық» кезеңі. 2. «Кім жылдам?» кезеңі. 3. «Көкпар» кезеңі. 4. «Біліктілік» кезеңі. 5. Қорытынды.
Ойын ережесі:
Білімнің ұшқырлығын танып сен, Асып - тасып , қалыспа сен. Уақыт деген зымырап, зулап жатыр, Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста
керек екен – дей отырып ойынның 1-кезеңін бастаймыз.
1- кезең. «Тапқырлық» кезеңі.
Бұл кезеңде логикалық сұрақтар қойылады.жауап нақты әрі тез болуы керек.Қайсы топтың оқушысы бірінші болып бағалау жетонын көтерсе, сол оқушы бірінші болып жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
1- сұрақ. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар.Олардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша аяқ болады? (20)
2- сұрақ. Сыныпта 18 оқушы бар.Оның үштен бір бөлігі ұлдар.сыныпта қанша ұл, қанша қыз бар?
3- сұрақ. Екі бөлмеде 76 адам болған.олардың біреуінен 30 адам, ал екіншісінен 40 адам шығып кеткенде, бөлмелердегі адамдар саны бірдей болды.Алғашқыда әрбір бөлмеде неше адамнан болған? (33 және 43)
4- сұрақ. Бес алма бар.Келген бала алтау. Осы бес алманы 6 балаға тең етіп бөліп беру керек.бірақ, ешбір алманы алты не одан да көп бөлікке бөлуге болмайды.
5- сұрақ. Үш әке мен алты бала серуенге шықты.Олар 42 алма сатып алды.Бұлардың әрқайсысына 6 алмадан келді.Бұл қалай болғаны? ( 1 ата, 2 әке, 4 немере)
2- кезең. «Кім жылдам?» кезеңі.
Оқушылардың жылдамдық реакцияларын дамыту, сұрақтарға тез жауап беру.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.Егер бір команда дұрыс жауап бере алмаса, екінші оның орнына жауап беруге болады.
«Қырандар» тобына сұрақтар:
1. Төрт қабырғасы тең тіктөртбұрыш. 2. Түзудің екі нүктенің арасындағы бөлігі қалай аталады? 3. Түбір астындағы 225 саны нешеге тең? 4. Тең қабырғалы үшбұрыштың анықтамасы қалай айтылады? 6. х2 = 25 теңдеуінің түбірлері? 7. Төрт қойдың неше аяғы бар? 8. Қиылыспайтын түзулер? 9. Ромбының кіші диагоналы қабырғасына тең.Ромбының бұрыштары неше градустан болғаны? 10. Катет қандай үшбұрышта болады? 11. Үшбұрыштың орта сызығы?
«Тұлпарлар» тобына сұрақтар:
1. Төрт қабырғасы тең параллелограмм? 2. Жарты түзудің басқаша аты? 3. Гипотенуза қандай үшбұрышта болады? 4. Тең бүйірлі үшбұрыштың анықтамасы қалай айтылады? 5. Жеті тауықтың неше аяғы бар? 6. Түбір астындағы 196 нешеге тең? 7. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер? 8.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.