Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Озық ойлы оқушы -

Озық ойлы оқушы

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2042 | Размер: | Автор: гость
. Жургараева Гаухар Мураталиевна
№ 28 орта мектеп
Тараз қаласы

Сыныбы : Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы
Сабақтың мақсаты: 1) оқушыларды математика пәніне қызықтыру , білік , білім
дағдыларын қалптастыру.
2) Ой- өрісін дамыту , шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімін жетілдіру .
3) Тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ұжыммен жұмыс істей білуге баулу.
С/ типі: Аралас
С/ түрі: Математикалық тартыс.
С/ көрнекілігі: Үлестірмелі карточка , түрлі түсті қағаздар , сызғыш, қалам .
С/ сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ кіріспе сөз (мұғалім)
ІІІ сабақтың жоспары : 1. ,,Зымыран сұрақтар”
2. ,,Жұмбақ шешу”
3. ,,Танграм”
4. ,,Ғажайып сан” .
1. Зымыран сұрақтар.
1. Жүргізуші : Армысыздар ағайын
Бармысыздар бауырлар
Есенбісіз ұстаздар
Шаршамайтын қыз-жастар
Бәріңізге бір сәлем
,,Озық ойлы оқушы “ кешімізді бастайық .
2. Жүргізуші : Әділ-қазылар мен сайысқа қатысушылар мен танысайық
Білімнің ұшқырлығын танып сен
Асыл тасып ,асықпа , қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен
Ары қарай сайысымыздың “Зымыран сұрақтар” деп аталатын 1-ші кезеңін бастайық
1. 90о тан кіші бұрыш (сүйір)
2. 7 жай сан ба, құрама сан ба (жай)
3. ең кіші натурал сан ( 1 )
4. 120-Ц 50% -і (60)
5. 5- ке кері сан (1/5)
6. тәуліктің 4-тен бір бөлігі (6 сағат)
7. үшбұрыштың ішкі бұрышы (180)
8. табиғи жарық көзі (күн)
9. квадраттың қабырғасы 8 см , ауданы неге тең? (64 см2)
10. дөңгелектің радиусы 3,5 см диаметрі неге тең (7)
11. тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 9 см , периметрін тап (27)
12. тік бұрыш неше градусқа тең(90)
13. кері сандардың көбейтіндісі неге тең(1)
14. 6 мен 4 санының ең кіші ортақ еселігі (12)
15. Орта Азия, ежелгі грек ,н/е атақты математиктер (Әл-Фараби,Әл-Бируни, Әл-Хорезми, Аристотель, Пифагор, Гаусс,Евклид)
2-бөлім
2. 1 жүргізуші: Қиындықтан қашпаймыз
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиалдарға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
Ары қарай сайысымыздың ”жұмбақ шешің” деп аталатын 2 кезеңін бастаймыз

1. Алтын терек
12 Бұтақ
365 жапырақ (жыл ,ай , тәулік)
2. Біз санбыз сызықпен бөлінген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық болып көрінген дұрыс ,бұрыс аралас
Ондық болып бөлінген (бөлшек сан)
3.бір-бірімен жарысқан төрт аю , бір арыстан
Үкі қоймен бір түлкі
Барі неше кім біледі (8)
4.нәрселерді санағанда
керек ол бізге ауадай
айтыңдаршы бұл қандай сан
жан-жағыңа қарамай (натурал)
5.алпыс төрт тең бөлмеде
32 тұрғын бар
Ақ қара ғып бөлгенде
Бірін –бірі қуғандар
Ханы үшін ,жаны үшін
Бермейді олар намысын (шахмат)
6.әкем жашік құрады
Үш өлшемнен тұрады(параллелепипед)
3-бөлім “Математика ақыл- ойдың гимнастикасы”
демекші танграм ойыны н/е бас қатыру есебі.
Танграм-ерте заманғы Қытайдың бас қатыру есебі
Квадрат берілген, ол жеті бөлікке бөлінген олардан әр түрлі фигура құрастыру керек.

4.бөлім
Жүргізуші :
Сайыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпаң -дей отырып
Сайсыиыздың “ғажайып есеп ” деп
Аталатын келесі кезеңіне көшейік
50 ұпайлық :
1. Жолдас 3 баланың жастарының қосындысы 29ға тең. 5жылдан соң олардың жастары бірге алғанда қанша болады (44)
2. Шахмат турниріне 7 адам қатысқан әр біреу әр қайсымен бір партиядан ойнайды партиялардың барлығы қанша(21)
40 Ұпайлы
1. Үш бес саны мен амлды пайдаланып 0 санын жазыңыз (5-5)5=0
2. Ұзындығы 135 см сымды біріншісі екінші бөлігінен екі есе ұзын етіп екіге бөлінген әр бөлігінің ұзындығы қанша? (45 , 90)
30 ұпайлық : 1. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1сағат 20 мин ұшады ,ал кері 80 мин ұшады .
бұл айырмашылықты қалай түсіндіресің (екеуі тең)
2. үш ат жегілген шана 1 сағатта км жүріп өткен , әрбір аттың жылдамдығы қандай?

IV. Қорытындылау.
V. Марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.