Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Пропорцияның көмегімен санның пайызын табу -

Пропорцияның көмегімен санның пайызын табу

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3264 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ақмола облысы Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын)
дарынды балаларға арналған
№ 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты
Жаксыбергенова Багдат Кайратовна,
математика пәнінің мұғалімі


Пән: математика
Сынып: 6
Сабақ тақырыбы: Пропорцияның көмегімен санның пайызын табу
Сабақтың мақсаты: Берілген санның процентін таба білу дағдыларын бекіту;
Міндеттері:
• Білімділік – Оқушыларды санның пайызын табуға үйрету;білімдерін, дағдыларын пысықтау
• Дамытушылық – Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу;
• Тәрбиелік – Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдау білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Біліктілік пен дағдыны қалыптастыру , бекіту сабағы
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, ойын, интерактивті, деңгейлеп оқыту
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар , карточкалар, кесте
Сабақтың құрылымы:
1. Оқушылық деңгей (ауызша сұрақтар)
2.Алгоритмдік деңгей (шағын тест)
3.Шығармашылық деңгей (оқулықпен жұмыс)
4.Эвристикалық деңгей («Ойлан,тап!»)
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, сабаққа дайынсыңдар ма? Жақсы, отырамыз. Кезекші, сыныптағы оқушы түгел ме?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 3-слайд
- Үйге қандай тапсырма берілді? Қанекей осы тапсырмаларды ауызша тексеріп жіберейік.

№189

1)10кг – 100%
Хкг - 75%
10:х=100:75
Х=10*75:100
Х=7,5

2)50кг – 100%
Хкг - 75%
50:х=100:75
Х=50*75:100
Х=37,5

III.Оқушылық деңгей (Ауызша сұрақтар) 4-слайд
1. Процент деп нені айтамыз?
2. Қандай шамалар процентпен өрнектеледі?
3. Берілген санның процентін қалай табамыз?
4. Процентті бөлшекпен қалай өрнектеміз?
5.Шамалардың тура пропорционалдығы.
6. Шамалардың кері пропорционалдығы.
IV.Алгоритмдік деңгей (Шағын тест) 5-слайд
1. 56 санының 25% табыңыз.
Жауабы: 14
2. 45 санының 30% табыңыз.
Жауабы: 13,5
3. 65 санының 40% табыңыз.
Жауабы: 26
4. Бүлдіргеннің 6% құмшекер болады. 27 кг бүлдіргеннің неше құмшекер болады. /1,26 кг/
5. Үш бала орманда 200 саңырауқұлақ тауып алды. Сабыр барлық саңырауқұлақтардың 40%-ін, Марат Сабырдың тапқанының 25%-ін, ал Тимур қалғанын тауып алды. Тимурдың тауып алған саңырауқұлақтар санын табыңыз. /100/
V.Эвристикалық деңгей. («Ойлан,тап!" ойыны)
6-слайд

VI. Шығармашылық деңгей.
«Мақсатқа жету » ойынын ойнаймыз. 7-слайд .

Дәрігер Мұғалім Аспазшы Ғарышкер

Шаштараз Құрылысшы Сәулетші Дизайнер

Ұшқыш Программист Инженер Полиция қызметкері

Тақтаға қарасаңдар әр түрлі мамандықтар суреттері ілулі тұр. Әрбір суреттің артында есеп жасырылған. Қанекей кезекпен шығып, тапсырмаларын орындайық.
(9 карточкадағы 9 есепті тақтада оқушылар орындайды)

1.900 санының 12%-ін табыңыз.
Жауабы: 108
2. санының 25%-ін табыңыз.
Жауабы:
3. км-дің 30%-ін табыңыз.
Жауабы: 2
4. кг-ның 25%-ін табыңыз.
Жауабы:
5.Райхан 145 санын 60%-ке арттырып, оның 25%-ін есептеп тапты. Райхан қайдан
санды есептен тапты?
Жауабы: 58
6. Автомобиль бөліктеріне жарамды болаттың құрамында 3,4% никель бар. 2,2 тонна болаттың құрамындағы никельдің массасын табыңыз.
Жауабы: 0,0748 т
7. Мыс, мырыш және қалайы қорытпасының салмағы 42 кг. Мырыштың салмағы барлық қорытпаның салмағының 15%-ін, ал қалайының салмағы мырыш салмағының -ін құрайды. Берілген қорытпадағы мыстың салмағын табыңыз.
Жауабы: 34,65 кг
8. Автомобиль багының сыйымдылығы 40 л бензин. Жол жүрудің алдында бак 80%-ке толтырылды. Бензиннің 25%-ін жолға жұмсалды. Сонда қанша бензин қалды?
Жауабы: 24 л
9. Аквариумның сіне су құйылған, оның неше процентіне су құйылған.
Жауабы: 70%
Демек, балалар, белгілі бір маман иесі болу үшін біздің біліміміз терең болуы керек және оған көп дайындалу қажет.
Қалған оқушылар үшін: (оқулықпен жұмыс). 8-слайд.
№191,193,195(дәптерде)
Қорытындылау: Не білеміз? Не білдік?Не білгіміз келеді? Бағалау.
9-слайд.
VII.Үйге тапсырма 1)№192,194,196 10 -слайд.
2)Пайыздың шығуы жайлы тарихи дерек дайындап әкелу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.