.
.
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту Рационал сандарды көбейту
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1953 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал сандарды көбейтіп, көбейтіндіні табуды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өздігінен ойлау және есеп шығару икемділіктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, нақтылыққа, көпшілікпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың әдісі: топпен және жеке жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парағы
Білімге жетелейтін үш жол бар:
Еліктеу жолы- ең жеңіл жол,
Ойлау жолы- ең игілікті жол,
Тәжірибе жолы-ең қиын ащы жол.
Конфуций
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту, «Өзін-өзі бағалау парағын» тарату, оқушылар 4 топқа бөлінеді.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Интерактивті тақтада шешімі көрсетіледі, сол бойынша оқушылар өзара дәптерлерін тексереді. Дұрыс есепке 2 балл, жартылай дұрыс есепке 1 балл, қате есепке 0 балл қойылады.
ІІІ Жаңа сабақ
1) Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту
(-)∙(+)=(-), (+)∙(-)=(-)
Мысал: (-4)∙3=-12 -0,35∙6=-2,1 )=-
2) Таңбалары бірдей екі санды көбейту
(-)∙(-)=(+), (+)∙(+)=(+)
Мысал: (-0,2)∙(-1,5)=0,3 (- )∙(- )= =0,1
3) Көбейткіштер саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткііштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан болады:
(-8)∙(-3)∙(-2)∙(-0,5)=24
4) Көбейткіштер саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткііштер саны тақ болса, көбейтінді теріс сан болады:
-2∙(-3)∙(-7)=-42
а∙0=0, а-рационал сан
ІVБекіту. Оқулықпен жұмыс
№522 ауызша
№523
І топ (1,2,3) ІІ топ (4,5,6) ІІІ топ(7,8,9) ІV топ(10,11,12)
-15∙(-6) =90 -27∙0 =0 11∙(-0,5) =-5,5 -0,3∙(-40) =12
2∙(-35) =-70 -24∙(-9) =-216 -2,8∙(-4) =11,2 -99∙0,1 =-9,9
-12∙(-7) =84 -0,8∙6 =-4,8 -100∙0,81 =-81 -100∙(-1) =100
Тақтаға әр топтан бір оқушы шығады, есепті тақтадан өздері тексереді. Бәрі дұрыс болса 3 балл, екеуі дұрыс болса 2 балл, біреуі дұрыс болса 1 балл қояды.
V а)Семантикалық карта(топтық жұмыс)
р/с а в а∙в=-30,6 а∙в=-100 а∙в=1,14 а∙в=-0,2 а∙в=-
а∙в=-12,3
1 -
+
2 -1,5 8,2
+
3 5,1 -6 +
4 -1,9 -0,6 +
5 0,4 -
+
6 -25 4
+
Cемантикалық картаны өзара тексеріп, барлығы дұрыс болса 2 балл, жартылай дұрыс болса 1 балл қойылады.
ә) Жеке жұмыс (тақтаға 4 оқушы шығады)
Өрнекті ықшамдап алып, мәнін табыңдар:
1) 0,2∙(а+6)-11, мұндағы а=-7
0,2∙(а+6)-11=0,2a+1,2-11=0,2a-9,8=0,2∙(-7)-9,8=-1,4-9,8=-11,2
2) -3∙(2b-5)-1,8 мұндағы b=1,5
-3∙(2b-5)-1,8=-6b+15-1,8=-6b+13,2=-6∙1,5+13,2=-9+13,2=4.2
3) -5,1+9(-c-4), мұндағы c=-2
-5,1+9(-c-4)=-5,1-9c-36=-41,1-9c=-41,1-9∙(-2)=-41,1+18=-23,1
4) 6∙(d-2 )+17 мұндағы d=-0,5
6∙(d-2 )+17=6d-6 ∙∙ +17=6d-14+17=6d+3=6∙(-0,5)+3=-3+3=0
Әр оқушы өзін-өзі бағалайды. Дұрыс шығарса 2 балл, қатесі болса 1 балл қойылады.
VI Ойланайық (Слайд арқылы көрсетіледі)
Соған қатысты тарихи мәлімет
VIІ ғасырда өмір сүрген үнді математигі Брахмагупта оң сандарды «мүлік», теріс сандарды «қарыз» түсінігімен байланыстырған. Теріс сандарды қосу және азайту ережелерін былай айтқан: «екі мүліктің қосындысы мүлік», «екі қарыздың қосындысы қарыз». Сонымен бірге ежелгі ережелер де бар.
ЕЖЕЛГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1) Менің досымның досы-менің досым (+Х)∙(+Х)=(+Х)
2) Менің дұшпанымның досы-менің дұшпаным (-Х)∙(+Х)=(-Х)
3) Менің досымның дұшпаны-менің дұшпаным (+Х)∙(-Х)=(-Х)
4) Менің дұшпанымның дұшпаны-менің досым (-Х)∙(-Х)=(+Х)
VIІ Сергіту сәті . Логикалық есеп
Бұл ойында 1-6 цифрларын қолдану арқылы, қай бағытта санаса да, 9 санын шығару керек.
VIІІ Оқулықпен жұмыс
№526
І топ (1,5) ІІ топ (2,6)
=(-11)∙(-11)=121 =(-0,7)∙(-0,7)=0,49
=(-0,2)∙(-0,2)∙(-0,2)=-0,008 =-
ІІІ топ(3,8) ІV топ(4,7)
= =-64
-1=0,81-1=-0,19 +97=100+97=197
IX Графикалық диктант Иә «-», жоқ «^»
1. + .Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең
2. – .0 саны натурал сандар жиынына тиісті
3. +. Екі теріс санның қосындысы- теріс сан
4. +. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі- теріс сан
5. -. Кез келген теріс сан нөлден үлкен
6. +. Оң санның модулі сол санның өзіне тең
7. +. Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан болады
8. -. Теріс санның модулі сол санның өзіне тең
9. +. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі- оң сан
10. -. Кез келген теріс сан оң саннан үлкен
Х Үйге тапсырма беру
1. Аукцион «Мен-сатушымын, сендер –игілікті сатып алушыларсыз»
«5» «4» «3»
№538; 547 №524; 538(1-3) №524(1-4); 525
2.Ережелерді қайталаймыз п. 3.4
Сабақты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылау
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп білім алып, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екендігін ұмытпа»
ХІ Оқушылардың білімін бағалау (өздері бағалайды)
Өзін-өзі бағалау парағы
Р/с Сабақтың кезеңдері балл
1 Үй тапсырмасы 0-2б.
2 №522 ауызша 1б.
3 №523 0-3 б.
4 А) Семантикалық карта 0-2 б.
Ә) Деңгейлік тапсырмалар 0-2 б.
5 Ойланайық 1 б.
6 Логикалық есеп 1 б.
7 №526 0-2 б.
8 Графикалық диктант 0-10 б.
Қорытынды балл
«5»- 17-20 балл
«4»- 12-16 балл
«3»- 6-11 балл
«2»- 0-5 балл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.